Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

06 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: География
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Африка материгі туралы мәлімет алу;
Дамытушылық: Кескін картамен жұмыстанып үйрену, өз ойларын ашық және батыл түрде жеткізе алу, өзін қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелілік: Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас
Сабақтың әдісі: Ассоциация, сұрақ - жауап, кескін картамен жұмыс
Пәнаралық байланысы: тарих, экология
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Африканың физикалық картасы, слайдтар, суреттер, қосымша материалдар

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару
Үй жұмысын сұрау.
1) Ассоциация әдісі

2) Тор көз артындағы тапсырмаларды орындау:
1. Өзендер: Оңтүстік Американың ірі өзендерін ата және олар қай алапқа жататынын көрсет
2. Халқы: Креолдар. Самболар. Метистер. Мулаттар
3. Елдері: Табиғат жағдайларына байланысты Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдерін ажырат.
4. Жер бедері: Оңтүстік Американың жер бедерінің сипаты.
5. Зерттеушілері: Оңтүстік Американы зерттеген саяхатшылар
6. Ең, ең, ең... Ең мол сулы өзен...
Ең биік сарқырама...
Биік тау көлдерінің ең ірісі....
Дүние жүзіндегі ең ұзын тау...
Ең ірі эстуарийлық өзен сағасы....
7. Бразилия: Мемлекеттік құрылымы
Географиялық орны
Көрікті қалалары
8. Амазонка. Амазонкаға сипаттама
9. Анд елдері: Анд елдері, не себепті олай аталған?

3) Нысандарды тап: (картаға берілген нысандарды түсіру)
1 - Анхель сарқырамасы
2 - Аконкагуа шыңы
3 - Титикака көлі
4 - Поопо көлі
5 - Ла - Плата
6 - Амазонка ойпаты
7 - Бразилия таулы үстірті

Жаңа сабақ:
Африка материгі – Жер планетасындағы үлкендігі және халқының саны бойынша екінші орынды алатын құрлық. Бірінші орында Азия. Жерінің аумағы 30. 2 млн. км² болады. Ол дегеніміз, Жер шарының 6%, ал құрлықтың жердің 20. 4%. Африка құрлығының халқы бір миллиард адамды құрайды. Ол Жер планетасын мекен еткен халықтардың 14. 72% құрайды, халықтың орналасу тығыздығы 30. 51/шаршы км. Африкада 54 ел бар.
Африка атауының шығу тарихы
Афри – солтүстік Африкада, Карфагенде өмір сүрген адамдар тобының атауы.

Географиялық орналасуы
Африка материгі солтүстігінде Жерорта теңізімен, солтүстік шығысында Суэц каналы және Қызыл теңізбен, оңтүстік - шығысында Үнді мұхитымен, ал батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Былай қарағанда, құрлықты барлық жағынан теңіздер мен мұхиттар шайып жатыр.
Африканың ең шеткі нүктелері: оңтүстікте Игольный мүйісі (34˚52′с. е.), солтүстікте Бен - Сэка мүйісі (Тунисте) (37°21′ с. е.), шығыста Рас - Хафун мүйісі (Сомалиде), батыста Альмади мүйісі (Жасыл мүйісі).
Африка материгі оңтүстіктен солтүстікке қарай 8 км, батысы мен шығысындағы екі мүйістің аралығында ені 7500км-ге жетеді.
Зерттеулері:

Біздің эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктің жағалауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстік Африкаға Арабия түбегінен арабтар өткен.
XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу барысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл сйудасының және Африка елдерін европалықтардың басып алынуының бастапқы кезеңі болатын. XVIIІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен зерттеулер қатар жүргізілді. 1788 жылы ағылшындар «Африканың ішкі бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация» құрды. ХІХ ғасырдағы зерттеулердің айтарлықтай нәтижесі - Африканың eң ірі өзендері Нигер, Ніл, Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуіне байланысты негізгі гсографиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы зерттеп білуге ағылшын ғалымы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл бойы (1843 - 1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі және Кейптауннан экваторға дейінгі ұлан - байтақ кеңістікті зерттеді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ніл мен Конго суайрығы облысын зерттеу жұмыстарын орыс ғалымы В. В. ІОнкер жүргізді.

Бекіту.
Африканың шеткі мүйістерін белгілеу:
Солтүстікте – Бен - Сека мүйісі
Батыста - Альмади мүйісі (Жасыл мүйісі).
Оңтүстікте - Игольный мүйісі
Шығыста - Рас - Хафун мүйісі (Сомалиде),

Номенклатурамен жұмыс:

Жауабын тап:
1. XIV ғасырда Африкаға саяхат жасаған марокколық араб. Әбу Ибн Баттута
2. Эфиопия жерінің қатты бағалы бидайын тапқан ғалым. Н. И. Вавилов
3. Қызыл теңізде кемелерге кедергі келтіретін құрылымдар. Маржандық рифтер
4. Суық ағыстардың әсерінен материк жағаларында не пайда болады? шөлдер
5. Африкадағы ең терең көл. Таньганика
Үй жұмысы: § 44. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
13 720
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Оңтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Оңтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен Америка деген дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп атайды. Ең енді жері 50о. с. бойына сәйкес келеді. Жағалаулары көпшілік
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп – лицейдің география пәні мұғалімі Мәліков Қуаныш Мнажұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×