Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 саны мен цифры

05 ақпан 2013, Сейсенбі
МАД тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 5 саны мен цифры.
Мақсаты: 5 саны мен цифрымен таныстыру. 5 санының пайда болуы және құрамын анықтау. 5цифрын жаза білуге үйрету, тура және кері санай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Интерактифті тақта, үлестірмелі материалдар, цифрлар, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Түрі: Саяхат сабақ
- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келген екен.
Қонақтармен амандасайық!
Ал енді шеңберге тұрып, көңіл күйімізді көтерейік.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым,
Амансың ба, қонақтар,
Сабағымызды бастаймыз,
Жамандықты тастаймыз.
Балалар амандасады.

Балалар көтеріңкі күйде қимыл-қозғалыс жасап, бір-біріне сәлем береді.

Ұйымдастыру
- Балалар қандай ертегілер білесіңдер.
Ертегіні әңгімелеу.
«Мақта қыз бен мысық»ертегісіне саяхатқа шығатындарын хабарлау.
Өздері білетін ертегілерін айтты.
Саяхатқа шығатындарына қуанды.
Өткен сабақты еске түсіру.
0-ден 4-ке дейін сандарды қайталау
Тура және кері санады
Сандарға байланысты тақпақ айту.
Тақпақтарын айтты.
Жаңа сабақты хабарлау.
5 саны және цифрымен таныстыру.
5 санмен танысты.
Тура және кері санау.
Тура және кері санап үйренді.
5 санына тақпақ жаттау.
Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын,
Оңай табасың бесті.

Дәптермен жұмыс.
5 цифрын жазу.
5 цифрын жазды.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Сергіту сәтін қимылмен орындады.
1-тапсырма:
Қолғаптардың сыңарын тап.
Қолғаптардың сыңарын тапты
2-тапсырма:
Құмырсқаның таңқурайға, жұлдызқұрттың шиеге жетуіне көмектес.
Көмектесті.
3-тапсырма:
Бос орынға тиісті пішінді сал.
Тиісті пішіндерді салды.
4-тапсырма:
Көршісін тап.
Сандардың көршісін тапты.
Сергіту сәті:
«Қара жорға»
«Қара жорғаны» биледі.
5-тапсырма:
Әр суретте қанша зат бар екенін сана және тиісті цифрды шеңбер ішіне жаз.
Тиісті цифрды жазды.
6-тапсырма:
Есеп шығару.
Есепті шығарды.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Бүгін қандай санмен таныстық?
- 5 саны
- Барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар, балалар.
Күтетін нәтиже:
Білу: 5 саны және цифрымен танысып білді.
Игеру: Ертегіні мазмұндай отырып, әр түрлі тапсырмаларды орындауды игерді.
Меңгеру: Тура және кері санауды меңгерді
26 225
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
10 саны және цифры
10 саны және цифры
10 санымен цифрымен таныстыру, құрамын анықтау.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
Мақсаты: 10 санының пайда болуы. 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың қабілеттерін, жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуге үйрету.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
Қарғанды облысы, Қарқаралы қаласы, №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
1 саны мен цифры
1 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталық тобының тәрбиешісі Айекешова Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×