Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Климаттық белдеулер

29 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: География
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
3. Физикалық география
2. 3 Климаттық белдеулер
Мектеп: №74 жалпы орта мектеп
Мұғалімнің аты - жөні: Дауренова Г. К
Сабақтың тақырыбы: Климаттық белдеулер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
8. 3. 2. 3. Климаттық белдеулерді талдайды
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жер шарының климаттық белдеулерін біледі.
Басым бөлігі: Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттайды.
Кейбірі: Негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді атайды, ерекшеліктерін сипаттайды, кескін картаға түсіреді.
Бағалау критерийі • Жер шарының климаттық белдеулерін біледі;
• Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайларын сипаттай алады;
• Негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді ажыратады және картадан көрсете алады;
Тілдік мақсаттар Оқылым – айтылым: Мәтінді оқи отырып, климаттық белдеулердің ерекшеліктерін және орнын картадан көрсетеді.
Тыңдалым – жазылым: Ойларын ортаға салады, бір - бірінің пікірін тыңдайды, кескін картаға климаттық белдеулерді түсіреді.
Пән бойынша сөздер мен терминдер: климаттық белдеулер, климат түзуші факторлар
Құндылықтарға баулу Оқушылар топтық жұмыста достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары, өмір бойы оқып - үйрену.
Пәнаралық байланыс Тарих – жер бедерінің қалыптасу жағдайы;
Биология – негізгі және өтпелі климаттық белдеулердегі жануарлар мен өсімдіктер.
Алдыңғы білім Атмосфераның құрамын сипаттайды;
Температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын - шашын, ылғалдылығын зерттейді.
Жоспар
Сабақтың жоспарланған уақыты
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басы
8 минут Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Топ ережесін еске салу.
«Досыма сыйлық»атты шаттық шеңберін құрады:
Конвертке салынған субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық деген қима тапсырмаларды бір – біріне жақсы лебізін жеткізе отырып береді. Оқушылар өз топтарына топтасып отырады.
1 – топ «Субэкваторлық»
2 – топ «Субтропиктік»
3 – топ «Субарктикалық»

«Миға шабуыл» әдісі бойынша бір - біріне сұрақ қою арқылы үй жұмысын қайталау сұрақтарына жауап береді.
Сабақтың ортасы
27 минут Тақырыпқа байланысты сурет көрсету арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта, жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Әрі жаңа тақырыпқа қатысты жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушының алдыңғы білімін жинақтау.
1 – тапсырма (топтық жұмыс)
«Дана үкі» әдісінде оқушыларға оқулықтағы мәтін бөлініп беріледі, мәтінді оқып, топ ішінде терең талқылайды, дәптермен жұмыс жасайды және ортаға шығып әр топтың дана үкісі өздерінің мәліметтерімен бөліседі.
1 – топ. Климаттық белдеулер атын атап, белдеулердің географиялық орналасуын анықтау.
2 – топ Экваторлық, тропиктік климаттық белдеулердің географиялық орнын, ауа массаларын, климат ерекшеліктерін анықтау.
3 – топ Қоңыржай, арктикалық климаттық белдеулерінің ауа массаларын, климаттық ерекшеліктерін анықтау.
Дескриптор
• Климаттық белдеулерді атайды, белдеулердің географиялық орнын анықтайды.
• Экваторлық, тропиктік климаттық белдеулердің ауа массаларын, климат ерекшеліктерін атап картадан көрсетеді.
• Қоңыржай, арктикалық климаттық белдеулердің тұрақты немесе маусымдық желдерінің бағытын анықтайды, картадан көрсетеді.

Өзара топтық бағалау:
«Түртіп алу» арқылы берілген жауаппен өзін бағалайды.

2 – тапсырма (жұптық жұмыс)
«Ақпарат жинау» әдісі арқылы оқушылар дүниежүзінің климаттық картасын пайдаланып, климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттап, жауын - шашын мөлшерін, температурасын анықтау. Осылайша оқушылар «климатология», «негізгі климаттық белдеу», «өтпелі климаттық белдеу», «теңіздік және континенттік климат» терминдерінің анықтамасын айтады.

Дескриптор
• Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттайды.
• Жауын - шашын мөлшерін анықтайды.
• Температураларын көрсетеді.
• Климаттық факторларды біледі, оларды талдайды.
• Термин сөздерге анықтама береді.

Өзін - өзі бағалау:
«Қошемет» көрсету арқылы бағалайды.

3 – тапсырма (топтық жұмыс)

«Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы оқушылар негізгі жәнеөтпелі климаттық белдеулерді атау, ерекшеліктерін сипаттау, қандай градустық ендікте жатқанын анықтау және кескін картаға түсіру.

Дескриптор
• Климаттық картаны, физикалық картаны және қосымша деректерді пайдаланып, негізгі және өтпелі климатық белдеулерді көрсетеді, атайды.
• Негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің ерекшеліктерін сипаттайды.
• Барлық белдеудің қай градустық ендікте жатқанын анықтайды.
• Кескін картаға түсіреді.

Қалыптастырушы бағалау:
«Жылы лебіз» арқылы бағалау, «тамаша, жарайсың!» «алғыр екенсің, керемет!», «сенің қолыңнан бәрі келеді, жақсы!»
Сабақтың соңы
5 минут Кері байланыс
«Круиз» әдісі арқылы оқушылар сабақта өздерінің қаншалықты деңгейде білім алғандығын әрбір
«түсініксіз арал»,
«белгісіз арал»
«көңілді арал»
«керемет аралы»
«шабыттану аралы»
«қанағат аралына» сапар шегу арқылы білдіреді.

Толық нұсқасын жүктеу
4 532
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Американың климаты. Күнделікті сабақ жоспары
Солтүстік Американың климаты. Күнделікті сабақ жоспары
Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Жер бетіне ауа температурасы мен қысымның таралуы (күнделікті сабақ жоспары)
Жер бетіне ауа температурасы мен қысымның таралуы (күнделікті сабақ жоспары)
Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор.
Оңтүстік Американың климаты
Оңтүстік Американың климаты
Оңтүстік Американың климаты мен оны қалыптастырушы факторлары туралы түсінігін қалыптастыру; Негізгі және өтпелі климаттық белдеулер туралы білімдерін кеңейту
Географиядан сабақ жоспары
Географиядан сабақ жоспары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, «Бейнеу гимназиясы» ММ география пәні мұғалімі Бекібай Марал Кітабайқызы
Солтүстік Американың ішкі сулары
Солтүстік Американың ішкі сулары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, № 7 орта мектебінің география пәні мұғалімі Мысамбаева Гулбаршын
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің География пәні мұғалімі Тілеп Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×