Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ленталарды жина, Ормандағы аю, Саптық жаттығулар

24 қыркүйек 2019, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: «Ленталарды жина», «Ормандағы аю». Саптық жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың қозғалмалы ойынына қызығушылығын арттыру, қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгерту;
- Ептілік, икемділік қабілеттерін дамыту;
- Бәсекеге қабілетті болуға, ұйымшылдыққа, өзара көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Құрал — жабдықтар: доптар, секіртпе, ысқырық, сақиналар

Дайындық бөлімі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу:
а) сәлемдесу;
б) сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау.
Саптағы жаттығулар:
а) Оңға! Артқа! Солға! Солға!
Жүру және оның түрлері:
а) қолды жоғары тік көтеріп,
аяқтың ұшымен жүру
ә) қолды екі жаққа созып, өкшемен
жүру
б) қолды белге қойып, сыртқы
қырымен жүру
в) қолды белге қойып, ішкі
қырымен жүру
Арнайы жүгіру жаттығулары:
а) аяқты артқа бүгіп жүгіру
ә) тізені жоғары көтеріп жүгіру
б) оң (сол) жақ қырмен тіркеле
адымдап жүгіру
в) аяқтың ұшын созып, алдыға
қайшы тәріздес жүгіру
г) жылан тәріздес жүгіру
Жалпы дамыту жаттығулары:
а) бастапқы қалып: қолымыз белде
1, 2, 3, 4 - мойнымыз оңға (солға)
айналдыру
ә) б. қ. қолымыз белде
«1»- басымызды алдыға түсіру
«2»- басымызды артқа қою
«3»- оңға
«4»- солға қою
в) б. қ. екі қолмен гимнастикалық
ағашты ұстау
«1»- сол аяқпен алға кең қадам
жасап, екі қолды жоғары көтеру
«2»- б. қ. келу керек
«3»- оң аяқпен алға кең адым
жасап, екі қолды жоғары көтеру
ғ) б. қ. екі қолды жоғары көтеру,
аяқты алшақ ұстау
«1, 2, 3»- оң жаққа иілу
«4»- б. қ.
д) б. қ. қолды алдыға тік ұстау
«1»- оң аяқтың ұшымен сол
қолға тигізу
«2»- б. қ.
«3»- сол аяқтың ұшымен оң
қолға тигізу
«4»- б. қ.
4 қатардан 1 қатарға тұру
Жаттығу жасайтын орынға бару

Негізгі бөлім:
Ойындар қимыл - қозғалыс ойындар және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл – қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі.
Қимыл – қозғалыс ойыны. Қимыл - қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе - тендік сақтау және мінез - құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл – қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері – айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу - ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз - көптігіне қарай қимыл - қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:

«Ленталарды жина»
Ойын шарты: Әр балаға түрлі түсті бір ленталар таратылады. Бір бала жүргізуші болып таңдалады. Ол балаларды қуып жетіп, ленталарын жинау керек.
Қимыл - қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл – қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады. Сонымен бірге бір - бірімен байланыс жасап, тіл табысуға көп көмегін тигізеді.

Қорытынды бөлім:
- жаттығу орнын жинастыру
- сапқа тұрғызу
- сабақты қорытындылау
- оқушыларды бағалау
- тұрған сап арқылы залдан шығу

Түгел тыңдауын қадағалау.
Толық сапқа тұруларын қадағалау. Сабаққа қатысуына байланысты бағалау
Түгел қоштасуын қадағалау.
Бір саппен шығуын қадағалау.
7 951
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Оқушыларға футбол ойынының ережесі мен тәсілдерін үйрету. Оқушылардың жан - жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік, төзімділік сияқты қимыл - қозғалыстарын арттыру.
Баскетбол элементтері бар эстафеталық ойындар
Баскетбол элементтері бар эстафеталық ойындар
Салауаттық өмір салтын насихаттау. Күш - жігерін дамыту, жылдамдығын арттыру.
Қозғалмалы ойындар «Көңілді сөре»
Қозғалмалы ойындар «Көңілді сөре»
Дене сапаларын дамыту арқылы, денсаулықты жақсарту. Оқушыларды тәртіпке, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Бастауыш сынып дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Бастауыш сынып дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, "Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абжанов Берик Ергалиевич
Гимнастика тепе –теңдікті  сақтау
Гимнастика тепе –теңдікті сақтау
БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалмияров Жансерік Қайратұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×