Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның өзендері

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақстанның ішкі суы, жер бедері мен климат ерекшеліктеріне байланысты екенін айта отырып «Өзен режимі», «Солтүстік Мұзды мұхит» «Ішкі тұйық су алабы» ұғымдарын түсіндіру. Ұсынылған теориялық мағлұматтарды зерттеп,, әр түрлі статистикалық картографиялық материалдарды пайдалана отырып, Қазақстан өзендеріне анықтама беру дағдысын қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, өз ара бірін - бірі оқыту, ұқсастық және даралық, түртіп алу стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар, слайдтар арқылы суреттер көрсету, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы 1. Қызығушылықты ояту
Ішкі су сөзін естігенде, кімге қандай нәрсе елестеді? Топтастыру. Жеке жұпта ой бөліседі., топта пікірлеседі, ортақ пікірді ақ қағазға түсіреді.
Схема көрсетіледі. Өз ойларын жеткізеді.

2. Мағынаны ашу
Оқушыларға мынандай сұрақтар қойылады.
Өзен деп нені айтады? Қазақстанның аумағында қандай ірі өзендер бар? Жер бедері өзеннің ағысына қалай әсер етеді? Оқушы жауабынан соң мұғалім картаны пайдаланып Қазақстан аумағындағы өзендерге тоқталып өтеді.
Өзара бірін - бірі оқыту стратегиясы
1) Қазақстанның өзендері мәтінін оқытып, талдау жасату. Мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін әрбір оқушы кезекпен оқыған бөліктерін қорытындылап айтады. Мұғалім интерактивті тақтаны пайдалана отырып қысқаша қорытындылайды.

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.
1. Картаны пайдаланып, Солтүстік Мұзды мұхит, Каспий, Арал, Балхаш, Алакөл алаптарының өзендерін анықтап картаға түсіру.
2. Сырдария, Жайық, Ертіс өзендерінің ұқсастығы мен даралығын анықтау.
3. Түртіп алу стратегиясын қолдану.
1. «Қзақстанның өзендері» атты текст беріледі. Мұндағы ақпараттармен танысу барысында, әр абзацтың тұсына белгі қойып отырасыздар. оқу барысында қойылатын қажетті белгілер:

V - білемін, - білмеймін, + мен үшін жаңа мәлімет,?- тереңірек білгім келеді.
Қазақстанның өзендері
1. Өзен дегеніміз - бұл арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су ағыны.
2. Негізгі өзен барлық салаларымен қоса өзен жүйесін құрайды.
3. Бетіндегі судың бәрі бір өзенге келіп қосылатын құрлық ауданы өзен алабы деп аталады.
4. Өзендер жаңбыр суынан, еріген қар мен мұз суынан, жер асты суынан қоректенеді.
5. қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа: Солтүстік Мұзды Мұхит алабы мен ішкі тұйық көлдер алабына жатады.
6. Еңістік дегеніміз өзеннің белгілі бір учаскесіндегі оның ұзынды ғының бөлігі болып табылады.
І= H - H/L
I - еңістік мөлшері
Н1 - басталған жердегі абсолюттік биіктік
Н(2)- сағадағы абсолюттік биіктік
L - өзеннің ұзындығы
7. Су шығыны дегеніміз белгілі уақыт ішінде өзеннің көлденең қимасынан ағып өткен су мөлшері.
8. Жыл бойындағы өзеннің су шығынын жылдық ағын деп атайды.
9. Ағын судың тау жыныстары шайып, ағызып әкету процесін өзен эрозиясы деп атайды.
10. Бастауы еңіс келетін тау өзендерінде ағыс жылдам болып, өзеннің арнасы тереңдейді, орта және төменгі ағыстарында су ағызып әкелген малта тас, құм тұнба шөге бастайды. Бұл тасқындарды аллювий деп атайды.
11. Өзеннің су көтерілмеген ескі арнасын терраса деп атайды.
12. Өзенмен тасымалданатын қатты заттың бәрін қатты ағын деп атайды.

2. Белгі қойылған соң оларды топтау мақсатымен, реттік нөмірі бойынша төмендегі кестені толтырасыздар

Тест
1. Қазақстан өзендері қай алапқа жатады?
А) Үнді, Атлант;
Ә) Тынық мұхиты;
Б) Атлант мұхиты, Ішкі тұйық көлдер
В) Солтүстік Мұзды мұхит, ішкі ағынсыз
2. Ұзындығы 1000 км - ден асатын өзен:
А) Есіл, Іле;
Ә) Талас, Жайық;
Б) Тентек. Ертіс;
В) Ырғыз, Тобыл
3. Каспий теңізі алабының өзендері
А) Сырдария, Торғай
Ә) Жайық, Сағыз
Б) Лепсі, Іле
В) Шу, Жем
4. Жақсы қалыптасқан кең арналы өзендер
А) жазық өзендері
Ә) тау өзендері
5. Өзен торы солтүстіктен оңтүстікке қарай:
А) молаяды
Ә) азаяды
6Қазақстанның ең ірі өзені:
А) Сырдария
Ә) Тобыл
Б) Ертіс
В) Іле
7. Қар мұздықпен қоректенетін өзендер:
А(Жазық өзендері
Ә) тау өзендері
8. Қазақстандағы ең лайлы өзен:
А) Сырдария
Ә) Тобыл
Б) Іле
В) Шу
9. Ертіс өзенінің Қазақстандағы ұзындығы
А) 4248 км
Ә) 3652
Б) 1700
В) 1500
10. Арал теңізі алабының өзендері
А) Сырдария, Арыс
Ә) Тобыл, Сарысу
6) Жайық, Жем
В) Іле, Қаратал
Үйге тапсырма: Қазақстанның ішкі сулары
31 774
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігінің әсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Солтүстік Американың ішкі сулары
Солтүстік Американың ішкі сулары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, № 7 орта мектебінің география пәні мұғалімі Мысамбаева Гулбаршын
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Қазақстанның өзендері
Қазақстанның өзендері
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Сарыарқа
Сарыарқа
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл[/right]
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×