Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еуразия жер бедері

12 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: География
Сынып: 7
Тақырыбы: §16. Еуразия жер бедері
Мақсаты: Еуразияның жер бедерінің дамуы мен ерекшеліктері туралы мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже: Жер бедерінің негізгі түрлерін және жер сілкіну мен жанартаулық аймақтарды анықтайды.
Ойлау құралдары: Физикалық карта, интерактивті тақта, электронды оқулық, флипчарт, маркер, смайликтер.
Қажетті әдіс – тәсілдер: Миға шабуыл, «Идеяларды тоғыстыру» (Не? Қайда? Қашан?) оқыта үйрету ойыны, «Саяхат» ойыны, «Венн диаграммасы», Егер де мен...... кілті, «Бағдаршам» әдісі
Деңгейі, мақсаты: Сұрақтар мен тапсырамалар (түрткі)
Ұйымдастыру кезеңі: Еуразия материгінде кездесетін тау, жазық, жанартау арқылы 3 топқа бөлемін.
Білу: Теориялық материалды еске түсіру арқылы оқушының қызығушылығын ояту Миға шабуыл: жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылардың теориялық білімін тексереді:
1. Жер қыртысы деген не, оның қандай түрлері бар?
2. Платформа дегеніміз не, олардың бірнеше ірілерін атаңдар?
3. Геосинклиналь дегеніміз не, оларға қандай жер бедері сәйкес келеді?

Түсіну: Тақырыптың мақсаты мен міндетін ашу. «Идеяларды тоғыстыру»
(Не? Қайда? Қашан?) оқыта үйрету ойыны:
1 - топ (Тау): Материктің жер бедерінің алуан түрлі болуын немен түсіндіруге болады?
2 - топ (Жазық): Материктің жер бедерінің негізгі белгілерін анықтаңдар?
3 - топ (Жанартау): Жер сілкіну мен жанартаулық аймақтарын анықтаңдар?
Қолдану: Географиялық нысандар атауын
есте сақтау. «Саяхат» ойыны: Кескін картамен жұмыс Еуразия аумағындағы ірі жазықтарды, геосинклиналдық белдеулер мен олардағы тау жоталарының жату бағытын белгілеу.
Талдау.
Еуропа мен Азия дүние бөліктерін салыстыру.
«Венн диаграммасы»
Еуропа мен Азия жер бедерінің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екендігін нақты мысалдармен түсіндіріңдер.
Жинақтау: Егер де мен...... кілті
Бағалау «Бағдаршам» әдісі
Үйге тапсырма §16. Еуразия жер бедері.
Өздерің тұратын жердегі жер бедерінің пішіндерін сипаттаңдар, олардың қандай құрылымдарға сәйкес келетінін карта бойынша анықтаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 771
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Географиядан сабақ жоспары
Географиядан сабақ жоспары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, «Бейнеу гимназиясы» ММ география пәні мұғалімі Бекібай Марал Кітабайқызы
Түркия мемлекетінің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Түркия мемлекетінің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, «Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі Иниргалиева Нургул Нуровна
Еуразия материгінің халқы және елдері
Еуразия материгінің халқы және елдері
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп-гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Еуразия - алып материк
Еуразия - алып материк
Сабақ тақырыбы: Еуразия материгі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×