Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық адамның айнымас серігі

30 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Жамал Ермегияев атындағы орта мектебінің оқушысы Сакен Меруерт
Ғылыми жұмыстың жетекшісі: Муқатаева Жазира, өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Достық адамның айнымас серігі

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Әр адамға өмірде бір - бірімен араласуы адамдарға үлкен әсер етіп, маңызды роль атқарады. Адамгершілік, адамшылық, достықта жоғары бағаланады. Ешқашан достыққа нақты баға берілмейді, қанша адам болса сонша пікір, ойлар бар сондықтан әркім достықты өз қалауынша түсінеді
Біздің сынып өте тату, анам сенің досың сыныптастарының арасында барма деп сұрады, мен көп құрбым бар деп жауап бердім. Ал соның ішінде ең жақын досың кім деген кезде мені бұл сұрақ таң қалдырды көп дос болуы мүмкін, бірақ ең жақын досын бірнешеу ғана болуы керек деген жауапқа ойланып қалдым. Сонымен нағыз дос деген не мағына береді. Достық балалық шақтан басталады, өмір бойы жалғасады. Достықты сатып ала алмайсың, не оны ұстап, не көре алуға болмайды. Барлық адамдарда жолдас көп, біреулерде дос болса, біреулерде мүлдем жоқ. Барлық адам өзін қоршаған ортада ұстай білу керек.
Зерттеу жұмысында достықты қалай түсіндіріледі және қалай пайда болатындығын анықтадым
Достық адамның қызығушылығынан туып, бір - біріме көмектесуге, қайғы мен қуанышты бөлісуге, көмек керек кезде бір - біріне көмектеседі. Бұл тақырып бастауыш сыныпта ең өзекті мәселе.
Мақсатым
Достық туралы өз бетімше мәліметтер жинақтап, достық туралы түсініп барып, ол қалай пайда болды, достықтың түрлерін анықтау.
Зерттеу объектісі - достықты түсіну
Зертеу пәні - адамдардың арасындағы достық, адамдар мен жануарлар, өсімдіктер мен адамдар арасындағы достық.
Мақсатқа жету үшін алдыма мынандай тапсырмалар қойдым.
1. Достық деген не? Деген сұраққа жауап беру.
2. Жануарлар, өсімдіктер арасындағы айғақтарды табу.
Зерттеу әдісі
1. Әдебиеттерден деректер жинау
2. Ересектерден мәселе туралы сұрау
3. Сыныптастардан сауалнама сұрау
4. Интернет материалдарын пайдалану.
5. Тәжірибелерді жинақтау.
6. Бақылау
Зерттеу барысында әдеби шығармаларды, интернеттен білгенім кейбір адамдар достықтарын мәңгі сақтап кейбіреулері уақыты өте келе ұмытылғандарын көрсетеді
Өткен адамдардың достықтары берік болса, ал осы заманға адамдардың көпшілігінің достықтары тұрақсыз болғанын байқауға болды
Достықта шекара жоқ, ол жүректен жүрекке жетеді, егер нағыз дос болса, қанша қашықта жүрсе де олардың арасында телефон, хат, сурет, түсірілген фильмдер себепші болады
Достық тек адамдардың арасында ғана емес тірі жануарлардың бәрінде болды деп есептеймін.

1 Бөлім. Достық дегеніміз не?
1 Достық туралы түсінік.
Достық дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бірнеше дерек көздерін жинақтадым.
Достық[1] – адамдардың бір - біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал - мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама - қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш - қызығын, ырыс - бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Достық – адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.

Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф. Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.
Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
* Досыңды алдамай, оған адал бол.
* Досыңды қорлама.
* Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
* Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

* Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Өсімдіктер қалай дос болады
3. 1Өсімдіктер арасындағы достық
Достық мүмкін адам пайда болғанан бұрын болған болуы керек. Алғашқы адамдар жеке жүргеннен гөрі бірігіп ақ аулап өмір сүрген жеңілірек болғанына көз жеткізген болу керек. Мүмкін достық адамдардан да бұрын болуы мүмкін. Өсімдіктер мен адамдар арасында, өсімдіктер мен өсімдіктер арасында болуы мүмкін.
3. 3 Жемістер мен көкөністер арасындағы достық.
Кейбір өсімдіктер қатар себілсе бірін - бірі қаламаса дұрыс өспей қалады. Жемісті де дұрыс бермеуі мүмкін. Мысалы алманы капуста мен қиярдың жанына сақтауға болмайды. Ал қызанақ алманың жанында тез қызарады.
3. 4 биологиялық достық.
Көптеген саңырауқұлақтар ағаштың тамырларымен достасады. Саңырауқұлақтар ағаштарға су ішуіне, минералды тыңайтқыштармен коректенуіне көмектеседі.

V. Бөлім
Адамдар арасындағы достық.

Достық
Ғажап қой мына өмірде дос дегенің,
Көбейгенін досымның қош көремін.
Көрген жанға жылы қабақ танытсам,
Әр баласын қазақтың дос көремін.
Достарыммен әрқашан мақтанамын,
Өздеріңмен өмірден бақ табамын.
Ұлы ұғым болса - дағы үш әріп,
Солар менің байлығым мен аппақ арым.
Құдай сүйген жасамайтын күнәлар,
Достарым бар бір мен үшін тым адал.
Мен қайғырсам менімен бірге қайғырып,
Мен қуансам, шын жүректен қуанар.
Жүрегімнің жыр бағынан жыр үзіп,
Достық жайлы өлең жаздым бір үзік.
Жүрген досқа жаныңдағы не жетсін,
Жүрегіңді жүрегіңмен түсініп.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 902
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Достық дегеніміз не?
Достық дегеніміз не?
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Дос – егіз, дұшпан – сегіз
Дос – егіз, дұшпан – сегіз
Достық ұғымы, нағыз, шынайы дос болудың тәртібімен, достықтың адам өмірінде алатын орынымен, өмірдегі қуанышты, мұңды кездерді досымен бөлісе білуге, жақсылық жасай білуге үйрету.
Достық - ұлы ұғым
Достық - ұлы ұғым
Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру, балалардың достық ой - пікірлерін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге баулу, балалардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірлерін сыйлауға, адал дос болуға үйрету.
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Дос және достық
Дос және достық
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Достық
Достық
Байқоңыр қаласы, К.Э.Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жамбылова Гүлсая Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×