Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері

08 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері.
Сабақтың мақсаты: 1. Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
2. Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін, құрал - саймандар тақтасының арналу білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете - түсіндіру
Білім – біліктілікке Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар: - Windows терезесі ұғымын;
- терезелерді көрсету нұсқаларын;
- активті терезе ұғымын;
- меню қасиеттері мен анықтамасын;
- қолданбалармен жұмыс істеу негіздерін;
- терезенің негізгі элементтерін;
- құрал - саймандар тақтасының арналуын;
- активті терезе белгілерін;
- команданың активтілігінің белгілерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- терезелерді экранда үш түрде көрсетуді;
- активті терезені анықтауды және терезені активтеуді;
- терезелердің көлбеу созылған менюін қолдануды;
- Windows оқулығымен жұмыс жасауды;
- маустың көмегімен қолданбаларды іске қосуды;
- айналу жолағын қолдануды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
ТЕРЕЗЕЛЕР.
Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.
Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты сегменті.

Ребустың жауабы: Терезе – сөзі болып табылады.
Терезе – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

3. 2. 1. Тапсырма. Терезелер қандай болады?
Тапсырма берілген тақырыпты түсіндіруменқатар орындалады
3. 2. 1. Тапсырма Терезелер қандай болады?
Тапсырма берілген тақырыпты түсіндірумен қатар орындалады.
Windows жүйесіндегі терезелер түрлерін кестеге жазу керек.
Терезелердің әрбір түрін оқушыларға компьютерде көрсету керек.

Терезелерді көрсету нұсқалары
Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:
- толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);
- қалыпты - терезе экранның бір бөлігінде орналасады;
- белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;
Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар
зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:
- терезені есептер тақтасындағы жазуға жималау;
- терезені толық экранның бетіне жаймалау;
- терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).
Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.
Активті терезе
Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.
Меню
Меню - бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.
Менюдің қасиеттері:
Менюдің бірнеше деңгейлері болады: 1 - ші деңгейі – «Бас меню» және оған бағынатын «Бағыныңқы меню».
Меню таңдау бостандығын ұсынады.
Белгілі бір менюде дер кезінде таңдауға мүмкін емес объектілер болады.
Менюде үш түрлі пункттер бар, яғни менюдің кез келген пункті мыналарды белгілей алады;
- нақты бір операцияны (әрекетті)
- ауыстырып – қосқышты;
- таңдау өрісін.

Қолданбалармен жұмыс істеу.
Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу - қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу – бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп - оңай ауыса алады.
Windows - қа сәйкес орындалатын бағдарлама әдетте оның функцияларымен байланысты сурет пен қолданбаның аты бар түрлі түсті белгішемен жабдықталады. Бағдарламаны іске қосу үшін маусты екі рет шерту жеткілікті немесе оның атын командалық жолда теру керек. Windows - тың әрбір қолданбасының терезесінің екінші жолын алатын көлбеу (Бас) менюі бар. Бұл менюдің пунктін таңдағанда созылған меню ашылады. Бұдан басқа, контексті (қалқып шығатын) меню жиі қолданылады.
Бақылау сұрағы: Қолданба дегеніміз не?
Қолданба - бұл тек Windows - жүйесінің басқаруымен жұмыс жасайтын бағдарлама
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері жүктеу
1 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Терезелер
Терезелер
«Зеленов ауданы, Махамбет жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі: Н.Алишева
Windows терезелері
Windows терезелері
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылы. Информатика пәні мұғалімі Ботабаева Жадыра
Терезе. Терезе элементтері
Терезе. Терезе элементтері
Информатика пәні мұғалімі: Бұзауова Айгерім
Терезелер
Терезелер
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы, Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Windows терезелері
Windows терезелері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жаңабергенова А Тексерген: информатика пәнінің мұғалімі Қазымова Н. Ө
Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар және жарлықтар.
Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар және жарлықтар.
БКО, Теректі ауданы, Приречный ОСОШ Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×