Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі

11 қазан 2015, Жексенбі
Категориясы: Биология
№ 4 Мәртөк орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Кужекова Орунгуль Рахметовна

Ашық сабақ 8 класс
Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі.
Зертханалық жұмыс №13. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ас қорыту мүшелерінің құрылысымен, қызметімен таныстыру және олардың білім деңгейін жетілдіру. Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы, қызметі, күтімі және сілекейдің бөлінуі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Ауыз қуысында астың қорытылу үрдісін қарастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өздігінен оқып, ой - өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: Ауыз қуысының гигиеналық талабы, тіс күтіміне көңіл бөлу.
Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Ауыз қуысында астың қорытылуына алкоголь мен темекі шегудің әсерін түсіндіру. Тамақ ішуде, оның сапасын, сақталу мерзімін бақылауға үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: «Кубизм» әдісі, сәйкестендіру тесті, раунд - робин әдісі, ойын.
Сабақтың көркемділігі: Интерактивті тақта, слайд, оқулық, плакаттар
Ауыз қуысында тістердің орналасуы. Тістің құрылысы. Сілекей бездері, зертханалық жұмысқа керекті құрал - жабдықтар.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезең
а) амандасу, танысу, топқа бөлу
б) оқушыларды түгендеу
в) сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру: «Мүшені тап» 3 топқа суреттер таратылады. Сол бойынша оқушылар үй тапсырмасын түсіндіреді.

ІІІ кезең. Раунд - робин әдісі. Бұл кезеңде әр топтан бір оқушы үй тапсырмасы
бойынша бір сөйлеммен өз түсініктерін айтады.

IV. «Бауыр кімге бұйырады?» Сергіту кезеңі

V. Жаңа сабақ: «Кубизм әдісі» бойынша әр топқа тақырып беріледі. Жаңа материал интерактивті тақтамен, көрнекіліктермен түсіндіріледі.

1. Суреттеңіз. I топ а) Тістің құрылысы, қызметі
2. Салыстырыңыз. II топ
ә) Сілекейдің құрамы мен түрлері:
1. Птиалин
2. Лизоцим
3. Зерттеңіз. III топ
б) Сілекей бездерінің іс - әрекетін зерттеу.
№13. Зертханалық жұмыс. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсерін зерттеу

1. Суреттеңіз. I топ
Ауыз қуысына түскен тағамды тістер майдалайды, ұнтақтайды, сілекеймен дымдайды, тіл арқылы қозғайды. Тағам тіл түбіріне ауысқанда жұту рефлексі пайда болады.
Тістер пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, ит тіс, үлкен және кіші азу тістер деп ажыратылады. Адамның тісінің жалпы саны - 32. Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектің әрбір жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кішкентай және 3 үлкен азу тістер орналасқан. Сүт тістер саны – 20. Олардың алмасуы 6 - 7 жаста басталып, 15 жасқа келгенде аяқталады.
Ауыз қуысында тістердің орналасуы
Тістің құрылысы

2. Салыстырыңыз. II топ
Сілекей бездерінде сілекей түзіледі. Адамда үш жұп (шықшыт, жақ асты, тіл асты) бездері және микроскопиялық ұсақ бездер бар.

Сілекей бездері
3. Зерттеңіз. III топ
Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады. Сілекей ауыздағы тағам түскенде ғана емес, тағамды көргенде де бөлінеді. Бұл да рефлекс, бірақ ерекше рефлекс. И. П. Павлов оны шартты рефлекс деп атады. Сілекейдің шартты рефлексті бөлінуі тағам түрі, иісі немесе тәтті тағам туралы әңгіме тамақ ішумен сәйкес келгенде жүзеге асырылады.

Зертханалық жұмыс №13. Крахмалға сілекейдің әсері.
Мақсаты: сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.
Керекті құрал - жабдықтар: крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар ыдыс, басына мақта оралған сіріңке.
Барысы:
• Сіріңкедегі мақтаны сілекейге батырып алып, крахмалданған дәке ортасына әріп жазыңдар.
• Дәкені алақандарыңа алып, 2 - 3 минут қысып, содан кейін йод ерітіндісіне салыңдар.
• Дәкенің қалай боялғанын бақылаңдар.

VI. Жаңа сабақты бекіту: «ЗЕРДЕЛЕ» СӘЙКЕСТІК ТЕСТІ
VII. «Сандар сыры» - бұл кезеңде оқушылар сандардың қандай мағына беретінің түсіңдіреді.
VIII. Бағалау
Үй тапсырмасы: § 44. Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі.
№13. Зертханалық жұмысты қорытындылау

Кесте толтыру: Тістің құрылысы

Қорытынды: Қоштаспас бұрын, кішкене құпия. Тілдеріңізбен таңдайларыңызды сипаңдар, көлденең жолақтар байқала ма, бұл - таңдай қатпары - дамымай қалған тіс қатары. Білсеңіздер барлық сүтқоректілердің ұрықтық дамуында әртүрлі қатарға тістер салынған мен, тек бір қатары ғана дамиды. Бүгінгі асқорыту жүйеміздің негізгі мүшесі – не? (әрине тіс)
7 168
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Оқушыларға ас қорытудың маңызын ұғындыру. Ауыз қуысының құрылысы, шайнау әрекеті, тістің құрылысы, сілекей бездері және тілдің құрылысы, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру.
Ас қорыту
Ас қорыту
Оқушылардың ас қорыту мүшелерінің құрылысы, қызметі, жалпы маңызы жайлы алған білім, білік дағдыларын, биологиялық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қалыптастыру.
Астың ауыз қуысында қорытылуы
Астың ауыз қуысында қорытылуы
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
Қарындағы астың қорытылуы
Қарындағы астың қорытылуы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42"Ақ ниет"гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Каберова Замзагуль Файзуллиновна
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ақтау қаласы №14 орта мектептің биология пәні мұғалімі Р. Д. Досаева
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×