Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

21 мам 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Үй жануарлары.
Білім саласының мазмұны: «Қатынас»
Білім бөлімдері: «Тіл дамыту»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Үй жануарларының аттарын дұрыс атай білуге және қалай дыбыстайтынын, қай жануардың дыбысы екенін танып білуге үйрету, дидактикалық ойындарды ойната отырып балалардың тілін дамыту.
Сөздік жұмыс: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, бота, құлыншақ, қозы, бұзау, лақ.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, слайд.
М/әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері.
Біздің топта ұл – қыздар,
Тату тәтті ойнаймыз.
Айналаға барлық адамға
Тек мейірім сыйлаймыз.
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын,
Деніміз сау болсын
Төрт түлік аман болсын.

Іздену ұйымдастырушы кезең
Бүгінгі сабағымыз төрт түлік мал яғни, үй жануарлары туралы болмақ. Сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар. Үйде бағылып, еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз. Біздің еліміздің жері мал өсіруге өте қолайлы. Жерімізді малсыз елестету мүмкін емес. Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі жануарларының төлдері болады.
- Мынау қандай жануар?
- Олай болса түйе, бота туралы тақпақтар білеміз бе?
- Ал мынау қандай жануар?
- Өте жақсы жылқы туралы тақпақ айтам сендер менен кейін қайталаңдар.
- Мынау қандай жануар?
- Жақсы енді сиыр туралы тақпақты менен кейін қайтала.
- Мынау қандай үй жануары?
- Ал енді мынау ненің суреті?
- Дұрыс ит пен мысық та үй жануарларына жатады.

Сергіту сәті:
Тіктеп титтей құлағың
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап».
Дидактикалық ойын: «Төлдерін қалай шақырады?»
Қой қозысын – пұшайт, пұшайт
Ешкі лағын – шөре, шөре
Жылқы құлынын құрау – құрау
Түйе ботасын көс – көс
Сиыр бұзауын аухау – аухау,- деп
шақырады.
Таң ғажайып сәт:
Ауылдан әже келеді. Әже балаларға шұбат, сүт, құрт алып келеді.
Әже:
- Балалар, сендер балабақшада не үйреніп жатырсыңдар?
- Жарайсыңдар, балалар.
Тәрбиеші:
Балалар, біз ермексаздан құрт жасап, әжеге өзіміздің өнерімізді көрсетеміз.
Әже:
- Өте жақсы балалар. Менде сендерге құрт, сүт, шұбат алып келдім.
Әже балаларға құртты үлестіріп береді.

Үй жануарлары. жүктеу
3 205
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Төлдер айтысы
Төлдер айтысы
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Төлін тап
Төлін тап
Жайлау қандай тамаша, Көзді тартар қараса. Қызыл, жасыл төңірек, Бейне жайған алаша.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Ерке төлдер
Ерке төлдер
Үй жануарлары туралы қысқа әңгімелер құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауға үйрету (құлыншақ - құлыншақтар, ботақан - ботақандар т. б
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×