Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

10 қыркүйек 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№249 мектеп – лицейдің география пәні мұғалімі
Мәліков Қуаныш Мнажұлы

7 сынып
География
Тақырыбы: Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Мақсат - міндеттер:
Білімділік мақсаты – Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздері туралы ұғымды қалыптастырып, Африканың географиялық орнының ерекшеліктері, Африка табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан саяхатшыларға тоқталу;
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру;

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ жауап, Илюстративті, практикалық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта
мүмкіндіктері, слайдтар, электронды оқулықтар.
Сабақтың формасы: Жеке, ұжымдық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Жаңа материалдарды меңгерту
Біз Африка құрлығын үйренуді бастағалы отырмыз кез келген материктің сипаттамасын төмендегідей жоспар бойынша беріледі
1. Материктің физикалық географиялық жағдайы. Зерттелу тарихы
2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
3. Климаты
4. Өзендері мен көлдері
5. Табиғат зоналары
6. Халқы және елдері

Біз бүгін Африка материгінің физ географиялық жағдайы мен материктің зерттелу тарихы туралы үйренеміз.
Оқушылар сабақ тақырыбы мен сабақ жоспарларының сұрақтарын жазып алады
Африка туралы алғашқы деректер б. з. д ІҮ ғ. ежелгі Грецияда пайда болған. Оны сол кездері Ливия деп атаған............
Физикалық картаға қарап, берілген деректерді ескере отырып не айтуға болады?
Физикалық географиялық жағдайы дегеніміз не?
Оқушылар тексті оқып сосын сұрақтарға жауап береді
Толығырақ Африка елдерінің экономикалық – географиялық жағдайларына әр қилы баға беруге болады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы теңізге шығатын (шықпайтын ) жолдардың болуы Африка елдерінің ішінде теңізге шыға алмайтын елдер саны 15 басқа континенттерге қарағанда әлдеқайда көп олардың кейбіреулері 1, 5 мың км қашықтықта жатыр...............
Яғни Ф. Г. Ж жоспар бойынша сипаттаймыз
- Ендігі
- Бойлығы
- Мұхиттар мен теңіздерге қатыстылығы
- Материктер мен аралдарға қатысы
Картамен жұмыс (Практикалық жұмыс)
Оқушылар картаны пайдалана отырып Солтүстік пен Оңтүстік арақашықтығын
есептеп табу?

1. Кім тақтаға шығып материктің шеткі нүктесі дегеніміз не оның координаталарын қалай табуға болады?
2. Материк батыстан шығысқа қарай экваторды бойлай қанша км созылып жатыр?
3. Батыс шеткі нүктесімен, шығыс нүктесі ара қашықтығын есептеп шығару

Бұл деректерден қандай тұжырым шығаруға болады?
Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі материк....

Номенклатура
Зерттелу тарихы
1497 - 99 жылдар аралығында Португал саяхатшысы Васько да Гама Африканы айналып өтіп сомали түбегі арқылы Үндістанға барар жолды тауып әулие Надеж мүйісін ашқан.
Давид Ливингстон 1855 жылы Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасын ашты.
Генри Стэнли -- Конго өзенінің бойындағы сарқырамаларды ашып, Африканың көлдерін зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғында орыс ғалымы В. В. Юнкер Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап, материктің осы бөлігі туралы құнды мәліметтер жинады. 1926 - 27 жылдары материктің солтүстік - шығыс бөлігінде болған орыс ғылымы Н. И. Вавилов 6000 - нан астам мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинақтап, Эфиопия жері бағалы қатты бидайдың отаны екендігін анықтады. Африканың халқы мен табиғаты туралы ғылыми деректерді жинақтап, бір жүйеге келтіруде материктің көпшілік бөлігінде иеліктері болған Францияның ғалымдары да зор еңбек сіңірді.
Бекіту:
Экспресс сұрақтар
1. Африка алып жатқан ауданы бойынша нешінші орын алады?
2. Африканың экватор сызығы мен меридианға қатысты орны?
3. Сахара шөлінің ауданы?
4. Африканы Еуразиямен жалғастырып жатқан бұғаз?
5. Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын таңдап білуге үлес қосқан ағылшын ғалымы?
6. Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы?
7. Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасаған орыс ғалымы?
8. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен?
9. Материктің теңіз деңгейінен ең биік нүктесі?
10. Материктің теңіз деңгейінен ең төмен нүктесі?
11. 6000 - нан астам мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинақтаған орыс биологы?
12. Конго өзенінің бойындағы сарқырамаларды ашып, Африканың көлдерін зерттеді.
13. Солт шеткі нүктесі?
14. Оңт шеткі нүктесі?
15. Шығыс шеткі нүктесі?
16. Батыс шеткі нүктесі?
17. Африкадағы ең ірі жануар?
18. Ең ірі аралы?
Бағалау.
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін бүкіл сыныптың белсенді жұмысын, әсіресе мына оқушылардың еңбегін атап өткім келеді: (Бағалары айтылады )

Үйге тапсырма:
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы н оқып келу және Африка саяхатшылары туралы реферат жазып келу.
13 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәні мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Африканың табиғат зоналары
Африканың табиғат зоналары
Сабақтың тақырыбы: Африканың табиғат зоналары Мақсаты: Білімділігі: Африканың географиялық орнының ерекшеліктерін түсіну, материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді картадан таба білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×