Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдері

06 қыркүйек 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тіршіліктің алғаш пайда болуын, оның дамуын, тірі организмдердің
негізгі қасиеттерін - мысал келтіру арқылы түсіндіру;
дамытушылық: оқушылардың жеке тұлғасын жан - жақты дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, ойлау қабілетін арттыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: өз - өзіне сенімділікке, ізденімпаздыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегиялары, түсіндірмелі – иллюстративті, баяндау, тірек - сызба әдісі, көрнекілік әдіс, әңгімелесу, озық тапсырма беру.
Көрнекіліктері: суреттер, тірек - сызба
Пән аралық байланыс: әдебиет, эволюция негіздері, жаратылыстану, экология.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сынып оқушыларын сабаққа
психологиялық дайындау.
б) мақсат қою.

ІІ. Үй жұмысын тексеру
«Жан қиналмай жұмыс бітпес,
талап қылмай мұратқа жетпес» сұрақ - жауап әдісі.
ІІІ. Үй жұмысын бекіту
«Сен білесің бе?» танымдық ойын көмегімен үй тапсырмасын бекіту.

1. Биология қандай ғылым?
2. Биологияның қандай салаларын білеміз?
3. Тіршіліктің деңгейлері.
4. Табиғаттағы экологиялық факторлар.
5. Популяция дегеніміз не?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру
«Білгенге маржан» баяндау, сипаттау, салыстыру, түйіндеу.
Жоспар
1. Тіршіліктің анықтамасы.
2. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері.
3. Тірі организмдердің химиялық құрамының біркелкі болуы.
4. Тірі организмдерге заттар мен энергияның алмасуы.
Тіршілік дегеніміз - құрылымы нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін - өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдыратын тірі организмдердің жиынтығының ашық жүйесі.
Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі қасиеттері арқылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:
• химиялық құрамының біркелкілігі,
• заттар мен энергияның алмасуы,
• құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,
• көбею,
• тұқым куалаушылық,
• өзгергіштік,
• өсу мен даму,
• тітіркенгіштік,
• дискреттілік (оқшаулану),
• өзін - өзі реттеу,
• ырғақтылық қасиеттер де тән.

Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70 - тен астам химиялық элементтер болады. Тірі ағзалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т. б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%- ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге — көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі ағзалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.
Тірі ағзалардағы ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына — нуклеин қышқылдары — ДНҚ, РНҚ жатады. бұл қосылыстар тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі ағзалар тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.

V. Білімді бекіту.
Семантикалық карта.
Рефлекс --------------------------------------- Тіршілік ---------- Гомеостаз ------- Метаболизм -------- Онтогенез
Құрылым нәруыздар мен
нуклеин қышқылдарынан тұрады.
Зат алмасу процесі
Орта жағдайларына
жауап қайтару
Түрлердің жекелей дамуы
Организмнің ішкі
ортасының тұрақтылығы

Ол кім? Бұл не?
1. Тіршілік ұғымына алғаш анықтама берген?
2. Тіршілік дегеніміз не?
3. РНҚ, ДНҚ дегеніміз не?
4. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері.
5. Метобализ дегеніміз не?
6. Дискреттілік дегеніміз не?

VI. Оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма.§1 оқу, мазмұндау.
40 240
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру. Мектепті дамыту жоспарының (МДЖ) басымдықтары
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Оқушылардың теориялық алған білімдерін тест есептерін шығарта отырып жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен алғашқы функциясына берілген есептерді шешу
Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен алғашқы функциясына берілген есептерді шешу
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Диярова А. С
Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері
Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Панфилов атындағы орта мектеп Биология - экология пәні мұғалімі Суттикожанова Сандугаш Айтмуханбетовна
Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері
Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М. Әуезов атындағы №6 мектептің биология пәнінің мұғалімі Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×