Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

22 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: әр түрлі жарақат түрлері, олардың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек беру шаралары туралы білім беру
2) Дамытушылық: әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамыту
3) Тәрбиелік: жеке басының ғана емес, өзгенің де денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуы, адамгершілік сапасын қалыптастыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, интерактивті, пікір - талас
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, сүйектердің түрлері, сызбанұсқа, дәке, қатты қағаз, жұқа тақташалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VI. Үйге тапсырма

1. Сыныппен амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру.
1) Сүйек қандай ұлпадан түзілген? (дәнекер)
2) Қаңқаның толық сүйектенуі неше жасқа дейін қалыптасады?(20 - 25 жас)
3) Сүйектің құрамындағы ағзалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? (серпімділік, иілгіш)
4) Сүйектің байланысы атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді (3 топ)
5) Буын дегеніміз не? Адам денесінде қанша буын бар? (сүйектің қозғалыспен байланысатын жері; 230 буын бар)
6) Буын қапшығы деген не? (буынның сыртқы қабығы)
7) Сүйектің жуандап өсуі неге байланысты? (сүйекқап)
8) Сүйектің ұзарып өсуін түсіндір? (шеміршекті қабаттағы жасушаның бөлінуі)
9) Сүйекке қоректік заттар қалай жеткізіледі? (қантамыр)
10) Сүйектің құрамында қандай заттар болады? (ағзалық, бейағзалық)
11) Қарт адамның сүйегі неге тез сынады? (минералды заттардың көбеюінен)
12) Сүйекте оссеиннің қызметі қандай? (иілгіштік)
13) Сүйектердің шетінде болатын шеміршектің қандай пайдасы бар? (жасушалары бөлініп, ұзарып өседі)

Жаңа сабақты түсіндіру.
«Ой қозғау»
Оқушылар алғашқы жәрдем туралы өз ойларын ортағы салды. Әрі қарай жаңа сабақты кесте және сызбанұсқа арқылы түсіндіремін.
АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ

Сіңірдің созылуы
Сүйектің сынуы
Буының шығуы

1) Сіңірдің созылуы - адам абайсызда ойлы - шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқтың ұшы бұралып, сіңірі созылады.
Созылудың белгілері: сыздап аурады, ісінеді, буынның қозғалысын тежейді. Алғашқы көрсетілетін жәрдем: зақымданған жерді бинтпен немесе жұмсақ матадан жасалған таңғышпен қатты қысып байлайды, мұның өзі ішкі қан құйылуының тоқталуына көмектеседі және буынның қимылдамауын қамтамасыз етеді. Таңылған жерге мұз немесе қар салынған түйіншек басады
2) Сүйектің сынуы - адам қатты құлағанда немесе басқа оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну.
Морт сынғанды ашық сыну деп атайды. Шытынап сынуды жабық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін. Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шеңдеуіш салады. Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді.
Шытынап сыну - бұл сынудың жай түрі. Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауырады, ынған жері домығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек. Сынған сүйектерді орнына келтіріп салушы адамды сынықшы деп атайды. Сынық белгілері: жарақат алғаннан соң қатты шаншу, сынған аяқ - қолды толық қолдана алмау, аяқ - қолдың сыртқы пішіні мен ұзындығының өзгеруі, сүйек сынған жерде қозғалудың пайда болуы, қоршаған ортаға (жабық) немесе сыртқы ортаға (ашық) қанның көп кетуі. Сүйек сынған жерден төмен тері бозаруы, дене бөлігі мұздауы, сезімталдықтың төмендеуі болуы мүмкін. Алғашқы жәрдем сынықтардың жылжып кетуін болдырмау үшінтолық тыныштық сақтаудан басталады. Қол немесе аяқ сынғанда қозғалмайтындай ету үшін шина жақтау қолданылады. Егер ол қолда болмаса, таяқты, қол шатырды, шыбық бұтасын және т. б. пайдалануға болады. Тіпті болмаған жағдайда сынған қолды кеудеге қосып, ал сынған аяқты сау аяққа қосып таңу керек. Ісік болдырмау үшін жақтаушаларды саусақтарды бастап жоғары қарай зақымданған аяқ - қолға таңады. Тоқпан жілік сынғанда иммобилизация жасау. Асық жілік сынғанда иммобилизация жасау.
3) Буынның шығуы. Буын әр түрлі жағдайларда шығады: механикалық жарақат, спортта, транспорт авариясы, т. б кезде болуы мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буын шығуы белгілері: кенеттен шаншу, буын түрінің өзгеруі және оның қызметінің бұзылуы. Біршама уақыт өткен соң ісіну пайда болады. Жарақаттанған адамды мүмкіндігінше, зақымданған аяқ - қолдарын қозғалмайтындай орап, тез арада медициналық жәрдем көрсету пунктіне жіберген жөн. Қолдары зақымданған жағдайда орамал арқылы асып қояды, ал аяғы мертіккен кезде зақымданған адамды жұмсақ етіп төселген зембілге жатқызып, мертіккен аяғының астына жұмсақ жастық немесе киім салады. Еш уақытта сүйекті өз бетімен салуға болмайды, өйткені сүйектерді, нервтерді, тамырлар мен басқа да тканьдерді бүлдіріп алуы мүмкін.

Сабақты бекіту
Сәйкестендіру тесті
Сұрақтары
1) Адам жығылғанда, ыңғайсыз қозғалыс жасағанда сүйек басының таюы
2) Морт сынғанды не деп атайды?
3) Сынған жерді қозғалмайтындай етіп немен танады?
4) Шытынап сынуды не деп атайды?
5) Сынған сүйекті орнына келтіріп салушы адам?
6) Буынның шығуын емдейтін дәрігер?
7) Сынықтардың жылжып кетуін болдырмау үшін көрсетілетін алғашқы жәрдем
8) Қантамырларға, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіретін сынықтың түрі
9) Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі неге байланысты
10) Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Жауаптары:
е) Морт сыну
в) Шендеуіш
з) Тыныштық
г) Жабық сыну
д) Сынықшы
ж) Хирург - дәрігер
б) Ашық сыну
а) Буынның шығуы
м) Таңылған жерге мұз басу
л) Сүйектің сыртқы қабы

Жасырын сөз
«ОМЫРТҚА» сөзіне сөзжұмбақ құру
1. Көлденең тегістікте омыртқа жотасының қисаюы.
2. Омыртқа жотасының физикалық айналымдарына байланысты адам денесінің түру, жүру, отырудағы әдетті қалпы.
3. Сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері.
4. Бұлшықет бөлігі, соның арқасында ол сүйекпен жалғасады
5. Аяқ ұшы сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан ауытқудың пайда болуы.
6. Төменгі аяқтың бөлігі, екі сүйектен тұрады: асықты жілік және садақ сүйек
7. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі

Биологиялық термин сөздер
Сіңір, морт сыну, шытынап сыну, буынның созылуы, сүйек басының таюы, ашық сыну, шендеуіш.
Оқушылардың сүйектің шығуына, сынуына байланысты бір - біріне алғашқы көмек көрсетуі

Зертханалық жұмыс. Адам қаңқасымен танысу
1. Сүйектің түрлерімен танысу (ұзын, қысқа, жалпақ). Биология кабинетіндегі сүйектердің жинақтамасын (коллекциясы) талдау, жоқ болса кестеден қарап танысу.
2. Қаңқадан омыртқа жотасының 4 иілімдерін тауып, қалай қарай иілгендеріне зер салып қараңдар.
3. Омыртқа жотасының бөлімдерімен (мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ). Омыртқаның денесін, артқы және көлденең қанаттарын және доғасын табу. Пішіні жағынан бірінен - бірі қандай айырмашылығы бар екенін анықтаңдар.
4. Бассүйек бөлімдерін, орналасуын, атын бірімен - бірі (қозғалмалы ма, қозғалмайтын ба) жанасқан жерлерін табыңдар.
5. Жұп сүйектердің орналасуын, аталуын біліңдер. Бет бөліміндегі сүйектерге көңіл аударыңдар.
Үйге тапсырма: Зертханалық жұмысты орындау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
46 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру.
Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Тақырыбы: Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі туралы алған білімдерін дамыту, толықтыру, жинақтау. Өз бетімен, ұжыммен жұмыс жасау біліктерін, есте сақтау қабілеті мен ой - өрісін дамыту
Денсаулық – байлықтан қымбат
Денсаулық – байлықтан қымбат
№4 Мәртөк орта мектебінің биология пән мұғалімі: Кужекова Орунгуль Рахметовна
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Қарағанды облысы, Саран қаласының №7 мектебінде биология және химия пәні мұғалімі Ермекова Гүлнар Садуақасқызы
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×