Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Терезелер

11 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Терезелер
Сабақтың мақсаты: Windows ОЖ - ның негізгі нысаны – тереземен, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: Windows ОЖ - ның құрылымын, басқару элементтерін, құрылымдық элементтердің қызметін, қапшықтардың басқару элементтерімен таныстыру.
Оқушылар үйренуі тиіс: Windows ОЖ - ның құрылымын, диалогтық терезесінің элементтері мен тағайындалуын, терезені басқару пернетақта батырмасының көмегімен, қалып – күй жолындағы ақпаратты оқып, терезені күйге келтіру.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Білімді өзектендіру
Үй жұмысын тексеру
Тест
1. Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:
А) саймандар тақтасы
В) нысан белгішелері
С) есептер тақтасы
D) бастау батырмасы

2. Экранның сағатты көруге болатын аймағы:
А) жұмыс аймағы
В) есептер тақтасы
С) бас мәзір
D) нысан белгішелері

3. Компьютерді өшіру үшін... жеткілікті.
А) бас мәзірдегі тиісті бұйрықты таңдау
В) компьютердің жүйелік блоғындағы өшіру батырмасын басу
С) менің компьютерім белгішесін пайдалану
D) тілдер тақтасын қолдану

4. Бас мәзірі шақыру үшін... керек
А) менің компьютерімді ашу
В) бастау батырмасын басу
С) есептер тақтасын ашу
D) қоржынды ашу

5. Бас мәзірдің Құжаттар бұйрығы:
А) музыкалар топтамасын ашады
В) файлдарды іздетеді
С) бейнелер топтамасын ашады
D) құжаттар топтамасын ашады

6. Бас мәзірдің Бейнелер бұйрығы:
А) Музыкалар топтамасын ашады
В) құжаттар топтамасын ашады
С) бейнелер топтамасын ашады
D) файлдарды іздетеді

7. Бас мәзірдің Басқару тақтасы бұйрығы:
А) компьютердің параметрлерін баптайды
В) файлдарды іздетеді
С) бейнелер топтамасын ашады
D) принтерді баптау терезесін шығарады

Бүгінгі сабақта терезе құрылымын, терезелердің қандай болатынын, олармен қалай жұмыс істеу үйренеміз.

ІV Жаңа сабақты түсіндіру
Экраннан терезе, қапшық құрылымы сипаттамасын көрсетіп түсіндіремін.
Терезе дегеніміз – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.
Терезенің 4 түрі бар:
- Бума терезесі (Менің құжаттарым)
- Қолданбалы терезе (Word мәтіндік редакторының терезесі)
- Сұхбаттық терезе (Мерзім және уақыт терезесі)
- Анықтама терезесі (Калькулятор бағдарламасы)

Тақырып жолының оң жағында терезені басқару батырмалары орналасқан. Олардың көмегімен терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болады.
Жиыру батырмасы терезені экраннан алып тастағанмен, программамен орындалып жатқан жұмысты аяқтамайды. Ашылған терезенің белгішесі Есептер тақтасында көрсетіліп қалады. Терезені қайта ашып көру үшін тышқанның сілтемесін осы белгішеге жақындатсаңдар жеткілікті.
Жаю батырмасы – терезенің өлшемін өзгертеді. Терезені экранның бетіне толық жаюға немесе керісінше, оның мөлшерін кішірейтуге болады.
Жабу батырмасы – программаның жұмысын аяқтайды. Программаның терезесін жабар алдында өз жұмыстарыңды міндетті түрде сақтап қою керек. Әдетте, программаның өзі терезенің мазмұнын сақтау керек екенін ескертеді.
Енді терезе элементтерімен таныстырамыз
Терезе элементтері

Терезелермен жұмыс істеу
Терезенің өлшемін тек терезелерді басқару батырмаларымен ғана өзгертіп қоймайды. Терезенің мөлшерін еркін өзгерту үшін тышқанның сілтемесін терезенің шекарасына немесе бұрышына апарып, сілтеме екі бағытты жебеге айналғанда, терезенің бір немесе екі бүйірін жылжытыңдар. Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Сабақты қорытындылау. Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.
VІІІ Үйге тапсырма
4 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
Терезелер
Терезелер
Windows ОЖ - нің негізгі нысаны – тереземен, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Жем қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
Терезе. Терезе элементтері
Терезе. Терезе элементтері
Информатика пәні мұғалімі: Бұзауова Айгерім
Windows’98 – дің операциялық жүйесі
Windows’98 – дің операциялық жүйесі
Сатығалиева Роза Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×