Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жайық өзенінің экологиясы

25 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі.
География, экология пәнінің мұғалімі
Сабиров Ербол Амангелдіұлы

Жайық өзенінің экологиясы
Батыс Қазақстан территориясы бойынша 196 өзен ағады, оның ішінде тек сегізінің ағыны тұрақты, ұзындығы 200 км - ден асады. Осы өзендердің ішінде ең маңыздысы, Қазақстандағы ұзындығы 1000 км - ден асатын ірі 7 өзеннің бірі - Жайық өзені болып табылады. Ал осы Жайық өзенінің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы күннен күнге төмендеп барады. Мемлекет үшін аса маңызды өзендердің бірі болып отырған Жайықтың бұл проблемаларына көз жұма қарамауымыз керек.

Жайық – Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.
Өзен 1991 жылы мемлекетаралық трансшекаралық су объектісі статусын алды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Таналық, Сурет 1. Жайық өзені алабы - Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), ның орналасуы. Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км [1]. Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды (сурет 1).

Жайық өзенінің жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км², Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларымен бірге шекара болып есептеледі. Жайық өзенінде су жол қатынасы ХХ - ғасырдың бірінші жартысында күшті дамып, оның аяғында мүлдем тоқталды деуге болады. Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен. Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балық шаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.

Жайық өзенінің бастауында жер бетінің деңгейі 637 м биікте, ал Каспий теңізіне құяр жері теңіз деңгейінен 27 - 28 метр төмен жатыр. Сондықтан Жайық өзені арнасының құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см төмендеп отырады. Ал көршілес жатқан Еділ өзенінің құлау бұрышының деңгейі Жайықтан 4 есе аз. Осы құлау деңгейінің салыстырмалы биіктері үлкен болғандықтан, күз кезінде су ағысының жылдамдығы сағатына 4 - 5 шақырым болса, ал көктемгі су тасыған шағында 10 шақырымға дейін жетеді. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Жайыққа қарашаның аяқ кезінен бастап мұз қатады да, наурыз айының соңы мен сәуір басында мұздар сөгіліп, өзен ағысы еркіндік алады. Мұздың қалыңдығы орташа 60 - 80 см - ге дейін жетеді. Мұз құрсану уақыты 130 - 120 тәулікке созылады.

2011 жылы Батыс Қазақстанда Шаған, Деркөл, Жайық, Чижа - 1, Чижа - 2, Быковка өзендері тасып, Орал қаласының маңайындағы ауылдарды су басып қалды (сурет 2). Судың ең жоғарғы деңгейі мамырда – 218 см анықталған. Ал ең төмен деңгейі наурызда – 218 см белгіленді. Судың ең жоғарғы жылдамдығы мамырда – 0, 96 м/с байқалды. Ал Махамбет ауданында су тасқыны ертерек басталды, судың максималды деңгейі Атырау қаласына қарағанда жоғары болды және мамыр айында – 734 см жетті.

Жайық өзенінің экологиялық проблемалары, басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты. Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себебі арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар: - арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы;
- жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады [3].
Жайық өзенінің экологиялық жағдайды күннен күнге нашарлауда. Жайық өзені суының ластануының басты себебі Новотроицк мұнайды қайта өңдеу зауытының қалдықтарының суға тасталуы, сонымен қатар Жайықтың сол жақ саласы Елек өзені Ақтөбе хром зауыты және Алға химкомбинаты қалдықтарымен ластануда.

Сурет 2. Жайық өзені қатты тайызданып, өнеркәсіптік қалдықтармен ластануда.
Өзге де Жайықтың кіші салалары мал шаруашылығы қалдықтарымен ластанып жатыр. Жайықтың кей салаларында жыл сайын су тасқыны болып зардап шегіп жатса, кейбір салалары, керісінше, бірнеше жыл қатарынан тасқын су көрмеген. Бұл салаларда тасқынның жоқтығының салдарынан экологиялық жағдайының төмендеуі байқалуда. Тасқынның жоқтығы аңғардың қоқыстармен ластануына және құмды жағажайларда өсімдіктердің қаптап өсіп кетуіне әкеледі (сурет 3).

Сурет 3. Аңғардың қоқыстармен ластануы және құмды жағажайларда өсімдіктердің қаптап өсіп кетуі.
Жайық өзенінің ландшафтты - экологиялық жағдайын және су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көпғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек.
Жайық өзенін ластанудан сақтауды қамтамасыз етудің кешенді шараларына төмендегідей әрекеттер кіреді:
- суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған су айналымдық және аралық тазалау немесе суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу.
- қалдық көлемін азайтып, сусызданған қалдықты немесе былғауыштардың қойырланған ерітіндісін жер қойнына көму технологиясын жетілдіру. – өндіріс және тұрмыс қалдықтармен ластанған суларды тазалау әдістерін жетілдіру.
- өсімдіктерді аурудан және түрлі зиянкестерден, егістіктерді арам шөптерден қорғауды қамтамасыз етуші биологиялық және басқа да агротехникалық шаралардың пәрменділігі мен қолданыс аясын кеңейте отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман шаруашылығын шектен тыс химияландыруға тоқтау салу.

Қорытып айтқанда, су байлықтарын сақтау - бүкілхалықтық іс екенін ұмытпауымыз керек. Өзен сулары бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Халық даналығы: «Су ішетін құдығына түкірме, кейін одан су ішерсің» - дейді. Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану, сақтай білу баршамыздың абыройлы борышымыз. [5].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, Мектеп, 2002
2. Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы. Ғарифолла Әнес, Қ. Ахметов. Алматы - 2010
3. Бейсенова Ә. С., Шілдебаев Ж. Б. Экология оқу құралы. – Абай атындағы АлМУ. – Алматы: 1999.
4. Қазбеков А. Экологиялық жаршы. Газет 2005 жыл
5. Петренко А. З. т. б. Орал облысының табиғаты және оны қорғау. 1, 2 бөлім А. С. Пушкин ат. УПИ.- Орал, «Диалог» 1991.
23 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құдайбергенов. Ақжайық
А. Құдайбергенов. Ақжайық
Сабақтың мақсаты: Жайық өзенінің тарихы туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын меңгерту, ойын жинақтап айтуға, негізгі идеяны анықтауға жетелеу. Ынтымақтастық қажеттіліктерін таныту.
Жайық өзеніне саяхат
Жайық өзеніне саяхат
Өз қаласының табиғи ерекшеліктері туралы мағұлмат беру, Ақжайық өзенінің орналасуы, басты байлығы, адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін жетілдіру. Жол қауіпсіздік ережелері туралы ескертпе жасау. Өзенге дейінгі жүру кезіндегі көшемен жүру
Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігінің әсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Қазақстанның өзендері
Қазақстанның өзендері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×