Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр географтары

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: География
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы,
Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің
география пәнінің мұғалімі Абишева Гулдана Манарбековна

«ХХІ ғасыр географтары» сыныптан тыс жұмысы.

Мақсаты: Оқушылар арасынан география пәнін жетік меңгерген оқушыларды анықтау, яғни лидер топты іздеу.
Міндеті: Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін тексеріп, саралау. Білмегендерін үйрету.
Көрнекіліктер: дүниежүзінің физикалық картасы, саяси картасы интерактивті тақта, глобустар, атлас.
Сабақ түрі: жарыс сабақ.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ ғасыр географтары» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болу – негізгі мақсатымыз. Оқушылардың пәнге қызығуын, ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшыларын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Сайыс – толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Сайыс – толқын, жатқандай асып тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен танысайық.
1.
2.
3.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
І. « Бәйге» кезеңі
ІІ. «Білгіш географ»
ІІІ. «Жорға»
ІҮ. «Әріпті ауыстыр»
Ү.«Тапқырлық»
ҮІ. «Әділқазылар шешімі»
Олай болса әр топтар өздерін таныстырып өтсін.

Сайыс барысы:
І кезең. «Бәйге». Ойын шарты. Экранда берілген мемлекеттердің астаналарын табу. Мына мемлекеттердің астаналарын тап. Дұрыс жауапқа 5 ұпай, уақыт 3 минут
1 топ.
Алжир - Алжир Лаос - Вьентян
Чехия - Прага Эфиопия - Аддис - Абеба
Венесуэла - Каракас Кения - Найроби
Дания - Копенгаген Ангола - Луанда
Сингапур - Сингапур Канада - Оттава
2 топ.
Аргентина - Буэнос - Айрес Филипин - Манила
Бангладеш - Дакка Египет - Каир
Венгрия - Будапешт Марокко - Рабат
Замбия - Лусака Мозамбик - Мапуту
Тайланд - Бангок Мексика - Мехико
ІІ кезең. «Білгір географ». Атласты пайдалана отырып Экранда берілген сандарды анықтау. Жоғарғы ұпай 5 ұпай, уақыт 3 минут.
1Топ. 2 Топ.
1620 м - Байкал көлі 6194 м - Мак - кинли тауы
8848 м - Джомолунгма - 405 м - Өлі теңіз
4506 м - Белуха шыңы 2992 м - Тастау (Тарбағатай)
6995 м - Хан тәңірі 816 м - Кракатау жнр
132 м - Қарақия ойысы 11022 м - Мариана шұңғымасы

ІІІ кезең. «Жорға». Экранда берілген географиялық атауларды ортақ белгілері бойынша топтастыру.(5 ұпай), уақыт 2 минут
1 Топ.
Килиманджаро, Эверест, Этна, Фудзияма.
Бриз, муссон, нивелир, ауа массалары.
Арарат, Кавказ, Карпат, Хонсю.
Балқаш, Алакөл, Ван, Ява.
Гренландия, Элсмир, Банкс, Куба, Хуанхэ.
2 Топ.
Ертіс, Жайық, Сырдария, Балқаш.
Ява, Сулавеси, Суматра, Гималай.
Меконг, Янцзы, Хуанхэ, Кукунор.
Тайвань, Хайнань, Тимор, Ван.
Мак - Кинли, Орисаба, Элсмир, Аконкагуа.

ІҮ кезең. «Әріпті ауыстыр». Бұл кезеңде сайыскерлер әріптердің орнын ауыстыра отырып әр түрлі сөздер құрайды.(5 ұпай), уақыт 3 минут.
1 Топ.
л п о ю с - полюс
т а р к а - карта
и а н м е д р и - меридиан
м т у з и а - азимут
е ф а м о т а с р - атмосфера
и о н з г т ь л а р о - горизанталь
с п м а о к - компас
2 Топ.
а л л ь л е п р а - параллель
қ з а ж ы - жазық
л п н а - план
р т о к в э а - экватор
ф е с р а и б - биосфера
қ л ы й о б - бойлық
ғ д а а р у а л б - бағдарлау

Ү кезең. «Тапқырлық». Экологиялық есептер беріледі. Әр қайсысына бес есептен. Уақыт төрт минут. (ән тарту).
Бірінші оқушының бес есебі:
1 есеп. Тәулігіне 1 ағаш 1 адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың бөлінуіне байланысты бұл оттегі 10 есе кемісе, бір жарым миллион халқы бар Алматы қаласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет?
Шешуі: 1500000*10=15 млн. (ағаш)
2 есеп. Бір автомобиль тәулігіне 20 кг. Газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады?
Шешуі: 6*20=120/ 120*30= 3600 (кг)
3 есеп. 1 тонна мата қалдығынан өңдеп 600 метр мата алуға болады. Осындай 35 тонна мата қалдығынан қанша метр мата алуға болады?
Шешуі: 35*600=21000 (м)
4 есеп. Құмырсқа 1 минутта ұясына 2 ондық жәндік тасып әкелсе, 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі?
Шешуі: 20*120=2400 (жәндік)
5 есеп. Жер мен айдың арасы 384000 шқ, ал жер мен күннің арасы 149500000 шқ болса, Ай күнге қарағанда Жерге жуық шамамен неше есе жақын?
Шешуі: 149500000: 384000=389. 3 (есе)
Екінші оқушының бес есебі:
1 есеп. Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350 метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады?
Шешуі: 365*350= 127750 м (куб)
2 есеп. Үйрек 70 күнде 4 кг - ға дейін салмақ қосса, 35 күнде ол қанша салмақ қосады?
Шешуі: 70: 35=2 4: 2=2 (кг)
3 есеп. Бамбук ағашы тәулігіне 30 см өседі, ал терек ағашы 2 см өседі, бамбук ағашы тәулігіне неше есе артық өседі?
Шешуі: 30: 2= 15 (есе)
4 есеп. Әр адам 1 жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланады. 1 жылда сенің отбасыңа қанша қағаз керек?
Шешуі: 4 адам болса – 4*12 = 48 (ағаш)
5есеп. 60 кг құрттар 1 ағаштың өмірін қорғаса, оқушылар жинаған 420 кг құрттар неше ағаштың өмірін қорғайды?
Шешуі: 420: 60 = 70 (ағаштың).
ҮІ кезең. «Әділқазылар шешімі» деп аталатын кезеңде сайыскерлердің 5 кезең бойына жинаған ұпайларының қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топты анықтаймыз. (ән)
Осымен бүгінгі 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары арасында өткізілген «ХХІ ғасыр географтары» атты сайысқа келгендеріңізге рахмет, қош сау болыңыздар!!!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 973
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білгір географ танымдық сайысы
Білгір географ танымдық сайысы
XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру, Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі Абишева Гулдана Манарбековна
ХХІ  ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×