Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Сандар әлеміне саяхат»

14 қаңтар 2016, Бейсенбі
Атырау қаласы, №1 Мектепке дейінгі авторлық гимназияның
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ибрагимова Эльмира Имашевна
«Сандар әлеміне саяхат» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Тобы: Ересектер
Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат
Мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айта алу дағдыларын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, тез ойлап, қазақ тілінде дұрыс жауап бере алуға үйрету. Балалардың танымдық және логикалық білімдерін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: интерактивті тақта мен қаламы, доп, текшелер.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, пиктограммамен жұмыс (мнемотехнология), интерактивті флипчарт - ойын түрлері, дидактикалық - қимылдық ойыны.
Қостілділік (билингвальді) компонент: нөл – ноль, бір – один, екі – два, үш – три, четыре – төрт, бес – пять, алты - шесть, жеті – семь, сегіз – восемь, тоғыз – девять, он – десять.
Оқу іс - әркетінің кезеңдері Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе!
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Жарқыраған күнге!
«Ғажайып сәт».
- Балалар, бүгін біздер «Сандар әлеміне» саяхатқа барамыз (осы кезде «Маша мен аю» мультфильмінің кейіпкері Машаның дауысы шығады).
- Сәлем, Маша!
- Сәлем, балалар! Мен аю досыма келе жатыр едім. Сендердің «Сандар әлеміне» баратындарыңды естідім. Мені де ала кетіңдерші. Келесі жылы мен мектепке бармақпын. Сондықтан қазақша санауды үйренгім келеді.
- Жарайды, Маша, ендеше балалармен бірге сен де қазақша санауды үйренетін боласың. Балалар, алдымен, сандарды есімізге түсірейік. Балалар мұғаліммен сәлемдесіп, шаттық шеңберінде тақпақтарын айтады.

Балалар Маша мен мұғалімді тыңдайды.
Ұйымдастыру -
шылық - ізденістік
1. «Санап көр!» флипчарт - ойыны. Экранға суреттер мен сандар шығады. Балалар суреттер санына сәйкес санды қаламмен басады. Дұрыс жауапты басса, көңілді смайлик шығады, қате басса, көңілсіз смайлик шығады.

2. «Алма бағында» флипчарт - ойыны. Аю Машаны сандар әлеміне жібермес бұрын алма ағашындағы алмаларды кәрзеңкелерге жинап беруге көмектесуін сұрайды. Ол үшін мына амалдарды орындауы қажет: 2+2=4, 5 - 3=2. Амалдардың шешуіне сәйкес санды алманы сол кәрзеңкеге қалам көмегімен жинайды.

3. «Қанша көбелек?» флипчарт - ойыны. Міне, Маша «Сандар әлеміне» бару үшін жолға шығады. Ол жолда келе жатып көбелек аулағысы келеді. Бірақ, көбелектерді анық көре алмайды. Айналасындағы көбелектерді анық көру үшін ол лупаны қолданады. Балалар, Машамен бірге көбелектерді санайық!

4. «Неше жаста?» флипчарт - ойыны. Жолда Машаға туған күндерін тойлап жатқан жануарлар кездеседі (қоян, тиін, қасқыр). Олардың нешеге толып жатқандығын торттың үстіндегі майшамдар саны арқылы білеміз. Мысалы: «Қоян неше жаста?» деген сұраққа «Қоян үш жаста» деген жауап болуы керек. Дұрыс жауапты білу үшін үш шардың үстіндегі үш цифрдың біреуін басады.

5. «Аудармашы» дидактикалық - қимылдық ойыны. Мұғалім балаларға допты лақтырады да, сандарды орыс тілінде айтады. Балалар қазақ тіліне аударып айтады да, допты кері лақтырады.

6. «Қызықты пиктограмма». Машаға тағы бір тапсырманы шешу оңайға соқпай тұр. Бұл – белгісіз таңбалар мен сандар. Бұларды тиісті орнына қойып оқығанда сөйлем шығады. Мысалы: Менде бір алма бар.
Содан соң балалар берілген ойыншықтар мен сандар арқылы өздері сөйлем құрастырып, айтулары керек (бұл тапсырма түрі текшелер арқылы да орындалады).

7. «Қай сан жоқ?» флипчарт - ойыны. Келесі жолдағы кедергі - жоғалған сандар қатары. Флипчартта белгілі бір саны жоғалған қатар беріледі. Сол қатардағы жоғалған санды тауып, сол санның көршілері аталуы керек. Мысалы: «Қай сан жоқ?» деген сұраққа «2 жоқ» деп жауап береді. «2 санының көршісі қандай сандар?» деген сұраққа «2 санының көршілері 1 мен 3 сандары» деп жауап берулері керек.

8. «Мақал - мәтелдер».
- Балалар, сендер құрамында сан атаулары бар мақал - мәтелдер білесіңдер ме? Білсеңдер, айта қойыңдар.
1. Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
3. Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.

9. - Міне, Машамен бірге біз «Сандар әлеміне» жеттік. Бұған Маша өте қуанышты. Балалар, сендер де қуаныштысыңдар ма?
Ендеше, «Санау әнін» әндетейік.

Маша:
- Жарайсыңдар, балалар! Мен өте қуаныштымын. Себебі мен сендер сияқты қазақ тілінде санай алуды үйрендім. Аю досыма да қазақша санауды үйретемін.
Сау болыңдар!
Балалар интерактивті қаламмен сандарды басып, атайды.
Балалар амалдарды шешіп, алмаларды тиісті кәрзеңкесіне жинайды.
Балалар лупа арқылы көбелектерді санайды.
Балалар жануарлардың жастарының нешеде екенін айтады.
Балалар сандарды қазақша атайды.
Балалар пиктограммалар арқылы сөйлемдер құрайды.
Балалар жоғалған сан мен көрші сандарды атайды.
Балалар мақал - мәтелдер және олардың құрамындағы сандарды айтады.
Балалар «Санау әнін» (бейне ән) әндетеді.

Балалар Машамен қоштасады.
Рефлексиялық - түзетушілік. Педагог балалардан бүгінгі оқу іс - әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: сандар мен зат атауларын қазақ тілінде атай біледі.
Игереді: қазақ тілінде 1 - ден 10 - ға дейін санауды үйренді.
Меңгереді: балалар сандар мен зат атауларын байланыстырып сөз тіркесі мен сөйлем құрай алуды меңгерді.
9 064
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Факультативтің мақсаты: —Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар
1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар
Атырау қаласы, М. Әуезов атындағы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Алима Бекболқызы
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×