Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу

18 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
"№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - нің
биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна

Тақырыбы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.

Мақсаты: 1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, жұқпалы аурулар
олардың белгілері мен сақтандыру шаралары туралы түсінік беру.
2. Салауатты өмір негізінде бөлімдерін жетілдіру, гигиеналық талаптарды орындауға санитарлық шараларды сақтауға баулу.
3. Оқушыларға адам құндылығының дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулу.
Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Өкпенің суреті, сызба нұсқалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Түгелдеу
II. Үй тапсырмасын сұрау
Тест
III. Жаңа материалды түсіндіру
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз – адам терең дем алып, терең дем шығарғандығы ауаның ең көп мөлшерін айтады.
ӨТС 3 бөліктен тұрады.
Адам тыныштық қалыпта әрбір дем алғанда және дем шығарғанда 500 мл ауа жұтады, әрі шығарады. Бұл тыныс алу көлемі деп аталады. Адам сонымен қатар терең тыныс алғанда 1500 мл ауа жұтылады. Бұл қосымша тыныс алу көлемі деп аталады. Адам терең дем шығарғанда 1500 мл ауа шығарылады. Бұл тыныс шығарудың қосымша көлемі деп аталады. Осы құрамды бөліктен өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады. Тыныс алу көлемі 500+ қосымша тыныс алу көлемі 1500+ тыныс шығарудың қосымша көлемі 1500=ӨТС 3500 мл. ӨТС арнайы спиромерт деген құралмен өлшейді.
Туберкулез жұқпалы ауру. Туберкулезді тудырушы бактерия. Бұл бактерияны неміс ғалымы Роберт Кох ашқан. Бұл бактерияны Кохтың таяқшасы деп атайды. Бұл аурумен көбінесе әлеуметтік жағдайы нашар, ауыр еңбекпен айналысатын адамдар ауырады. Туберкулездің екі түрі болады:
Ашық түрі – жұқпалы
Жабық түрі – жұқпайтын.
Туберкулез таяқшасы суыққа төзімді. Лас жерлерде 4 айға дейін, қараңғы жерде 1 айға дейін өлмейді. Тірі организмдерде жақсы өсіп - өнеді. Қазақстан дүниежүзі бойынша алдыңғы орында. Бұл ауру қазіргі кездегі өзекті мәселе. Қарағанды облысы бойынша Жезқазған I орында. Біздің өңіріміздегі адамдардың 90 - 95% өкпе туберкулезімен ауырады екен. Туберкулез ауа арқылы адамның пайдаланған заттары арқылы, жөтелгенде, сөйлескенде жұғады.

Туберкулез ауруы

Тудырушы – бактерия. Бұл бактерияны ашқан 1882 жылы Р. Кох. Сондықтан бұл бактерияны Кохтың таяқшасы деп атайды.

Туберкулез таяқшасы өте төзімдік – лас суларда, ауру адамның пайдаланған заттарында, лас жерлерде ұзақ уақыт сақталады.
Күн көзіне, қайнатқанда, хлорамин ерітіндісінен тез жойылады.

Жұғу жолдары:
- ауа арқылы;
- ауру адамның пайдаланған заттары арқылы, жөтелгенде;
- сөйлескенде, т. б;

Зақымданатын мүше – өкпе

- Әлсіз организмде:
- сүйек, буын;
- ас қорыту мүшесі;
- тері, көз, ми зақымдануы мүмкін;

Аурудың белгісі:
- температураның көтерілуі, түнде терлеу;
- әлсіздіктің пайда болуы, жөтел;
- қақырықта қанның пайда болуы.

Сақтану жолдары:
- жеке бас гигиенасын сақтау;
- ауру адаммен байланыс жасағанда сақ болу;
- Бөлме, үй айналасын т. б. таза ұстау;
- Дұрыс тамақтану;
- Егер ауру белгісі байқалса, ерте рентгенге түсіп, дәрігерге қаралу.

Емделу жолы: дәрігерлік жолмен емделеді.

Аурудан кейінгі сақтайтын ережелер:
- дәрігер нұсқауларын қатаң орындау;
- организмнің қорғаныш күшін жоғарлату;
- дұрыс тамақтану;
- таза ауада көп болу;

Темекінің түтінінде өте улы зат – никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен біргі темекінің де түтінін жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 миллиграмм шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартқанда адам уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол - аяғы дірілдейді. Темекі тынысалу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілемейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді.

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 721
1
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Екі өкпенің біріне – бірі қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, ауатамырлары, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тыныс алу мүшелерінің аурулары, олардың пайда болу себептерін, аурудың жұғуы жолдары, ауру белгілері, емделу жолдары, алдын алу шаралары
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Тыныс мүшелерінің құрылысын, қызметін, газдардың алмасу себебін түсіндіру, өкпенің тіршілік сыйымдылығы туралы мағлұмат беру және оның организм үшін маңызын айту, тыныс алудың жүйкелік және гуморальді реттелуі туралы білім жинақтау.
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын насихаттау
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Тлеумбетова Сарсенгул
Тлеумбетова Сарсенгул Қолданушылар 17 ақпан 2016 11:08
0
рахмет, шығармашылық табыс тілеймін
×