Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиялық реакциялардың белгілері

30 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Химия
Тақырыбы: «Химиялық реакциялардың белгілері /Signs of chemical reaction»
Мақсаты:
Білімділік: «Лондон – 2012» олимпиадасын негізге ала отырып химиялық марафон арқылы оқушылардың химиялық реакция туралы білімдерін тереңдету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеру барысында топпен, жеке дара жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Бақылау, салыстыру, қорытынды жасау, химиялық реактивтер мен құрал – жабдықтармен жұмыс істеуді дамыту.
Сабақтың типі: марафон сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Оқыту формасы: фронталды, топпен, жеке дара.
Әдіс – тәсілдері: тақырыпты түсіндіру, оқушылардың презентациясы, зертханалық тәжірибелер, тест.
Керекті құрал – жабдықтар: спиртшам, химиялық стакан, шыны тақша, сынауықтар, тұрғы, ағаш шырпы, сіріңке.
Керекті реактивтер: аммоний дихроматы ерітіндісі, натрий гидроксиді, натрий карбонаты, тұз қышқылы, мыс сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, калий радониді, күміс нитраты.
Көрнекілік құралдары: презентация, компьютер.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (10 мин)
ІV. Бекіту кезеңі. (18 мин)
V. Қорытынды (1 мин)
VІ. Үй тапсырмасын беру (1 мин)
VІІ. Бағалау. (2 мин)

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.
Биылғы жыл қай жыл? – Ұлу жылы.
Ұлу жылының басты додасы – Лондон олимпиадасы
Биыл Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында ХХХ Жазғы олимпиялық ойындар өтеді. 27 шілде мен 12 тамыз аралығына жоспарланған ойындарға 205 елден 12500 спортшы қатысқан.

Лондон рәміздері
Таңба
Лондон олимпиадасының таңбасы көпбұрышты 4 бөліктен тұрады. Сырт қараған адам одан 2012 деген санды оқи алады. Көпбұрыштардың біріне – «London» сөзі, және біріне олимпиаданың 5 шығыршығы таңбаланған. Таңба көк, жасыл, қызғылт сары және сары түстермен боялады. Таңбаны «Вольф Олинс» компаниясы бір жылға жуық жасады және оған 400 мың фунт жұмсады.

Бойтұмарлар
ХХХ ойындардың бой - тұмарлары 2010 жылдың 19 мамырында белгілі болды. Олар – Болтон болатының Венлок және Мандевиль есімді екі тамшысы. Венлок атауы – олимпиялық ойындарға ұқсас жарыстар алғаш рет өткен Ман - Венлок қаласының құрметіне, Мандевиль атауы Ұлыбританияда тұңғыш паралимпиялық ойындар өткен Сток - Мандевиль елдімекенінің құрметіне орай берілген. Екі бойтұмар да жалғыз көзді, олар шайтанарбашылар дулығасын киген, денелеріне Лондон ойын - дарының таңбалары басылған.

Жүлделер
Бір медальдің диаметрі – 85 мм, қалыңдығы – 7 мм, салмағы 375 - 400 грамм. Бұлар – олимпиадалар тарихындағы ең көлемді жүлделер. Лондон додасына 2100 медаль шығарылды. Медальдің бетіне Лондон ойындарының сәулеленген таңбасы салынған. Қарсы бетінде Жеңіс құдайы Ника мен Темза бейнеленген. Бұл жобаны безендіруші Дэвид Уоткинс жасап шығарды.

Ойындар
Лондон олимпиадасы бағдарламасынан софтбол мен бейсбол шығып қалды. Оның орнына әйелдер боксы (үш салмақ дәрежесі бойынша), теннистен аралас жұптар сыны, велоспорт, желкенді спорт, ескек есу бағдарламасына аздаған өзгерістер енгізілді. Барлығы 31 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.
Лондон қаласы – жазғы олимпиаданы үшінші рет қабылдайтын жалғыз шаһар. Бұған дейін мұнда 1908 және 1948 жылдары олимпиада өткізілген болатын.
Қазақстанның Лондон олимпиадасының қорытындысы бойынша 7 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді иеленген болатын. Қане, есімізге түсіріп көрейікші.
Ольга Рыпакова – қашықтыққа секіру
Илья Ильин - ауыр атлетика
Серик Сапиев – бокс
Әділбек Ниязымбетов – күрес
Зульфия Шиншанло – ауыр атлетика
Мая Манеза – ауыр атлетика
Светлана Подабедова – ауыр атлетика
Александр Винокуров – велошабандоз

Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде Лондон олимпиадасына қатысушылардың бірі – қашықтыққа секіру сайысында алтын медаль иегері, өзіміздің ШҚО шыққан спортшы Ольга Рыпакова келесі тапсырманы беруде:
3 қатарда отырған оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстар берілген карточкалар таратылады. Әр топ соң отырған оқушыдан алдыға қарай бір сұраққа жауап беріп жібереді.
1 - топ. Күнделікті тұрмыста мал сүтін былай өңдейді:
А) сүтті әуелі сүзіп тазартады;
Ә) сосын жылытады;
Б) сүт машинасынан өткізіп қаймағы мен «көк сүтке» айналдырады;
В) қаймақты бұлғап, майға айналдырады;
Г) ал «көк сүтке» ұйытқы салып ұйытып, майсыз айранға айналдырады.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
2 - топ. Айраннан жасалатын құртты былай дайындайды:
А) мал сүтін сүзеді;
Ә) сүтті пісіреді;
Б) ұйытқы қосып, жылы жерге қойып айран ұйытады;
В) Түзілген айранды әуелі дорбаға құйып, сары суынан сүзіп, бөліп қатық алады;
Г) алынған сүзбені тұз қосып араластырып, дөңгелек пішінге келтіріп кептіреді.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
3 - топ.
А) Бір тамшы су тас теседі;
Ә) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді;
Б) Күзгі жапырақтың сарғаюы немесе қызаруы;
В) Жайған кірдің кебуі.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
Үйге берілген тапсырмалардың бірі – физикалық және химиялық құбылыстарға оқушылардың әзірлеген презентациясы.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Химиялық құбылыстарды физикалық құбылыстардан ажырату үшін оларға тән белгілермен танысайық. Физикалық құбылыс дененің пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеруі арқылы іске асады, ал химиялық құбылыс бір заттың екінші затқа айналуымен сипатталады. Химиялық реакция нәтижесінде бастапқы заттарға тән сыртқы белгілер: агрегаттық күйі, түсі, ірілі – ұсақтығы, иісі, т. т. өзгеріп, жаңа заттарға тән белгілер пайда болады.
Химиялық реакцияның негізгі белгілері:
1. Жылудың бөлінуі/ allocation of heat
2. Тұнбаның түсуі/ loss of deposit
3. Газдың бөлінуі/ liberation of gas
4. Түсінің өзгеруі/ change in color
5. Жарықтың бөлінуі/ allocation of light
6. Иістің пайда болуы/ variation of a smell
Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл – ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері келесі тәжірибелер арқылы дәлелдене түседі.

Тәжірибелер көрсету:
№--------- Бастапқы заттар ----------------------------------------------- Реакция белгісі
1 ---------- Крахмал + иод
2 ---------- Ас содасы + сірке қышқылы (лимон қышқылы)
3 ----------- Сүт + лимон қышқылы
1. Калий радониді мен темір (ІІІ) хлориді;
2. Күміс нитраты және тұз қышқылы;
3. Аммоний дихроматын термиялық ыдырату;
4. Натрий гидроксиді мен мыс сульфаты;
5. Натрий карбонаты мен тұз қышқылы.
Көрсетілген тәжірибелер бойынша кестені толтыру:
№--- Бастапқы заттардың белгілері --- Реакция белгісі ---- Алынған заттардың белгісі
1
2
3
Сабақты бекіту
Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Физикалық құбылыс –
А. Денелерді құраушылар
В. бір зат екінші бір затқа айналады
С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермейді
2. Химиялық құбылыс –
А. Денелерді құраушылар
В. бір зат екінші бір затқа айналады
С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермейді
3. Химиялық құбылысты тап
А. мыс пластинкасын қыздырғандағы оның қараюы
В. қантты ұнтақтау
С. мұздың еруі
4. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатады:
А. судың булануы;
В. тұнбаның түсуі;
С. қыраудың қатуы.
5. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатпайды:
А. тұнбаның түсуі;
В. газдың бөлінуі;
С. агрегаттық күйінің өзгеруі.

Химиялық терминология бойынша тапсырманы орындау:
1. Химиялық құбылыс ---------- А. loss of deposit
2. Физикалық құбылыс --------- В. Physical change
3. Химиялық реакция ----------- С. Sings of chemical reaction
4. Тұнбаның түсуі ---------------- D. Chemical change
5. Газдың бөлінуі ---------------- E. variation of a smell
6. Иістің шығуы ----------------- F. Chemical reaction
7. Химиялық реакциялардың белгілері --------- G. liberation of gas
Үй тапсырмасын беру.
Бағалау.
Қорытынды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 233
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сарамандық жұмыс, Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакция тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу
Сарамандық жұмыс, Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакция тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу
қанықпаған көмірсутектердің, үлкен молекулалық қосылыстардың, мұнай өнімдерінің, спирттердің, карбон қышқылдарының өкілдерңн анықтау барысында оқушылардың білімдерін жүйелеп, таным - ой әрекеттерін, икемділіктерін дамыту.
Бастапқы бақылау жұмысы
Бастапқы бақылау жұмысы
Соңына дейін жүретін реакцияларды аяқта а) кальций оксидімен натрий гидроксиді; б) магний нитраты мен күміс; в) барий гидроксиді мен күкірттісутек қышқылы; г) темір(ІІ) бромиді мен калий гидроксиді. Бір теңдеудің иондық теңдеулерін жаз.
Химиялық реакциялардың типтері
Химиялық реакциялардың типтері
Бізді қоршаған денелердің барлығы заттардан құралған. Олар өзіндік құпиялылығымен тіршілік етуде. Заттар бір - бірімен әрекеттесу арқылы өздерінің құрамын және қасиетін өзгертеді. Заттардың алуан түрлігісіз және химиялық реакциясыз тіршілік мүмкін
Бейметалдар тақырыбына арналған эксперименттік есептер
Бейметалдар тақырыбына арналған эксперименттік есептер
Бейорганикалық қосылыстардың алынуы және қасиеттері жөніндегі білімдерін жүйелендіру және тәжірибелер арқылы бекіту.
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Семей қаласы, №36 жалпы орта білім беретін мектеп химия және биология пәні мұғалімі Шәріпхан Алма Ермекқызы
Химиядан сарамандық жұмыс
Химиядан сарамандық жұмыс
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің химия, биология пән мұғалімі А. К. Кенжебаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×