Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тазалық достары. Әдемі сүлгі (қарындашпен өрнек салу)

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Тазалық достары». Әдемі сүлгі» (қарындашпен өрнек салу)
Білім салалары: Коммуникация. Шығармашылық
Кіріктірілген оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту. Сурет салу.
Мақсаты:
Б: Балаларды тазалық бұйымдарымен таныстырып, 2 - 3 сөзден тұратын сөйлем құрастыруға, дайын бейнеге қарындашпен өрнек салуға үйрету.
Д: Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру және дыбыс аппаратын дамыту, суретке деген қызығушылығын ояту
Т: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдістер: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын, сурет салу т. б
Көрнекіліктер: слайд, тазалық бұйымдары, үлестірмелі материал, сурет құралдары т. б
Сөздік жұмыс: Сүлгі

1. Шаттық шеңберін құру
Балаларды шеңберге тұрғызып, бір - біріне қарап күлімдеуді өтінеді.
Бала, бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

2. Әңгіме жүргізу. Ғажайып сәт.
Балалар, бізге қолында сөмкесі бар қуыршақ қонаққа келеді. Қуыршақ өзін Әсем деп таныстырады. Қуыршақтың сөмкесінде не бар екен деп қызықтырады.
Тазалық заттары: сабын, сүлгі тарақ, айна бар екен деп олардың аттарын, түсін, құрылысын, не үшін керек екенін сипаттауды тапсырады. Сабынмен жуынамыз, тарақпен шашымызды тараймыз, сүлгімен сүртінеміз т. б. айтып түсіндіреді.
(Қуыршақ Әсемнің үстінің кір болып кеткенін айтып, менен өзін шомылдыруды өтінеді).

3. Суреттегі заттарға байланысты сөйлем құрау.
Мыс: Шашымды тарақпен тарадым. Айнаға қарадым.
Мен тісімді тазаладым. т. б
- Қане, балалар, ендеше Әсемді бірге шомылдырайық. Киімін шешіп, суға шомылдырайық.
Алдымен бас киімін, сонан соң аяқкиімін шешейік Киім шешу ретін көрсетеді. Шеше отырып, киім аттарын айтып отырады: баскиім, аяқкиім, көйлек. Шешіп болған соң шомылдырады.
Ыдысқа мөлдір жылы су құйып, сабынмен суды көпіршіту, денесін сабындап, одан соң таза сумен шайындыру, болған соң сүлгімен сүртіп, денесін құрғатып, таза киімдерін кигіземіз.
Киіну ретін көрсетеді. Біз бүгін осы Әсемге арнап әдемі сүлгі суретін салып береміз.

4. «Әдемі сүлгі» дайын үлгіге (қарындашпен өрнек салу)

5. Тіл жаттықтыру жұмыстары
«Сү - сү - сүлгі», «та - та - тарақ» деген буын - сөздердің айтылуын қайталатып айтқызып үйретеді.

6. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Балаларға үлестірмелі сурет материалдар беріледі.
Балалар олардың ішінен тазалыққа қажетті заттарды атап, тақтаға ілулері керек.

Қорытынды.
- Таңертең жуынасыңдар ма?
Немен жуынасыңдар?
- Сосын немен сүртінесіңдер?
- Тістеріңді жуасыңдар ма?
Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма?
- Таза болғыларың келеді ме?
Балалардың жауаптары тыңдалады....
- Дұрыс, таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз деп, алған әсерлерін
сұрап, жасаған жұмыстарын бағалап, балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже
Балалар тазалық бұйымдарының атауларын біледі.
Тазалықты үнемі сақтау керектігін түсінеді.
Қуыршақпен ойнау барысында заттардың аттарын өздері атап қолдана біледі.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
"Құлыншақ" бөбекжай балабақшасы.
Жоғары санатты тәрбиеші:Адина Сапарқызы
8 052
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Перспективалық жоспар
Перспективалық жоспар
Дене шынықтыру. 1. Педагогтың артынан жүру және бірқалыпты жүгіруге уйрету. Жолақтың үстімен жүруде тепе - теңдікті сақтау. Қос аяқтап секіру
Қызанақ
Қызанақ
Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету. Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
Қуыршақ бізде қонақта
Қуыршақ бізде қонақта
Тәрбиешінің үлгісі бойынша сөйлем құрап, айта білуге үйрету. Балалар қуыршақтың келбетіне қарап, оның шашының, көзінің түсін, көйлегін, аяқ киімін өз беттерінше суреттеп әңгімелеу.
Бауырсақ қалай домалайды
Бауырсақ қалай домалайды
оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. саусақ бұлшық еттерін дамыту.
Қуыршақ қонаққа келді, Тостаған
Қуыршақ қонаққа келді, Тостаған
Балаларға тағамдар мен ыдыстардың аттарын үйрету, оларды ажыратуға жаттықтыру. Ыдыстың не үшін керек екенін түсіндіру. Міндеті: Балалардың қазақтың ою - өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Шығармашылық қасиеттерін дамыту. Тазалыққа, салт
Табақты өрнекпен безендіру
Табақты өрнекпен безендіру
ШҚО, Семей қаласы «№10 «Бал бұлақ» бала - бақшасы» КМҚК бейнелеу өнері мұғалімі Каримжанова Т. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×