Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар және жарлықтар.

25 қараша 2011, Жұма
Категориясы: Информатика
Пәні: Информатика
Сыныбы: 7
Уақыты :
Сабақтың тақырыбы:Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар және жарлықтар.
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат – міндеттер:
а) ақпараттық құзыреттілік
ә) коммуникативтік құзыреттілік
б) проблемалық құзыреттілік
а) Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
ә) Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін, құрал-саймандар тақтасының арналу білу қабілеттерін дамыту.
б) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете -түсіндіру
Сабақтың әдісі: Білім көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, практикалық.
Білім – біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:

Windows терезесі ұғымын;
терезелерді көрсету нұсқаларын;
активті терезе ұғымын;
меню қасиеттері мен анықтамасын;
қолданбалармен жұмыс істеу негіздерін;
терезенің негізгі элементтерін;
құрал-саймандар тақтасының арналуын;
активті терезе белгілерін;
команданың активтілігінің белгілерін. Оқушылар үйренуі тиіс:
терезелерді экранда үш түрде көрсетуді;
активті терезені анықтауды және терезені активтеуді;
терезелердің көлбеу созылған менюін қолдануды;
Windows оқулығымен жұмыс жасауды;
маустың көмегімен қолданбаларды іске қосуды;
айналу жолағын қолдануды.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ
Пән аралық байланыс: Физика, математика
Оқыту құралдары: Кітап, ережелер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: Оқытушы Оқушы Күтілетін нәтиже

I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқы кіріп, оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру. Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша, сұрақ-жауап
III.Жаңа материады хабарлау:

ТЕРЕЗЕЛЕР.

Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.
Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты сегменті.
Терезелердің әрбір түрін оқушыларға компьютерде көрсету керек.
Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:
толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);
қалыпты - терезе экранның бір бөлігінде орналасады;
белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар
зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:
терезені есептер тақтасындағы жазуға жималау;
терезені толық экранның бетіне жаймалау;
терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).

Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.
Активті терезе
Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.
Меню Меню-бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.
Менюдің қасиеттері: Менюдің бірнеше деңгейлері болады: 1-ші деңгейі – «Бас меню» және оған бағынатын «Бағыныңқы меню». Меню таңдау бостандығын ұсынады. Белгілі бір менюде дер кезінде таңдауға мүмкін емес объектілер болады.

Менюде үш түрлі пункттер бар, яғни менюдің кез келген пункті мыналарды белгілей алады;
нақты бір операцияны (әрекетті)
ауыстырып –қосқышты;
таңдау өрісін.

Қолданбалармен жұмыс істеу.
Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу - қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу – бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.
Windows-қа сәйкес орындалатын бағдарлама әдетте оның функцияларымен байланысты сурет пен қолданбаның аты бар түрлі түсті белгішемен жабдықталады. Бағдарламаны іске қосу үшін маусты екі рет шерту жеткілікті немесе оның атын командалық жолда теру керек. Windows-тың әрбір қолданбасының терезесінің екінші жолын алатын көлбеу (Бас) менюі бар. Бұл менюдің пунктін таңдағанда созылған меню ашылады. Бұдан басқа, контексті (қалқып шығатын) меню жиі қолданылады.
Көзге арналған жаттығулар
1. 1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,
1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет. 4-5 рет қайталау қажет
2. 1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап, 4-5 рет қайталау керек.
3. 1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.
4. 1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.
IV. Жаңа материалды бекіту
Сұрақтар мен тапсырмалар
Бақылау сұрағы: Қолданба дегеніміз не?
(Қолданба-бұл тек Windows - жүйесінің басқаруымен жұмыс жасайтын бағдарлама)
ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1. Тапсырма Сөзжұмбақ
Тапсырма тақырыпты компьютердің экранында терезенің әрбір элементін көрсетіп және олардың арналуын айтып түсіндіру барысында орындалуы керек.
Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек?
Құрал-саймандар тақтасында жиі қолданылатын командаларға жылдам қатынауға арналған белгішелер мен батырмалар бар.

2. Тапсырма. Келесі әрекеттерді құрал-саймандар тақтасының қандай батырмасының көмегімен орындауға болатынын көрсет.
Тапсырма тақырыпты меңгеруін тексеруге арналған. Көрнекілік үшін түрлі түсті қарындаштар қолдануға болады.
Түрі
Басқа қапшыққа ауысу
Буферге жою
Жою
Қасиеттер
Буферден кірістіру
Бір деңгейге жоғары ауысу
Орындатпау
Алға қарай өту
Буферге көшу
Кері ауысу
ШИЫРУ (АЙНАЛДЫРУ) ЖОЛАҚТАРЫ

3. Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Тапсырма тақырыпты меңгеруін тексеруге арналған.
Қандай құрал-саймандарды пайдалану керек?
Бір жолға жоғары шиыру үшін 1
Бір жолға төмен шиыру үшін 3
Бір жолға солға шиыру үшін 6
Бір жолға оңға шиыру үшін 4
Нақты бір жерге өту үшін 2,5
Терезедегіні оңға немесе солға үздіксіз шиыру үшін 4,6
Терезедегіні жоғары немесе төмен үздіксіз шиыру үшін 1,3

ТЕРЕЗЕЛЕР АРАСЫНДА АУЫСУ

4. Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Бұл сұрақтарға оқулықтың тиісті параграфының конспектісін жазу барысында жауап беруге болады. Тапсырма берілген тақырыпты оқушылардың меңгеруін тексеру үшін де қолданылады.
АКТИВТІ ТЕРЕЗЕНІҢ
белгілері қандай? Терезені АКТИВТІ
түрге қалай келтіреміз?
Активті терезе басқаларының үстінде орналасады. Тақырыбы қоңырқай түспен белгі-ленген және оған сәйкес есептер тақтасындағы батырмасы басулы болып көрінеді.
Бірінші тәсіл: терезенің кез келген жеріне шерту керек.
Екінші тәсіл: есептер тақтасындағы сәйкес батырманы шерту керек.

СҰР КОМАНДАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН БАҒЫНЫҢҚЫ МЕНЮ

5. Тапсырма. Сөйлемді аяқта.
Тапсырма тақырыптың конспектісі болып табылады немесе оны оқушылардың білімін тексеру үшін қолдануға болады.
• Егер команда СҰР түспен салынған болса, онда оған қатынау мүмкін емес, яғни ол активті емес болып табылады.
• Оны активтеу үшін объектіні ерекшелеу керек.
• Белгішесі функцияның активті жағдайда екенін білдіреді. Оны алып тастау үшін, осы команданы шерту керек.
• Белгішесі команданың бағыныңқы менюі(қосымша менюі) бар екенін білдіреді. Мұндай команданы таңдағанда, экранға бағыныңқы меню шығарылады.
V. Үй тапсырмасы
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері. 6 - тапсырма
2) Оқушыларды бағалау
VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
13 412
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Файлдар, бумалар, жарлықтар
Файлдар, бумалар, жарлықтар
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
Терезелер
Терезелер
«Зеленов ауданы, Махамбет жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі: Н.Алишева
Windows терезелері
Windows терезелері
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылы. Информатика пәні мұғалімі Ботабаева Жадыра
Терезе. Терезе элементтері
Терезе. Терезе элементтері
Информатика пәні мұғалімі: Бұзауова Айгерім
Терезелер
Терезелер
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы, Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×