Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар

01 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Түрі: Топтық сайыс

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)
2. Кіріспе бөлім.
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда, ойынымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Бөлімдермен таныстырып өтейін:
1кезең - Таныстыру
2кезең -"Жүйрік болсаң, озып көр"
3кезең -"Даналардан щыққан сөз"
4кезең -"Әрі қысқа, әрі нұсқа"
5кезең -"Біліміңді шыңда"
6кезең -"Жеті жұрттың тілін біл"
7 - кезең -"мақал - сөз атасы"

Әр пәннің сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ - қазылар алқасымен танысып өтейік.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді
Білімдінің сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт - сапар енді тілейін!

І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 8 оқушыдан қатысады)
1топ «Алғырлар»
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
2-топ. «Тапқырлар»
Ұраны: Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ – кезең: «Жүйрік болсаң, озып көр».
Нұсқау: Әр топқа берілген жиырма лездік сұрақтарға жауап беру.

ІІІ – кезең: «Даналардан шыққан сөз».
Нұсқау: Ғұлама жазушылардың қанатты сөздердің авторын табу.
ІV - кезең: «Әрі қысқа, әрі нұсқа».
Нұсқау: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше бір сөзбен
қысқаша айту керек.

V – кезең: «Біліміңді шыңда».
Нұсқау: Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.
1. Мысықтың 5 тырнағы, ал балапанның 2 тырнағы бар. Ауладағы мысықтар мен балапандардың бастарын қосса 10 болады, ал аяқтарын қосса 104. Аулада неше мысық және балапан бар?
2. Ерте заманда бір адамға қасқыр, қой және бір бау шөпті бірін - біріне жегізбей, судан алып өту қажет болған. Судың жағасында бір ғана қайық бар және қайыққа әлгі адам өзімен бірге бір ғана орынға не қасқырды, не қойды
немесе бір бау шөпті алып өте алады. Сонда әлгі адам бір - бірлеп қандай әдіспен үшеуін судың екінші жағына алып өте алады?
3. Отбасында 10 бала бар. Ең үлкен бала 20 жаста, ал әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала неше жаста?

Көрермендермен жұмыс.
«Қанағаттанарлық» деген сөзден бірнеше сөз жазу керек.

VI – кезең: «Жеті жұрттың тілін біл».
Нұсқау: Жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын табу және оны қазақ және орыс тілінде айту керек.

VII - кезең: «Мақал – сөз атасы».
Нұсқау: Әр топқа қойылған 10 сұраққа мақалмен жауап беру. Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады? Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады.

Сонымен оқушылар сайыстың ақ пен қарасын шешетін кезеңде келіп жетті. Жеңіске жеткен топты білу үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Олай болса, ұщқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырыңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсіңдер демекпін. Өздеріңнің құрбыларың әдемі биден шашуын тамашалайық.
Келесі кездескенше аман болайық!
18 386
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зерде танымдық ойын
Зерде танымдық ойын
Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, дағдыларын жетілдіру. Дидактикалық, логикалық т. б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу.
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада Ибадуллақызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×