Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 саны мен цифры

09 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты: Балаларды 8 саны және цифрымен таныстыру.
Сандарды тура және кері санауды пысықтау.
Балалардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту. Ізденімпаздыққа, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суретті плакат, шар, интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі:
І. Шаттық шеңбері:
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!

ІІ. Әңгімелесу.
- Балалар, сендер пойызға мініп көрдіңдер ме?
- Иә, мініп көрдік.
- Пойызға мінген ұнай ма?
- Әрине, ұнайды.
- Сендер бос уақыттарыңда теледидар қарайсыңдар. «Ғажайыпстанға саяхат» мультфильмімен де өте жақсы таныссыңдар. Осы мультфильмдегі басты кейіпкерлер кімдер?
- Елдос пен Аяжан. (Елдос пен Аяжан балалармен сәлемдеседі)
- Сендер Елдос және Аяжанмен бірге «Ғажайыпстанға» саяхатқа шыққыларың келе ме?
- Иә, шыққымыз келеді.
- Аяжан мен Елдос сендерге бір тапсырма ұсынып тұр. Сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, саяхатқа сендерді де алып шығады.
Тапсырма. Сандарды тура және кері сана: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
- Дұрыс жауап бердіңдер. Қане, дайынсыңдар ма, кеттік ендеше, саяхатқа.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бірінші аялдамада оларға Маржан кездесті.
- Маржанның сендерге дайындап қойған тапсырмасы бар екен.
Балалар берілген суреттерге қарай отырып (тостаған, ойыншық машина, алма, теннистің шары, қарындаш, мойын орағыш, текше, желім, теннистің қалақшасына түсінік беріледі), заттардың қасына тиісті цифрды жазады (тәрбиеші текшені санату арқылы 8 санын шығарып, оның цифрымен таныстырады).
- Суретте қандай заттар бейнеленген?
- Заттардың тобын атаңдар.
Екінші аялдамада олар Айдарды кезіктірді. Айдардың да тапсырмасы бар екен.
- Балалар, Айдардың тапсырмасы күрделілеу. Мұқият ойланып орындайық.

Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Ойын: «Қонжыққа көмектесейік!». Ойынның шарты: әр сөреде неше қыш құмыра барын анықтатып алып, оларды суреті бойынша және түсі, пішіні бойынша топқа бөлдірту. Пішіні бірдей қыш құмыраларды анықтату. Сөредегі бос орынға қандай қыш құмыраны қою керектігін тауып, жапсыру жұмысын орындату.
Үшінші аялдама. Құлыншақтың тапсырмасы бойынша әліппе – дәптердегі 8 цифрын үзік сызықтар арқылы бастырып жазу (8 саны неге ұқсайтынын айтып, ауада жазып көрсету).

Ойын: «Адасқан сандар» ойыны. Ойынның шарты: балаларға 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 деп жазылған түрлі – түсті шарлар таратылып беріледі. Белгі берілген кезде балалар қолдарына шарларын ұстап, ретімен тұра қалулары керек.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта қайда саяхатқа шықтық?
- Қандай санмен таныстық?
- 8 санының құрамын кім айтады?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
12 267
0
  • 100
14 дауыс


Жаңалықтар
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
10 саны және цифрымен таныстыра отырып, 10 санының құрамы мен ерекшеліктерін білдіру. 10 көлеміндегі сандарды қосып азайтуға үйрету;
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
Ғажайыпстанға Саяхат
Ғажайыпстанға Саяхат
Ертеде бір ханшайым өмір сүріпті. Оның әдемі зәулім үйі бар екен, бірақ үйі сондай көңілсіз болған екен, себебі оның бақшасы болмапты. Бір күні ханшайымға бір атай келіп екі гүл сыйлапты, бір гүл – қызыл, ал екінші гүл көк түсті.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Благодарное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Хасенова Жазира Қуанышбекқызы
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі Қоңырова Нағира Аманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×