Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары.

04 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: «Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үй жануарлардың пайдасы бейнелейтін суреттер, үлестірмелі материалдар.

Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Арым таза, ақ көңіл,
Адамдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет,
Адалдыққа сенемін.

Үйымдастырушылық - ізденістік
1. Білімді өзектендіру.
- Ферма дегеніміз не?
- Фермада қандай жануарлар ұстайды?
2. Үй жануарлары және олардың пайдасы туралы әңгіме.
- Ферма - барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын. Үй жануарларын адам күтіп - баптайды.
Жануарлардың еті, сүті,
Жұмыртқасы - азық, ал жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады.

3. Билингвальды компонент:
Үй жануары - домашнее животное, сиыр - корова, ешкі - коза, тауық - курица. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой,
ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

Түйенің төлі - ботақан.
Қойдың төлі - қозы.
Ешкінің төлі - лақ.
Жылқының төлі - құлын.
Сиырдың төлі - бұзау.

4. Үй жануарлары туралы өлеңді оқу.
Шөре, шөре, лағым,
Секеңдеме, деміңді ал.
Тентек болма шырағым,
Селтендемей құлағың.
- Өлең ненің төлі туралы?
- Ешкінің қандай пайдасы бар?
Әукім - әукім әукешім,
Сипайыншы әукесін.
Енең, әне, келеді,
Ақ мамасын береді.

- Сиырдың қандай пайдасы бар? Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Дұрыс, үй құстары және ти, мысық та үй жануарларына жатады.
Қалай ойласыңдар тауық қандай пайда әкеледі? (Еті мен жұмыртқасы - тамақ. Мамығынан жастық жасайды).
5. Динамикалық үзіліс.
«Шип - шип шөжелерім» әнің үнтаспадан тыңдады.
6. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау
Керектігін түсіндіреді
7. Жеке жұмыс өткізеді.
Үй жануарлары. жүктеу
2 021
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерке төлдер
Ерке төлдер
Мақсаты: Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру. Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту, олардың өздеріне тән ерекшеліктері: немен қоректенеді, қалай қимылдайды,
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Үй жануарлары
Үй жануарлары
үй жануарларын суреттен көрсете алады үй жануарлардың пайдасы туралы айта алады
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, №16 "Дюймовочка" балабақшасының тәрбиешісі Шалтақова Эльмира Жұмажанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×