Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық дегеніміз не?

14 сәуір 2019, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Оқушы шығармашылығынан: Достық дегеніміз не?

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал - мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”.

Достыққа қарама - қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш - қызығын, ырыс - бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан - тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Міне, менің ойым осы!

Чижикова Яна,
Сары - Оба орта мектеп оқушысы
64 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқа әңгімелер жинағы
Қысқа әңгімелер жинағы
Достық – адамдардың бір - біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Достық
Достық
Достық Жастайымнан бірге болғам өзіңмен, Нұр шуағы төгілді сенің көзіңнен. Әрқашанда бірге болсақ деп едім Бұл өмірге қарау керек төзіммен.
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне - бірі тірек, медет болуынан, қам -
Достық адамның айнымас серігі
Достық адамның айнымас серігі
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жамал Ермегияев атындағы орта мектебінің оқушысы Сакен Меруерт Ғылыми жұмыстың жетекшісі: Муқатаева Жазира, өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Досы көпті, жау алмас
Досы көпті, жау алмас
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы. Тарих, география пәнінің мұғалімі Нұрлыбек Раисұлы Кулкашев
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×