Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық – байлықтан қымбат

12 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
№4 Мәртөк орта мектебінің биология пән мұғалімі:
Кужекова Орунгуль Рахметовна

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – байлықтан қымбат»
Мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды, әр – түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру. Әр түрлі жарақат түрлері, олардың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек беру шаралары туралы білім беру.
ә) дамытушылығы: Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру. Өз ойларын, көзқарастарын айта білуге үйрету. Әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамыту
б) тәрбиелігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу. Зиянды әдеттерден аулақ жүруге, олардың қандай зиян екеніне тәрбиелеу. Жеке басының ғана емес, өзгенің де денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуы, адамгершілік сапасын қалыптастыру
Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру «темекінің», «нашақорлықтың», «ішімдіктің» адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына сурет салу, жұмыстарын тапсыру.
Әдісі: Конференция
Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған плакаттар, слайд, интерактивті тақта, нақыл сөздер, видео.

Сабақтың барысы:
I. Сәлемдесу.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары!
Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ – дегендей, адамның бірінші байлығы денсаулыққа байланысты ұйымдастырылған «Денсаулық – байлықтан қымбат» баспасөз конференциясына қош келдіңіздер!
II. Ұйымдастыру.
1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру (Нұсқау: Япон тілінде жазылған әріп үлгілері таратылады. Сол әріп үлгілерінен өз есімдерін құрастыру ұсынылады)
1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау
1. 3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
III. Марапаттау.
IV. Қорытынды.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Мамандар пікірі
2 кезең. Аукцион
3 кезең. Ой қозғау
4 кезең. Жедел жәрдем бекеті
5 кезең. Қорытынды

Кіріспе сөз.
Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.
Шығыстың әйгілі данышпаны Әл - Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?
Көрініске назар аударыңыздар!
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 – бағытта жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1 – бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»
2 – бағыт. «Нашақорлыққа қарсы күрес»
3 – бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

Бүгінгі конференциямызда сіздерге ұсынылатын тақырыптар мазмұны тек сіздердің көмектеріңізбен ғана ашылатын болады. Ал, онда, іске сәт – деп бірінші кезеңімізді бастаймыз!

1 кезең. Мамандар пікірі деп аталады. Бұл кезеңде тілшілер өздерін таныстырып, мамандарға зиянды әдеттерге байланысты сұрақтар қойылады. Мамандар кезекпен сол сұрақтарға слайд дайындап қорғайды. Толық жауапқа 10 ұпай беріледі.

2 кезең. Аукцион деп аталады. Оқушылар ұяшықтарды таңдап, сондағы тапсырманы орындайды. Оқушылар сол ұяшықтардағы ұпаймен бағаланады.
Сұрақтар:
40. Жас өскен сайын адамның көру қабілеті өзгереді. Көзбұршақ өзінің пішінін өзгерту қабілетін жоғалтады. Шыны тәрізді денедегі су азаяды да, көз алмасы қысқарады. Жақын тұрған заттың фокусы тор қабықтың артына түседі. Мұндай жағдайда дөңес линзалы көзілдірік кию арқылы түзетеді. Көздің көру қабілеті қалай өзгерген? Алыстан көргіштік 15. Қалқанша бездің қызметінің бұзылуы салдарынан болады. Зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 789
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі
Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі
Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы, Новомарковка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайтикова Динара Тилектесовна
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Салауатты өмір - жарқын болашақ
Салауатты өмір - жарқын болашақ
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Тіршілік көзі-салауатты болашақ
Тіршілік көзі-салауатты болашақ
ШҚО, Семей қаласы, «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Оспанова Индира Алимханқызы
Зиянды заттардың зардаптары
Зиянды заттардың зардаптары
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×