Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Н дыбысы

06 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларды Н н дауыссыз дыбысы мен әрпін таныстыру. Н н дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айтуға машықтандыру.
Коррекциялық: Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыландыру. Диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды мейірімділікке, бір - бірінің ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекілік: Суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тұрғыдан зейіндерін сабаққа дайындау;
Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды баламын

II. Өткен сабақты пысықтау:
- Балалар сауат ашу сабағында біз қандай дыбыспен таныстық?
- С дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
- Қандай сөздермен таныстық?
- Сағат, сандық, сақина, сүт т. б.
Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы
Мақсаты: Балалардың диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
- Көбелекті гүлге қондыр.
- Трубочкадағы допты алысқа ұшыр.
Артикуляциялық жаттығу жасау арқылы тілді дамыту.
Алдыңғы төменгі және жоғарғы тістерді көрсетіп, ерінді күлгендегідей ұстауға дағдыландыру.
Серуен - еріндерге күлкі үйіріледі, ауызды сәл ашып, тілді ақырын тістеу. Тілді ақырын тістей отырып, оны алдыға - артқа қарай қозғалту. Тілді жалпақ етіп, еріндерге күлкі үйіріледі.

III. Жаңа сабақ:
- Балалар, мына ыдыста не бар?
- Нан бар.
- Нанды бәріміз білеміз бе? Ол не, ол дастарханға қалай келеді?
- Ол қасиетті тағам.
- Дұрыс.
- Нанның жасалу жолдарын түсіндіріп, нан (суреттер арқылы) сөзін бірнеше рет айтқызып, қандай дыбыс естілетінін балалардан сұрап, балаларға айтқызу.
- Н, н, н.
- Н дыбысы қалай айтылып тұр?
- Н дыбысы қысқа, тез айтылып тұр.
- Олай болса бұл қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Көк түспен белгілейміз
- Дұрыс балалар. Біз бүгін дыбысымен танысамыз.
- Мына суреттерге назар аударайық.
- Нан, айна, қоян т. б сөздер
- Ендеше н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен.
Н н дыбысының артикуляциялық қалпы: Айнамен жұмыс:
- «Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің үстіне тиеді,
- тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады.
- Н дыбысын әр балаға жеке - жеке айтқызу.
Тіл ұстару жаттығулары:
На - на - на
Но - но – но
Ну - ну - ну
Ен - ен - ен
Ын - ын - ын
Он - он - он
Ан - ан - ан
Н дыбысы жүктеу
9 008
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
П п дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпі
- Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? - П дыбысы дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді. - П әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді. - Парта, дәптер,
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
С дыбысы және әрпі
С дыбысы және әрпі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі Кожекова Ақмарал Жанымхановна
Қ дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы мен әрпі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Ерболова Әсел Сауат ашу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×