Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Климат

05 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: География
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп
География пәні мұғалімі Ахетов Асқар Қуантайұлы

Сабақ тақырыбы: Климат
Мақсаты: 1) Оқушыларға климаттың не екенін түсіндіру. Климаттың ендікке байланыстылығын, климатқа мұхит пен теңіздің әсерін, жер бедерінің, адамның әсерін түсіндіру.
2) Климатқа адамның әсерін түсіндіре отырып, экологиялық білім беру.
3) Климат анықтамасын, жердің климаттық белдеулерін түсіндіре отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

Сабақ типі: аралас.
Сабақ түрі: дәстүрлі.
Оқыту әдісі: тест, ауызша түсіндірмелі.
Көрнекілігі: Дүние жүзі саяси картасы, карточка, теллурий, кодоскоп, асық.
Пән аралық байланыс: математика.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.

І. «Миға шабуыл» ойыны.
1. Жер күнді неше жылда 1 рет айналады?
2. Жазғы күн тоқырау қашан болады?
3. Жазғы күн тоқырау кезінде күннің жерге түсетін орны қай параллель?
4. Күзгі күн теңелуі қашан болады?
5. 23 қыркүйекте күн қай ендікке тік түседі?
6. Қысқы күн тоқырауы қашан болады?
7. Ең қысқа күн, ең ұзақ түн қашан болады?
8. Көктемгі күн теңелуі қашан болады?
9. Солтүстік полюсте полярлық күн қашан басталады?
10. Жер шарында қанша жылу белдеуі бар?

ІІ. Білімдер сайысы.
3 топтан бір - бірден 3 оқушы шығып сұраққа жауап береді.
1 - сұрақ. Глобус пен фонарь (күн) арқылы жазғы және қысқы күн тоқырауын көрсетіп сұраққа жауап бер.
1. Жер білігі (осі) күнге қанша градус көлбеу орналасқан?
2. Жазғы күн тоқырауы кезінде күннің түсетін орны қай ендік?
3. Солтүстік жарты шарда осы кезде полярлық күн бола ма, полярлық түн бола ма? Жауабыңды дәлелде.

2 - сұрақ. Жер шарында неше жылу белдеулері бар? Жауабыңды дәлелде.
1. Ең ыстық белдеу қайсы?
2. Неге 2 суық белдеу бар?
3. Қай белдеуде жылдың 4 мезгілі айқын көрінеді?

3 - сұрақ. Дүние жүзінің саяси картасынан Қазақстан мемлекетін тауып, төмендегі сұраққа жауап бер.
1. Қазақстанға қандай жылу белдеуі жатады?
2. Елімізде жылдың 4 мезгілі айқын байқала ма?
3. Көктемгі күн теңелуі кезінде қазақтарда қандай мейрам болады?

4 - сұрақ. Күннің жерге әсері қандай? Жауабыңды дәлелде.
1. Күн жерге тек жарық бере ме?
2. Күн сәулелері жерге көлбеу түссе, жер бетін қалай жылытады?
3. Күн тоқырауын қалай түсінесің?

Актуальдау. Жаңа сабақ.
Жер Күнді қанша уақытта 1 рет айналып шығады? Қыстағы ауа райының күздегі ауа райынан қандай айырмашылығы бар.

Жаңа сабақ түсіндіру.
Климат қалыптастырушы факторлар
Географиялық ендік
Мұхит пен теңіз әсері
Жер бедері әсері
Адам әсері

Климат белдеулері
4 негізгі
1. Экваторлық
2. Тропиктік
3. Қоңыржай
4. Полярлық

3 өтпелі
1. Субэкваторлық
2. Субтропиктік
3. Субполярлық

Қорытынды:
Сонымен, климаттың таралуы күн сәулесіне емес, климат құрушы факторларға байланысты, олар жер бедері, географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысына байланысты.
Бекіту:
Климат дегеніміз не?
Климат элементтеріне не жатады?
Климат құрушы қандай факторлар бар?
Жердің қандай климат белдеулері бар?

Үйге тапсырма: § 36. Климат.
Бағалау.
23 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері. Агроклиматтық ресурстар
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері. Агроклиматтық ресурстар
Климаттың адам өміріне тигізетін әсерін мысалдар мен нақты ойларын ортаға салу арқылы тұжырымды өзара пікір алмасады, агроклиматтық ресурстарды талдайды
Климаттық белдеулер
Климаттық белдеулер
Климаттық белдеулерді талдайды Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жер шарының климаттық белдеулерін біледі. Басым бөлігі: Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттайды.
Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру.
Күнделікті сабақ жоспары, Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Күнделікті сабақ жоспары, Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Ауа-райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Жердің күнді айнала қозғалысы параграфы материалдарын пайдалана отырып жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Көмірсутектер туындысы – спирттер туралы білімді қалыптастыру спирттер қасиетіне функционалдық топтардың әсерін түсіндіру құрылысы, қорытынды жасай білу, спирттердің физикалық қасиетіне сутектік байланыстың әсерін түсіндіре білу
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің География пәні мұғалімі Тілеп Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×