Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлтымыздың мақтанышы

02 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Ұлтымыздың мақтанышы»
Мақсаты:
1) Оқушыларды М. Сералиннің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру;
2) Оқушылардың шығармашылығын, танымдық қызығушылығын, байланыстырып сөйлеу, өз пікірін қорғай алу дағдыларын, ұжымда біріге отырып әрекет жасай білу қабілеттерін дамыту;
3) Балаларды білім құмарлыққа, қоғам қайраткерлерінің қызметін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру.
Формасы: саяхат сабағы.
Әдістері: баяндама, иллюстрация, іскерлік ойыны, топтық жұмыс, әңгімелесі.
Көрнекілігі: М. Сералиннің портреті мен фотосуреттері, буклет, мақалалары, қима қағаздар, сандықша, пошта жәшігі, магнитофон.

Кезеңдері
Өту барысы
І. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі Білім күнімен барлықтарыңды құттықтаймын. Бүгін біздің сабағымыз ерекше өтеді. Біз мұражайға саяхатқа барамыз.
«Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!»
Сабағымыз жақсы көңіл - күйде өтуі үшін «Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!» атты ойынын өткізейік. Менің қолымдағы қоңырауды қазір кезектеріңмен қолға алып, достарыңа тілектер тілей отыра келесі балаға беріледі. Ең соңында мұғалім өзі тілек тілеп, ойынды қорытындылайды.

ІІ. Кіріспе.
Бүгін біз «Ауылымыздың мақтанышы – М. Сералиннің» өмірбаянымен және шығармашылығымен таныс боламыз. Жазушының портреті көрсетіліп, өмірбаянын буклет бойынша мұғалім баяндап өтеді.

ІІІ. Негізгі бөлім.
Баяндама
Көрнекті жазушы, білікті журналист, қоғам қайраткері Мұқамеджан Сералин 1872 жылы біздің облысымыздың қазіргі Қарабалық ауданында біздің ауыл Өрнекте туып, 1929 жылы осында қайтыс болды. Оның әкесі Серәлі хат танитын, көзі ашық, өлеңді жазып та, ауызша да айтатын ақын адам болған екен. Мұқамеджан 3 - 4 жасқа келгенде әкесі қайтыс болады. Тұрмыс қиыншылығын көрген шешесі балаларымен Троицкідегі төркіне көшіп барады. Бұл жерде де жоқшылықтың зардабын тарта жүріп, Мұқамеджан 8 жасында Тройцкідегі медресеге оқуға түсіп, 1891 жылы Қостанайдағы екісыныптық – орыс - татар мектебін бітірді. 1911 жылы Троцкіде «Айқап» журналын шығарды. Оның «Топжарған», «Гүлкәшима» поэмалары да, басқа да әңгіме, өлеңдері, «Айқапта», басқа да баспа сөз беттерінда жаряланады. Ол өзінің мақалаларында Ы. Алтынсариннің идеяларын қолдаған. ал 1919 жылы Орынборда «Ұшқын» газетінің редакциясында жұмыс істеп, одан соң басқа да көптеген журнал - газеттерде жұмыс істеді.
М. Сералин қазақ даласын, қазақ жұртының өмір - тіршілігін өз көзімен көріп, сол туралы өз еңбектерінде көп жазған. Ол көптеген мақалаларды өзі жұмыс істеген журнал - газеттерден жариялаған. Оның «Айқап» газетінде жазылған Ескі жыр», «Диқаншылық», «Қостанай уезінен», «Жер әңгімесі» сияқты мақалалары бар.

«Сиқырлы сандықша»
Ал енді бүгінгі саяхаттан алған білім, мәліметтерімізді еске түсіру үшін «Сиқырлы сандықша» ойынын ойнаймыз. Сандықшаның ішіндегі қима қағаздарды алып, сөйлемдегі көпнүктенің орнына дұрыс сөзді тауып қоямыз.
Сұрақтары:
1. М. Сералин... дүниеге келген. (1872ж.)
2. Мұқамеджанның әкесінің аты –... (Серәлі)
3. Мұқамеджан 8 жасында... медреседе оқып түседі.
4. М. Сералиннің... атты поэмалары бар. («Топжарған», «Гүлкәшима»)
5. 1911 жылы Троицкіде... журналын шығарды. («Айқап»)
6. Ол өз мақалаларында... идеяларын қолдаған.

Қосымша мәлімет
М. Сералин Өрнек ауылында қазақ балалары үшін мектеп ашқан. Осы мектептің негізінде бүгінгі бәрімізге таныс мектеп тұрғызылған.

«Жас талант» іскерлік ойыны
Балалар, сендер газет - журналдар оқисыңдар ма? Қандай газеттер оқып жүрсіңдер? Ал осы газеттерді кімдер жазатынын білесіңдер ме?
Ендеше қазір «Жас талант» ойынын өткіземіз. Ол үшін екі топқа, дәлірек айтсақ, екі баспаханаға бөлініп, өз газетімізді шығарамыз.
- Әр топ өз газетінің атын қояды.
- М. Сералин туралы мақала жазу қажет. (Бүгінгі естіген - оқығандарын пайдаланады, балаларға ақынның фотосуреті беріледі).
ІҮ. Қорытынды

- Бір бала шығып тобымен жасаған газеттерін қорғайды.
Сонымен М. Сералин туралы көп білдік пе?
Біздің ауылымыз үшін қосқан үлесі зор болды. Сондықтан Мұқамеджан атамызға хат жазуға қалай қарайсыңдар.
Балаларға парақтар таратылады. Осы парақтарға әр бала М. Сералинге арналған алғыстары мен тілектерін, өз пікірлері мен көзқарастарын жазып, пошта жәшігіне тасталады. Ал кейінгі уақытта М. Сералиннің зиратына саяхат жасалатыны және осы хаттар сонда апарылатыны ескертіледі.
8 189
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар! (11 - сынып оқушылары мектеп алдына 1 - сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі
Қош, бастауыш мектеп!
Қош, бастауыш мектеп!
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қитуова Мария Маратқызы
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Алматы облысы, Сарқан ауданы, К.Ушинский атындағы орта мектебінің мұғалімі Иманбаева Әсел Ануарбекқызы
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×