Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шашақты сүлгі

05 сәуір 2013, Жұма
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қол еңбек.
Тақырыбы: Шашақты сүлгі.

Мақсаты: Түрлі түсті қағаздан сүлгі жасауды үйрету.. Баланың шығармашылығын, қиялын, тапқырлығын дамыту. Сүлгінің тұрмыста не үшін қажет екенін айтып, сұхбаттасу. Сүлгінің түрлерімен таныстыру. Жұмыс орынын таза ұстауды үйрету, ұқыптылыққа, жұмысты аяғына дейін бітіруге бейімдеу.

Көрнекіліктер: қайшы, фломастер, қара қарындаш, түрлі - түсті қағаздар, картон, желім, үлгі суреттер.
Әдіс - тәсілдері: заттармен жұмыс жүргізуге бағыт беру, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Кіріспе:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт:
- Балалар, мен сіздерге бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабы қол еңбек сабағының тақырыбы болады.

Өзі бөз,
Қол жуғанда болар кез.
Міндеттерін айқындар,
Үш - төрт түрлі аты бар.

(қол орамалдар – майлық, сулық, бет орамал, сән орамал, сүлгі)
Балалар «орамал немесе сүлгі»деп жауап береді. Сүлгі туралы білетін ұғым - түсініктерін айтады
Әліппе дәптермен жұмыс.
– Балалар, қараңдаршы, міне жәй ғана сүлгі болғанымен қаншама түрлері бар ия?
Үлгі суреттерге қарап талдау жасау.
1. Қол орамалдар
Қол орамал бізге қол сүрту үшін қажет, гигиенаны сақтасақ әр адамның өз кол орамалы болуы міндет.
2. Майлық немесе сулық.
Қағаздан жасалған, тамақтан кейін немесе тамақ ішіп отырған кезде қолданады.
3. Бет орамал - сүртінуге арналған ұзынша төрт бұрышты мата.
4. Сүлгі – беті - қолды, ыдыс - аяқты жуған соң сүртуге арналған, жұмсақ матадан жасалған орамал. Ұзындығы жарты құлаштан бір кезге дейін, ені бір шынтақтай, яғни екі - үш қарыс болады. Сән үшін екі шетін кестелеп, оюлайды. Сүлгі көне түрік сөзі – сүрту, сүйкеу, сүйреу дегендегі “сү” түбірінен туындайды.
/слаид ретінде көрсетіге болады/
Міне балалар орамалдың қаншама түрлері бар, енді осындай бір орамалды біз өзіміз түрлі - түсті қағаздан жасап көрсек қайтеді?
Түрлі түсті қағаздан сүлгі жасауға этап этаппен үйренеді.

Жақсы сапаға жетуге талпынады
Сабақ соңында өздері жасаған жұмыстарына қарап, қызықтап, мақтаныш сезіміне бөленеді
Жана мен орамал түрлері туралы оқығанда кім пішіндері туралы есінде сақтап қалды?
Ия, әрине сүлгі әр - алуан пішінді болады бірақ жиі кездесетін түрі ол төрт бұрышты мата дедік ия?
Олай болса ұнатқан бір түсті біз аламыз оған біз төрт бұрышты пішін береміз. Міне енді осы төрт бұрыш пішінді сүлгіні біз әр алуанғып әшекейлесек болады. Міне мен сіздерге әр түрлі үлгілер алып келдім, ішінен үнағанын таңдап алып үлгіні бастырып аламыз.
Тамаша, енді осы бастырған үлгілерімізді қиып алып, жапсырамыз.

Қүтілетін нәтиже:
Нені білді: Атқарған істің сапасы ұжымның әрбір мүшесінің өзі жұмсаған күш - жігеріне байланысты екенін білді
Нені меңгерді: Талпынып, ұқыпты істеген іс жеңіл екенін түсінді.
10 793
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрлі түсті шарлар
Түрлі түсті шарлар
Балаларды шарлардың түстерімен, пішіндерімен таныстыру. (сары, қызыл көк, жасыл) Сурет салу тәсілдерін үйрету. Берілген бейненің ішін бояуға үйрету. Балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тазалық достары. Әдемі сүлгі (қарындашпен өрнек салу)
Тазалық достары. Әдемі сүлгі (қарындашпен өрнек салу)
Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру және дыбыс аппаратын дамыту, суретке деген қызығушылығын ояту
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары
Мазмұны: Балалармен тыныс алу, соның ішінде мұрынмен тыныс алу жаттығуларын орындау. Комплексті жүйелі мұрын мен тыныс алу жаттығуларын қарқыны.
Тазалықтың досы
Тазалықтың досы
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×