Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар класын қайталау

10 мам 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Құстар класын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1) Өткен тақырыптарын қайталата отырып, халықтық педагогиканы пайдалану мақсатында оқушыларға құстар туралы мақал - мәтел, жұмбақ арқылы қорытындылау;
2) Оқушылардың өз білімдеріне, ізденістеріне, шығармашылықтарына сүйене отырып, қызығушылықтарын ояту;
3) Оқушылардың ой - өрісін көрнекіліктер арқылы кеңейту.
Сабақтың әдісі: саяхат сабақ.
Көрнекіліктер: «Қазақстан табиғаты» плакаты, Мешіннің «анықтама бюросы», перфокарта, жұмбақтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Ұяламын қарауға шүрегейге,
Құстың бірі туған да,
Бірі өгей ме?!
Бүгін кептер атқандар.
Ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?- деп сабағымызды жерлес ағамыз Қадыр Мырза Әлінің «Қызыл кітап» поэмасының үзіндісімен ашқалы отырмын.
Бүгінгі сабағымыз құстар класын қайталау болатын. Сондықтан да сұрақтарға зер салып, мұқият тыңдаңыздар. Балалар, алдымен теориялық сұрақтарға тоқталайық.
Мешіннің анықтама бюросына қош келдіңіздер!
Балалар, Мешіннің анықтама бюросына тоқталайық. (7 минут)
Қой жылы Мешінге мынадай аманат тапсырыпты. «Мына нөмір нені білдіретінін білгің келсе, жетінші сынып оқушыларынан білерсің» - депті. Мешін енді, сіздерге көмек сұрай келіпті. Қане, кім көмектеседі? Ол үшін мына нөмірлерді тере отырып, сұрақтарға жауап бересіз және жалпы мағлұмат бересіз.

І. 1. 4. 6. 4. 9.- Құстың алдыңғы аяғы қалай аталады?
Қанат - құстың қаңқасы туралы мағлұмат бер.
ІІ. 1. 4.. 3. 6.- Құста тістің қызметін атқаратын мүшесі?
Қарын - қоректенуі туралы мағлұмат бер.
ІІІ. 8. 4. 1. 5. 6. 4. 2. 4. 0. – Құс аяғын нөмірлеуді не деп атайды?
Сақиналау - құстарды қорғау туралы мағлұмат бер
ІҮ. /. 3. 2. 1. 7. 8. 3. – жылма - жыл көктемде келіп, күзге қарай оңтүстікке ұшып кететін құстар қалай аталады? Жыл құсы
Жақсы, балалар, мешінге көмек көрсеттіңдер, ол енді білетін болды.

Перфокартамен жұмыс.
1. Үй құстары
2. Жыртқыш құстар
3. Су құстары
4. Санитар құстар
5. Ашық дала құстары
Осы құстар туралы не білесіз, пайдасы, зияны, тамақтануы, күтімі, ұя салу кезеңі туралы, экологиялық маңызы туралы толтырып шығасыз. (3минут)
Ал, балалар, құстар туралы толықтай қамтыдық. Енді, құстардың рөлі этнопедагогикада қандай соған тоқталайық.
Мына суретте «Қазақстан табиғаты» бейнеленген десе де болады. Табиғаттың өзі терең тұңғиық. Соның біразын шарлап көрсек қайтеді?
«Ну орман». Бұнда не болып жатқанын, не барын біз сыртынан қарап білмейміз. Ол үшін ну орманның ішіне кіруіміз керек. Орманның бір шетінен бастап кірелік. Кіріп қана қоймай, жұмбақтарды шеше отырып, қиындықтардан шығамыз. (әрбір жұмбақтарды шешкен сайын, теректер алынып отырады.)
1. Өзі суда жүзеді,
Алқымында дорбасы.
Балықтарды сүзеді,
Жиған - терген сонда асы. (бірқазан)
2. Ерте тұрады, жыр шырқайды. (Қораз)
3. Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй салады. (Қарлығаш)
4. Үкінің баласындай,
Байғыздың ағасындай. (Жапалақ)
5. Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талтаңдап. (Балапан)
6. Бұл не деген шебер еді,
Ормандағы ағаштарды,
Тұмсығымен шегеледі. (тоқылдақ)

Міне, балалар, орманның арғы жағында не жасырынып жатқанын білдіңіздер. «Қызыл Кітапқа» енген құстар екен.
Қ. Мырза Әлі «Қызы Кітап» поэмасында былай суреттейді.
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан,
Жұртпен бірге мәз болып,
Ду - ду етіп,
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Ауылда өспе, мейлі, қалада өспе
Анаң сенің бәрі бір, Дала емес пе?
Терезеге ұстаған анау шілтер,
Құсқа құрған торларды салады еске.
Отыра алмас, ұл шыдап,
Қызың шыдап.
Жоғалғандар тізімі - ұзын шұбақ,
Қызыл кітап -
Мезгілсіз кеткендердің,
Бастарына қойылған қызыл шырақ!- демекші. Осы «Қызыл кітапқа» Батыс Қазақстанда қанша құс (1996) енгізілген? 28 құс.
Қане, осы құстардың біршамасын атап шығайық.
1. Қызғылт бірқазан - розовый пеликан
2. Бұйра бірқазан – кудрявый пеликан
3. Сары құтан – желтая цапля
4. Кішкене ақ құтан – малай белая цапля
5. Жалбағай – колпица
6. Қарабай – каравай
7. Кәдімгі қоқиқаз – фламинго
8. Қара дегелек – черный айст
9. Сұңқылдақ таққу – лебедь кликун
10. Кіші аққу – малая лебедь
11. Ақбас үйрек – савка т. б.

Біз құс атаулының барлығын қорғай білуіміз керек. Бұл әркімнің табиғатқа деген парызы.
Өте ерте заманда дөң басында, киіз үй шуағында ақсақалдар немерелерін қастарына ертіп, жиналып нақыл сөз, маржан сөздерін төгіпті. Нендей мақал, нақыл сөздер айтылады. Соны жадымызға сақтап алайық.
1. Құс патшасы - бүркіт,
Аң патшасы – арыстан.
2. Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
3. Қаз келсе – жаз келер,
Қарға келсе - қатқақ келер.
4. Сасқан үйрек артымен сүңгір.
5. Ажалды қарға бүркітпен ойнар.
Балалар, «Көл бойында аққулар сызылтып, ән салады» деп көл жағалайды. Көктем кезінде көл бойындағы құстардың әдемі әнін естіген боласыздар? Естісеңіз, құстарды шақырып, дауыстарын салайық. (аудио дыбыстан құстарын дыбыстарын тыңдап, аттарын атайық.)

Қорытынды: Құстардың құрылысын, мекен ету жайын ғана біліп қана қоймай, этнопедагогикада маңызы зор екенін білдік. Табиғаттың әр саласында құстар мекен етеді. Сондықтан да «Құстар – табиғат жаршысы» деп атауға толық мүмкіндік бар.
Үйге: «Құс көркем шығармада», «Құс шаруашылығының қазіргі таңдағы проблемасы» деген тақырыптарға мәнжазба жазу.
4 678
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар әлемі
Құстар әлемі
Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Құстар
Құстар
Балалардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, қазақша сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
Құстар класы
Құстар класы
Оқушыларға құстар класын естеріне түсіре отырып, Құстар класының типіне мағлұматтар беру.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің дайындық сынып мұғалімі Байсейтова Қарылғаш Қазихановна
Қызыл кітап (ауызша журнал)
Қызыл кітап (ауызша журнал)
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қарағұлова Бибігүл Бақытжанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×