Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылды лақ

21 мам 2018, Дүйсенбі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ақылды лақ
Мақсаты: ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі желісі бойынша саусақ театры, қора макеті, тал, үй жануарларының суреті, үнтаспадағы дауыстары, үлестірмелі материалдар, дидактикалық кітапша.
Сөздік жұмыс: ақылды лақ,
Билингвальді компонент: лақ – козлёнок

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Төрт түлік жыры
Шөре - шөре, шөлдедің бе, лағым,
Сонша неге елеңдейді, құлағың?
Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,
Сен жыласаң, менің келер жылағым.

Кіріспе әңгіме
 Балалар, өлең не туралы?
 Лақ қандай жануар?
 Неге үй жануары деп атаймыз?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
 Жарайсыңдар, балалар! Үй жануарларына тағы қандай жануарлар жатады?
 Ал, сендер олардың төлдерін танисыңдар ма?
1 - тапсырма. «Адасқан төлдерді тап» ойыны
Дидактикалық кітапшадағы үй жануарларына қыстырғыш арқылы төлдерін қосады. Төлдердің аттарын атайды.
 Жарайсыңдар! Ендеше, балалар, бүгін төлдер туралы «Ақылды лақ» ертегісін айтып беремін.
«Ақылды лақ» ертегісін саусақ театры арқылы тамашалату.
Сергіту сәті
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
Секең - секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп - ақ.
Тыным тапсаң болмай ма,
Секірмей - ақ кей уақ?

Тапсырмалар орындату арқылы ертегінің мазмұны не жайлы екенін білу.
2 - тапсырма. «Ертегі кейіпкерлерін тап»
 Балалар, алдарыңдағы қораптағы жануарлардың арасынан ертегі кейіпкерлерін тауып алыңдар!
3 - тапсырма.
«Жағымды кейіпкер мен жағымсыз кейіпкер»
 Балалар, енді кейіпкерлердің арасынан «жағымды кейіпкер» жақсысын, «жағымсыз кейіпкер» жаманын тауып, екіге бөліп, арнайы белгісі бар параққа жапсырамыз. Және оларды жағымсыз және жағымды деп неге бөлгендерін әңгімелеп, айтып беріңдер.
 Жарайсыңдар, енді тапсырманы қалай орындағандарыңды көрейік? Үлгі қарап өз жапсырғанымызбен салыстырайық.
Жағымды кейіпкер: лақ, бұзау, қозы;
Жағымсыз кейіпкер: аю, қасқыр, түлкі;

Ақылды лақ. жүктеу
3 796
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ақылды лақ ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.
Ақылды лақ ертегісі
Ақылды лақ ертегісі
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту, көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×