Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз ұлағаты - өмір мұраты

27 қыркүйек 2013, Жұма
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ұстаз ұлағаты - өмір мұраты
(Мұқан ата туралы зерттеулерімнен)

Мен, Нұрмырзаев Жұбаныш Серікұлы 1994 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы, Аралқұм елді мекенінде туылдым. Қазірде Аралқұм елді мекеніндегі №61 орта мектепте білім алудамын. Әкем де, анам да осы жердің тумалары. Мектепте білім ала жүріп, мектепте өтетін түрлі қоғамдық жұмыстарға қатыса жүріп ұстаздар назарына іліге бастадым. Соның нәтижесінде осы мектептегі тарих пәні оқытушысы, Қазақстан Республикасы «Ең үздік ауыл мұғалімі - 2005» иегері Шыналиева Күлшара апайдың және Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Алжанбайқызы Оразахынованың ғылыми жетекшілігімен, жарты ғасырға жуық Халық Ағарту саласында үздік еңбек еткен ұстаз, Мұқан Сермағанбетов ағай туралы «Ұстаз ұлағаты – өмір мұраты» атты зерттеу еңбегімді үздік деген бағамен қорғап шықтым. Ондағы мақсатым Егемен еліміздің шаңырағын биік көтеріп, аға буын өкілдерінің еңбектерін танып - білу, өнегелі ұстаздың ерекше қасиетін, қолға алған ісін аяқсыз қалдырмай, ұрпақ тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек еткендігін, келешек ұрпаққа үлгі ету, жас жеткіншектерді ғылым мен білім жолына баулитын қамқоршы, олардың жұмыс нәтижесін әділ бағалайтын, әдіскер - педагог өмірін зерттеу, оның ұстаздық өнегесін, өмір жолын жас ұрпаққа өнеге ету болды. Бұл еңбекті зерттеуде мақсатқа жетудегі ұстанымым мыналар болды:
- Ғылымилық - менің ғылыми түсінігім кеңейіп, ғылыми тілде сөйлеу дағдымды қалыптастырып, осы ғылыми жобаны жасауға ықпалын тигізді.
- Жүйелілік - адамдық мінез - құлқымды қалыптастырып, іздену барысындағы табылған деректер ой - санамды кеңейтуге көмектесті.
- Сабақтастық - тарих, әдебиет, география ғылымдарынан алған білімдерімді ұрпақтар сабақтастығымен жалғастыруға негіз болды.
- Тәрбиелік - жас ұрпаққа, тіршілік негізі - еңбек екенін, халқының өткені мен бүгінін салыстыра білуге жетелейтіні.
- Көрнекілігі - фотосуреттер, құжаттар, кітаптар арқылы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана алуға үйретті.
- Шығармашылық - жауапкершілікті сезіну, ізденімпаздыққа, білімді болуға жол ашты.
Мұқан ата туралы зерттеу нәтижесінде алдымен ағайдың өмір жолын тануға ден қойғанымда, Мұқан Сермағанбетов ағай 1928 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты, Қарашалаң елді мекенінің Кішітүбек деген жерінде дүниеге келгенін білдім. 1949 жылы Қызылорда мұғалімдер училищесінде оқыған. 1962 жылы Алматы Педагогикалық Институтының химия - биология факультетін бітірген. 1964 жылы №177 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі болған. 1970 жылы Арал аудандық Халық Ағарту бөлімінде әдіскер, инспектор болған. 1967 жылы Облыстық Оқу бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталған. 1973 жылы Түркімен Республикасындағы қазақ мектептеріндегі мұғалімдерге өз іс - тәжірибесімен көмек көрсетуге барған. 1975 жылы Қазақ КСР Халық Ағарту ісінің Озық қызметкері значогымен наградталғандығын зерттеп білдім.
Ұрпақтар шежіресінен танып - білгенім, Кіші жүзден Әлім - Жаманақ - Өріс - Айдарбек - Күлік - Берше - Асан - Теке - Айдағұл - Қоңырбай - Бұқар - Алдаберген - Оразымбет - Сермағамбет - Мұқан тараған. Мұқан атадан - Әбдіхамит, Әбдіәлім, Наурызбай тарайды. Әбдіхамиттен - Шыңғыс, Нүркен. Әбдіәлімнен – Сәбит туады екен.
«Ұстаздық еткен жалықпас - үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай Мұқан ағай озық оқытушы, әдіскер, зерттеуші, инспектор, күйші, білімді де білікті бала жанының бағбаны бола білген.
Талмай ұшып қанаты,
Жүрекке жол табатын,
Санаға қозғау салатын,
Ұстаз керек біздерге.
Қиындыққа жасымай,
Жетістікке тасымай,
Ой бөлісер тосылмай,
Ұстаз керек біздерге,
Өнеге тұтар ұлты бар,
Білімге құштар жұрты бар.
Мейрімі қанып сусындар,
Мұқан ағай осындай, - деген өлең жолдарын Мұқан ағайға қарап айтамыз. Мұқан ағайдың еңбек жолын зерттеу барысында, елі үшін еңбек еткен, бар ғұмырын ел мүддесіне арнаған, білім саласына зор үлес қосқан, Халық Ағарту ісінің озық қызметкері значогінің иегері Мұқан Сермағанбетовтың өнегелі өмір жолдарын өз жұмысыма осылайша арқау еттім. Ұстаздың ұлы жолын зерттеу соңында, жарты ғасыр бойы жас ұрпақты тәрбиелеу жолында өзінің саналы ғұмырын сарп еткен, ұлағатты ұстаз Мүқан Сермағанбетов ағайдың өнегелі өмірі біріншіден кітап болып жарық көрсе, ұстаздың өнегелі өмір жолдары туралы деректер аудандық мұражайдан орын алса, ұстаздың өмір жолы мен ұрпақ сабақтастығы туралы зерттеу жұмыстары оқушы жас жеткіншектер тарапынан зерттеу жұмыстары жалғасын тапса, екінші өзі туып – өсіп, абыройлы қызмет атқарған Арал қаласынан бір көшенің аты берілсе нұр үстіне нұр болар еді деген ұсыныстарымды да айтып өткенді жөн санадым. Мұндағы ойым, халқым, елім деген азаматтың еңбегі елеусіз қалмаса екен дегенім еді. Сөзімді мынадай өлең жолдарымен қорытындылағым келеді:
Салмақты, салиқалы өнегеңіз,
Ғанибетті, ғаламатты еңбегіңіз.
Өлмейтін өнегеңді әдіптеумен,
Өнегелі өмірге еліктейміз.
Жас ұрпаққа қызмет еттің талмастан,
Бар күшіңмен еңбек еттің тынбастан,
Мәртебеңді биік ұстап әрқашан,
Ұрпақтарың жалғар жолды тынбастан.
6 744
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үздік ұстаз байқауының нәтижесі
Үздік ұстаз байқауының нәтижесі
Құрметті қолданушылар, ұстаздар, оқушылар. Көптен күткен күн де келіп жетті, бәйге аяқталды, нәтижесі шықты. Барлық қатысушыларға, атсалысқан адамдарға алғыс айтамыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз. Дауыс беру аяқталды! Нәтижесін білу үшін
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиын сценарийі
Мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиын сценарийі
Құрметті ұстаздар және аяулы мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі мектеп бітірушілер құрметіне арналған «Мектеп бітіру кеші - 2018» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
«Үздік ұстаз» сайысы 2016-2017
«Үздік ұстаз» сайысы 2016-2017
Білімділер порталы 2016 - 2017 оқу жылын қорытындылау үшін «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырады. Мақсаты: Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау.
Білімділер порталы
Білімділер порталы
Жакашева Улбал Бейсенбаевна Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Нұрмағамбет Жібек Серікқызы
Нұрмағамбет Жібек Серікқызы
Нұрмағамбет Жібек Серікқызы Туған жылы: 13. 12. 1980 Білімі: орта арнаулы Аяқтаған оқу орны: Абай атындағы Саран гуманитарлы - техникалық колледжі “Үздік диплом” /бастауыш сынып мұғалімі мамандығы/
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×