Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін информатика пәнінен
7 – 9 сыныптар аралығында «Жүйрік болсаң, озып көр» деп аталатын кеш өткелі отыр.
Бұл кештің мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерінің деңгейін анықтау. Ортаға 7 – 9 сынып оқушыларын шақырамыз. Әрбір сыныптан 2 оқушыдан шығады.
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл!–

деп әрбір сыныптың әділдігін айту үшін әділ қазылар алқасын таныстырайын.
1. Есетов М.
2. Зарипова Қ.
3. Пазылбекова Ө.
Сынып оқушылары 4 кезең бойынша білім деңгейлерінің қандай дәрежеде екендігін көрсетеді.
І кезең. «Білімділер» сайысы

Компьютер – бұл техниканың төресі,
Оза алмайды жарыста тар өрісі.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім мықты - деп сайысымызды бастаймыз.
1. Алғашқы есептеу құрылғысы.
2. Пернетақта дегеніміз не?
3. Бит деп нені айтады?
4. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз?
5. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды?
6. Математикалық формулалар мен символдарды енгізу редакторы.
7. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама.
8. Компьютердің жанындағы өсімдік.
9. Мәліметтерді енгізу пернесі.
10. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы.
Оқушылардың әрбір сұрақ – 1 ұпайменен бағаланады.
Тартысайық сайыста, күш жігермен.
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен.
ІІ кезең. «Қанша тілді білесің?»

Жұмбақтар беріледі, соның жауабын қазақша, орысша, ағылшынша, яғни үш тілде айту керек.
Қазақша жауабы – 5 ұпай, орысша жауабы – 10 ұпай, ағылшынша
жауабы – 15 ұпай болады.
1. Мәліметтерді сұраған,
Экранға шығарған.
2. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
3. Windows - дегеніміз не?
4. Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
5. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз.
6. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың.
7. Жақтаулар арқылы шектелген,
Экрандағы төртбұрышты аймақ.
ІІІ кезең. «Тапқырлар» сайысы

1. Математикадан сұрақ.
12+48х89 есебін компьютерде қалай шығарамыз?
2. Информатикадан сұрақ.
Компьютердің миы деп нені атайды?
3. Тарихтан сұрақ.
Ең алғаш ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалған?
4. Информатикадан сұрақ.
Дүниежүзілік компьютерлік желі.
ІV кезең. «Кім шапшаң?»

Бұл бөлімде тармақталу командасына есеп берілген. Есепті жылдам, әрі дұрыс шешу керек.
1. 1) 10 INPUT X
20 R = 3 * X ^ 2 – 7 * X +2
30? R - программасындағы Х = 3 болғандағы нәтижені анықтау.
2. Х = 3 болғанда төмендегі программалардың қайсысының орындалу нәтижесі - 10 санына тең болады?
1) 10 INPUT X
20 Y= SQR (3* X + 4*X^ 2+4 )
30? Y
2) 10 A = 5: INPUT X
20 T = X^2 - A*X - 2
30? Т
3) 10 INPUT X
20 R =5 * X – X ^2 - 4
30? R
4) INPUT X
R = 3* X ^ 2 – 7* X+2
30? R
Осы 4 кезеңнен суырылып алған шыққан оқушыға «Үздік информатик» деген атақ беріледі. Сонымен, қазір информатика пәні бойынша ең жақсы білімділігімен көзге түскен сынып оқушыларын марапаттау, әділқазылар алқасына беріледі.
4 622
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Роботтар әлемі
Роботтар әлемі
Сайыс мақсаты: Оқушылардың робототехника үйірмесі бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жас информатиктер
Жас информатиктер
ОҚО, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында, С.Қожанов атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Шайхстамова Калима Ибраена
Ғажайып информатика
Ғажайып информатика
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Компьютердің пайдасы мен зияны
Компьютердің пайдасы мен зияны
Шымкент қаласы, №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп- лицейінің информатика пәні мұғалімі Умирова Гулайна Зиябековна
"Көкпар" білім сайысы
"Көкпар" білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×