Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қ дыбысы мен әрпі

10 ақпан 2013, Жексенбі
Сыныбы: даярлық тобы
Тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Білімділік: а) Қ дыбысының дұрыс және анық айтылуын үйрету, дыбыс артикуляциясын пысықтау, буында, сөздерде, сөйлемдерде дыбыстық орнын белгілеу, түзету жұмыстарына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауды қадағалау.
Коррекциялық: б) артикуляциялық аппараттарын дамыту, дұрыс дем ала білуге дағдыландыру, ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
Тәрбиелік: в) топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, бір – біріне деген бауырмалдық сезімдерін нығайту.

Көрнекі құралдар: айна, сюжетті суреттер, ойыншықтар, хош иісті шайлар, дыбыстың сұлбасы, слайдтар, жұпар иісті гүлдер, плакаттар.
Жаңа сөздерді енгізу: құлыншақ, қуыршақ, құлақшын.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды сабаққа ұйымдастыру.
Саламатсыздарма, балалар!
Балалар, бүгін бізде қызықты сабақ болады, келген қонақтарға біліміміз бен өнерімізді көрсетіп тәнті етейік.
Ол үшін балалар барлығын мына компьютерге жақын келіңдер.
Қазіргі заман талабына сай барлық жұмыс түрі жеңілдетіліп, компьютерленген, автоматтандырылған заман. Қазіргі кезде көптеген отбасында компьютерлер бар. Енді осы компьютерден біздің топқа келетін балаларды көріп, олармен таныс болыңыздар.
Қане, Тимур, сен мына басқыштарды басып, онда кім отырғанын айта ғой. Дұрыс. Енді Ренатта сен баса ғой, мұнда кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? Кім айтады? Қане, Өмірәлі, сен айта ғой. Дұрыс балалар барлығын дұрыс атадыңдар.
Міне, балалар, бұл орталық аз да болса да осындай жарымжан жандарға қуаныш сыйлау үшін қызмет етеді.

ІІ. Жаңа сабақ:
Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. Қане, кім айтады дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты біз естиміз, айтамыз, ал әріпті біз жазамыз, көреміз. Қазір біз дауыссыз дыбыстарды өтіп жатырмыз. Балалар тақтаның алдында нені көріп тұрсыңдар? Ойыншықтар. Қандай ойыншықтар бар екен? Қоян, қасқыр, қолғап, мысық, балық, қошқар, қар. Енді осы сөздерді мен қайталаймын, сендер мұқият тыңдап, қандай дыбыс барлық сөзде кездеседі екен, соған назар аударып бүгінгі кезек қай дыбыстікі екен? Қ дыбысыныкі. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Қ дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады.

ІІІ. Тақтамен жұмыс:
Енді сол дыбыстың тақтаға сұлбасын салып көрейік. Ол үшін барлығымыз таяқша салып үйренейік. Тимур, сен түзу таяқша, Амантай сен қиғаш таяқша, ал Өмірәлі сен аяғын салып үйрен. Міне, енді Қ дыбысын жазып көрелік. Қане кім жазады? Саша жаза ғой. Дұрыс. Өте жақсы, Қ дыбысын жазу үшін неше таяқша керек екен? Төртеу, дұрыс. Енді осы дыбысты дауысты дыбыстармен қосып оқып, буында, сөздерде, сөз тіркестерінде қолданып көрейік.
Қа Қо Құ Қы
Ақ Оқ Ұқ Ық
Тақ Тоқ Тұқ Тық
Қақ Қоқ Құқ Қық

Қармақ, қораз, құйын, қымыз, моншақ, тақпақ тұқым, құлыншақ, құлақшын, тымақ, қуыршақ. Төмендегі сөздердегі Қ дыбысының орын белгілейік. Қ дыбысы сөздің ортасында, басында, аяғында да кездеседі екен.
Ой! Балалар, мына әдемі кітапқа қараңдаршы, Жан – жануарлар фермасы деп аталады өзі. Мұнда құстар мен жануарлардың мекені туралы сөз етеді. Қазір Амантай суретке қарап, ненің суреті, ол қалай аталады және дыбысталады, соны бізге көрсетеді. Мынау не? Ол жылқы, ол қалай дыбыстайды? Иго – го, Иго – го! Жылқының төлін не деп атайды
Құлыншақ!
Ал мынау не? Тауық, оның баласы балапан. Ал мынау не? Қой, оның төлі қошақан.
Психожаттығу. Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. Дұрыс, қыс түскенімен жерде әлі қар жоқ, бірақ ызғырық қара суық бар. Даладан келгенде біздің бетіміз тоңып келді, соны уқалап, жылытамыз, құлағымызды, қолымызды, мұрнымызды уқалаймыз. Өте жақсы, орнымызға отырайық.

Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап, жауабын айта қойыңдар.
Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай?
Қанеки, кім табады? (Қар)
Дұрыс, өте жақсы. Балалар біз таза анық дыбыстарды айту үшін артикуляциялық аппараттарымызды ретке келтірейік, жаттығуларға тоқталып өтейік.
″Тентек тілді жазғыру″ Тілімізді тістің ортасына салып, тістейміз. Ла, ла, ла. ″Төбешік″ Төбешікке бір мініп, зуылдатып сырғанар. Сылақшы - ау, сылақшы, таңдайымды сылашы! Тілімізбен ернімізді жалаймыз! Аттың жүрісін салып, таңдай қағу.
Міне, балалар, сөйлеу мүшелеріміз ретке келді, енді мына жаңылтпашты жатқа айтып, көрейікші.
Қыс қыспаса, қыс па?
Құс ұшпаса, құс па?
Дұрыс, барлығыңда тез жаттадыңдар!

Сергіту сәті: Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.
Манадан бері жаттығулар жасап, шаршап қалдық енді отырып, біраз дем алайық! Балалар қыс мезгілінде ауаға көптеген зиянды микробтар таралады. Олардың кесірі тимес үшін дұрыс дем ала білу қажет. Дұрыс дем ала білген адамдар тамағын, мұрын қуысын әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтайды екен. Сондықтан деммен жұмыс жасап, денсаулығымызға көмек берейік.

Деммен жұмыс. Алдымен мұрнымыз бен дем алып, Аузымыздан шығарайық. Аузымызбен дем алып, мұрнымызбен шығарайық.
Мұрнымыздың бір үрпісін жауып тұрып, екінші үрпімен дем аламыз, Енді қолымызды ауыстырып қайталаймыз. Келесі жаттығуда жұпар, хош иісті гүлдерді иіскеп, иіс сезу мүшелерімізді ретке келтірейік. Яғни, арома терапиясын жүргізіп көрейік.

Арома терапия дегеніміз иіс сезу мүшелерінің жұмысын қадағалау. Адамдар да болатын иіс сезу мен қатар дәм сезу мүшелерінде тексере кетейік. Жаңа өздерің айтқандай, қазір қыс мезгілі, күн суық, ауада әр түрлі микробтар бар, адамдар жиі тұмаумен, суыққа шалдығып ауыратын кез. Осы кесел, ауру адамды меңдемес үшін әр түрлі шөптерден, жемістердің жапырақтарынан даярланған шайлар мен дәрумендер яғни (витаминдер) ішіп, денсаулықты нығайту керек. Қазір сіздерге осы мақсатта даярланған шайлар таратылып беріледі. Сіздер оны ішіп, дәмі қандай, Қай жемістің жапырағынан жасалғанын анықтап, не татиды, соны айтып бересіздер.

Балалармен қатар келген қонақтарымызда өз ойларын ортаға салсын. Мана арома терапиясы жасалса, енді дәм сезу мүшемізді тексеру мақсатында фитотерапиясында қоса жүргіземіз.

ІV. Шығармашылық жұмыс:
Арома шай ішіп болды., кім айтады? Тимур, сен ішкен шай не татиды? Қарақат па, Құлпынай ма, лимон ба, бүлдірген ба? Ал балалар шаршағанымызды, шөлімізді бастық, арома (иіс сезу) қимылына қарап дамиды, сондықтан келесі жасар жаттығуымыз ұсақ қол маторикасына арналған жаттығу еңбек терапиясы (трудотерапиясын) жасаймыз, яғни күз мезгілі келіп, егін бітік шығып, табиғат - ана бізге молшылық сыйлап, байытты. Енді жасап, өзімізді қуанышқа бөлейік. Стол үстіндегі картон қағазға желім жағып, оған тұқымды желімдеп келген қонақтарға сыйлық жасап беріп, оларды өнерімізбен таң қалдырайық, балалар!
Кім айтады, жасаған жұмыстарыңды сыйламас бұрын түсіндіріңдер, ненің тұқымынан жасалғанын айтыңдар?
Дұрыс, Тимур сен не жасадың қоян, неден жасадың? Шемішкенің тұқымынан. Айгерім, сен не жасадың? Шар, бұршақтың тұқымынан. Міне, балалар, Табиғат - ананың бізге берген сыйынан неше алуан нәрсе жасап, кәдеге асыруға болады.

V. Қорытынды:
Дұрыс жақсы, балалар, бүгін барлығың өте көп еңбек еттіңдер. Сабақ барысында арома, фитотерапия, трудотерапияларын сабақ барысында қолдана білу керек. Рахмет сендерге. Енді келесі сабақта кездесеміз. Сау болыңдар!
19 150
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Н дыбысы
Н дыбысы
Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыландыру. Диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
Б дыбысы және әрпі
Б дыбысы және әрпі
Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, оның сөздердегі орнын анықтату.
М дауыссыз дыбысы
М дауыссыз дыбысы
М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру, М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау, сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Утебаева Бибигуль Хасенқызы
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Балапан" балабақшасының әдіскері Айнур Мухтаровна
Ё дыбысы мен әрпі
Ё дыбысы мен әрпі
Ё дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×