Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапония

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Жапония
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дамыған әлем елдерінің көш басында келе жатқан Жапония мемлекетінің экономикалық географиялық жағдайын, халқына, шаруашылығына, мәдениетіне, біліміне, әдет - ғұрпына тоқталу арқылы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік: студенттердің өз бетімен жұмыс қабілетін, қызығушылығын, логикалық ой - өрісін дамытуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өткен сабақтармен байланыстыра отырып сабақтың мазмұнын ашу.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің саяси картасы, оқулық, атлас, суреттер.
Сабақтың типі: қалыпты дағдыларды меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: іскер ойын.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Топты түгендеу.
2. Студенттердің назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақ.
Бұл мемлекетте: қонақтың сырт киімін әйел адам кигізеді, машинаның ролі оң жақта, ироглифпен төменнен жоғары қарай жазады, таяқшамен ас жейді, төсекті жерге салады, ақ түс қаралы түс болып есептелінеді, асты ас жейтін таяқшамен жейді бұл қандай мемлекет? Сонымен балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Жапония.
Мұғалім сұрағы:«Жапония» дегенде көз алдарыңа не елестейді?
Студенттер: Автомобиль, робот, икебана, кимано, дзюдо, сакура, суши, ас жейтін таяқша, аралдық мемлекет, астанасы Токио, жоғары дамыған ел т. б.(жобамен жауаптар).
Мұғалім сұрағы бүгінгі сабақтан сіздер не білгілеріңіз келеді?
Студенттер: (жобамен сұрақтар)
1. Жапон экономикасының кереметі неде?
2. Халықтың ұзақ жасауының себебі неде?
3. Жапон мәдениеті?
4. Жапон фирмалары?
Бұл сұрақтарды дәптерлерімізге жазып қояйық себебі, сақтың соңында бұл сұрақтарға біз жауап алдық па соны анықтаймыз.
Сабақ жоспары:
1. Географиялық орналасуы
2. Халқы
3. Шаруашылығы

Сабақ барысы
Топты 3 – ке бөліп әр топқа тапсырма беріледі, дайындалуға 5 минут. Уақыт аяқталған соң әр топты тыңдаймыз.
1 топ - Географтар
тапсырма: Мемлекеттік құрылысы, географиялық орналасуы
2 топ - Әлеуметтанушылар
тапсырма: Халқы, ұлттық құрамы, діні, дәстүрі
3 топ - Экономистер
тапсырма: шаруашылығы, ірі кәсіпорындары

1 топ «Географтар»
Географиялық орналасуы - Жапония «Күншығыс елі» — Жапон аралдары Азия құрлығының шығысында Тынық мұхитында доғаша иіліп 4 мың километрге жуық созылып жатыр. Оның негізін Жапон архипилагының үлкен аралдары Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Елдің жағалау сызығының 30 мың км - ға созылып жатыр, аралдан жиегінің аса тілімденіп келуі порттардағы кемелерге қолайлы болып келеді. Толығымен Тынық мұхитында орналасқандықтан құрлықта ешқандай мемлекетпен шекараласпайды. Мұхиттағы көрші елдері Ресей, Корея, Қытай. Жер аумағы 372, 2 мың км2.
Жер бедері - Жапония жерінің 75% таулы сол себепті жер сілкінісі, цунами жиі болып тұрады, жазық жерлері 20% аумақты алып жатыр.
Пайдалы қазбаға кедей сол себепті сырттан әкелінген минералды шикізат пен отынға аса тәуелді. Елде біршама - тас көмір, уран, мыс, қорғасын - мырыш кендері бар.
Климаты - Солтүстіктен оңтүстікке 4 мың км. созылып жатқандықтан 4 климаттық белдеу өтеді. Негізінен мұхитта орналасқандықтан ылғал өте көп сондықтан муссондық климат.
Өзендері - қысқа ағысы қатты болғандықтан, олар су энергиясының көзі болып табылады, кеме жүзуге қолайлы. Жапонияны қоршап жатқан теңіз - мұхит суларындағы биологиялық, минералдық және энергетикалық ресурстардың маңызы зор.
Астанасы — Токио (шығыс астана деген мағынаны білдіреді) қаласы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 860
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жапония шаруашылығы
Жапония шаруашылығы
Жапония елінің шаруашылығы, шаруашылық түрлеріне тоқталу, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептерін түсіну, оның экологиялық жағдайлары мен мәселелері туралы білім алу
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Жапония мемлекетінің құрылымы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы
Жапония мемлекетінің құрылымы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №170 орта мектептің география пәні мұғалімі Әбдіжаппарова Жадыра Орынбайқызы
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×