Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық дидактикалық ойындар

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Түсініктеме
Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың математика пәнін жете меңгеріп, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бағдарлама белгілі бір оқу жылына сәйкестендірілген және тақырыптар бойынша жүйеленген.
Бағдарламада мектеп оқулығындағы орындалуы міндетті болып саналмайтын дамытуға бағытталған стандартты емес жаттығулар келтірілген.
Бағдарламалық материал оқушылардың өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылар қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.
Курстық оқу жоспарындағы 3 сыныпқа жалпы - 34 сағат (жыл бойы) бөлінген.
Дидактикалық материалдарды математика сабағында пайдаланудың мақсаты мен міндеттері
- Оқушылардың математикаға деген ынтасын арттыру
- Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
- Шығармашылық дағдыларын қалыптастыру
- Өз бетінше есеп шығаруға машықтандыру
- Оқушылардың математикалық қабілетін анықтап, оны дамыту
- Оқушылардың математикалық білімін тереңдету

Санамақтар
Қалмау үшін ашығып
Қысқы азығын кеш қамдап,
Қамбасына тасыды
БІР,
ЕКІ,
ҮШ,
ТӨРТ,
БЕС жаңғақ.

Ұйқыдан ол асылы
Көрген емес кеш өріп.
Бүгін тағы тасыды
БІР,
ЕКІ,
ҮШ,
ТӨРТ,
БЕС өрік.

Ал, ал...
Біздің Қанат па?
Қайта - қайта есінеп,
Алды ескерту сабақта
БІР,
ЕКІ,
ҮШ, ТӨРТ,
БЕС рет.
ҚОШАҚАНДЫ ҚАЙРАУ
Қызыл - жасыл даланы
Кезгін келсе шамалы,
Татқың келсе басқа дәм,
Қошақаным, бас қадам

Оңға қарай БІР атта –
Бас қоясың бұлаққа.
Солға қарай БІР атта –
Тойындасың құрыққа.

БІР,
ЕКІ,
ҮШ,
ТӨРТ атта,
Жүгір,
Секір,
жортақта.
Тамақ өзі келмейді
үйден шықпас қорқаққа.

ОН - ОТАНЫҢ АРДАҚТЫ,
Он - Отаның ардақты,
Ол - қорғаның салмақты.
Сені ақылды болар деп,
Бар тілегін арнапты.

БІР ДЕГЕНІМ - БЕЛІН,
Бір дегенім - белін,
Екі дегенім - егін,
Үш дегенім - үкі,
Төрт дегенім - төл,
Бес дегенім - бекіре,
Алты дегенім - адам,
Жеті дегенім - жеміс,
Сегіз дегенім - сең,
Тоғыз дегенім - тоң,
Он дегенім - оң,
Он бір болады одан соң.

ЖЕТІ - ТУҒАН ЖЕРІМІЗ,
Жеті - туған жеріміз,
Біз - туған жер төліміз.
Жиі барсақ ауылға,
Тола түсер кеміміз.

ЕКІ ДЕГЕНІМ - ЕЛІМ,
Екі дегенім - елім,
Атамекен жерім.
Ол - өзен, көл, кең дала,
Ол - тауларым менің.

ОНҒА ДЕЙІН САНАЙЫҚ!
Қолға қалам алайын,
Қанша сан бар жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды
Қайта - қайта санайық.
О
Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
6 - 7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі - дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің енгізілуі өзіндік ерекшелік болып табылады
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×