Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылды лақ ертегісі

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Исатай ауылы «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі
Доскалиева Айнагуль Мураткалиевна

Білім беру саласы: әлеуметтік орта
Бөлімдері: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ақылды лақ» ертегісі
Мақсаты: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту, көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, теледидар, слаид, атрибуттар, жұмыс дәптері т. б.
Әдісі: түсіндіру, сурет бойынша әңгіме, сұрақ - жауап, сахналау, т. б.

Мотивациялық - қозғаушы:
Біз өнерге, ұлы өнерге
Гүл өмірге иеміз!
Елімізді, жерімізді,
Көгімізді сүйеміз!
Қонақтарға, апайларға
Басымызды иеміз!

Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Төлдер жыры
Шөре, шөре шөлдедің бе, лағым!
Сонша неге елеңдейді құлағың?
Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,
Сен жыласаң, менің келер жылағым.

Іздестіру - ұйымдастырушы: Білім беру саласы - қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті - көркем әдебиет, тақырыбы - ақылды лақ ертегісі
Сұрақ - жауап.
- Балалар, айтыңдаршы, үй жануарларына нелер жатады?
- Мына жердегі жануарларға қарап, атап беріңіздер.
- Дұрыс айтасыңдар, олардың төлдерін білесіңдер ме?
- Дұрыс екен, олай болса мен сендерге өлең жолдарын оқимын, ал сендер қай төл туралы екенін табасыңдар.
Шөре, шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей деміңді ал
Селтеңдемей құлағың,- деп неге айтамыз?
- ендеше сендерге үй жануарларының бірі - лақ туралы «Ақылды лақ» ертегісін тыңдатамын. Мұқият зер салып тыңдаймыз.
«ақылды лақ» ертегісі музыкалық орталықтан жүреді.

Сұрақ - жауап.
- ертегі қалай аталады?
- ертегі сендерге ұнады ма?
- ел көшкенде қандай төлдер қалып қойды?
- Олар үшеуі не істеді?
- оларға кім келеді?
- аю не үшін келді?
- аю не істеді?
- аю қасқырды ертіп келгенде үшеуін жей алды ма?
- қасқырға не болды?
- Оған кім кездесті?
- екі қасқыр қайда келді?
- олар келгенде үшеуі не істеді?
- Соңында жануарларды жеді ме?

Дәптермен жұмыс.
1 - тапсырма.
Шарты: сурет бойынша әңгімеле.
Тақтаға бір баланы шақырып, сурет бойынша өз сөзімен әңгіме құрауға тапсырамын.
Мен сендерге Қ. Мырза Әли атамыздың «Ешкі» өлеңін оқып берейін.
Ешкі деген жануар
Лақ кезден шынығар
Жапырағы жайқалған
Ағаш көрсе, жыны бар
- өлең не туралы?
- ешкі қай кезден бастап шынығады?
- нені жеп қояды?

2 - тапсырма.
Лақ пен ешкіні байланыстыратын көпірдің суретін сал.
Сергіту сәті:
Әйгерім Қалаубаеваның «Ертегілер» әніне балаларды билету.
Ертегіні сахналау.
Балалар ертегіні рөлге бөліп сахналап береді.

Толық нұсқасын жүктеу
6 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ақылды лақ ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау, жыл мезгілдері (күз) оң жақта, сол жақта Мақсаты: 4 көлеміндегі заттарды санауға үйрету, үлгі бойынша санау, екі топтағы заттарды теңестіру, жыл мезгілдері (күз) туралы түсінігін нығайту,
Отбасы
Отбасы
Балаларға өзінің отбасы туралы әңгіме құрап айта білуге дағдыландыру, сұрақтарға жауап бере білуге үйрету: «сен кіммен тұрасың?», «сенің отбасыңда кімдер бар?», «саған кім қамқорлық жасайды?», «анаңа қандай көмек көрсетесің?» және т. б.
Ерке төлдер
Ерке төлдер
Үй жануарлары туралы қысқа әңгімелер құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауға үйрету (құлыншақ - құлыншақтар, ботақан - ботақандар т. б
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×