Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі

31 қазан 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы,
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп»
Бастауыш сынып мұғалімі Алимова Ильмира Абдуллаевна

Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке - даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр. Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Білім және ғылым қызметкерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр»- дегенін естен шығармауымыз керек Жаңа ғасыр ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс - тәжірибелерімізге, бай мұраларымызға
талдау жасалынып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып, нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу - өмір талабы «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең соны орасың»- дейді қазақ нақылы. Замана ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, еліміздің барынша қабілетті елу елдің қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі болашағы - жастарға білім мен тәрбие беретін - мектеп болады. Қазақтың дарынды ұстазы А. Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек.»- деген екен. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Бүгінгі бастауыш сынып балаларына арналған жаңа буын оқулықтары жаңаша оқытуды, баланың оқуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді. Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі - сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат - оқушылардың ой - өрісін жан - жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Ал баланы жан - жақты дамыту дегеніміз оның тек дене бітімі жағынан өсіп жетілуі емес, сондай - ақ жан дүниесінің байып, рухани өсу қабілеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі парасаттылық ой мен көзқарастарынан қалыптасады. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыру оқушылардың санасына әсері зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлейді, сүйеді. Мұндай қасиеттерді қалыптастыру бастауыш сынып табалдырығында жүзеге аспақ. Қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылады. Атап айтқанда:
1. Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану
5. Талатты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 088
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Талап терең, сенім зор, мәртебе биік, бедел асқақ болуы қажет.
Талап терең, сенім зор, мәртебе биік, бедел асқақ болуы қажет.
Жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп тәуелсіз Қазақстанның болашақ білікті де білімді азаматтарын тәрбиелеп отырған білім ошағындағы мұғалімдер - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы аса маңызды тұлға, ерекше талапқа ие, халықтың зор сенімін арқалаған арнайы
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беруге көшу: 1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды; 2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды; 3. Жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×