Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Windows терезелері

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Терезелер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Windows терезелері ұғымы, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің элементтері, терезе түрлері жайлы мәліметтер беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың компьютерлік сауаттарын ашу, операциялық жүйе ұғымы және олардың элементтері туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа дағдыландыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, үлестірмелер, слайдтар
Пән аралық байланыс: өмірмен.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқу құралдарын және сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3. 1 тақырып бойынша сұрау.
1. Windows операциялық жүйесінің объектілерін ата?
2. Команда дегеніміз не? Қаншаға бөлінеді?
3. Қапшық дегеніміз не? Қанша түрі бар?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: ойын элементтерін пайдалану.
1. Жұмбақ жасыру арқылы топқа ат беру:
♦ Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
♦ Ақпараттарды қағазға басып шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады. (принтер)

2. Ауыстырмақ ойыны. Төмендегі сөз тіркестерін қысқа сөздермен немесе бір ғана сөзбен ауыстыру керек.
1. Ақпаратты автоматты түрде өңдеу құрылғысы......... компьютер
2. басқарушы монипульятор............... тышқан
3. есте сақтау құрылғысы.................. жад
4. адам мен компьютер арасындағы байланыс......... интерфейс
5. компьютердің барлық құрылғысының жұмысын басқару құрылғысы........... процессор
6. сандық және символды ақпараттарды енгізу құрылғысы.......... пернетақта.

3. Кім жылдам ойыны (электронды оқулық тапсырмаларын орындау). 8, 9 тапсырмаларды орындау.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

V Жаңа сабақты меңгерту: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады.
Терезе дегеніміз жақтаулары арқылы шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. Windows ож жұмыс істеу барысында бір мезгілде бірнеше терезелермен Тапсырмалар тақтасында батырмаларды қолданып ауыса отырып жұмыс істеуге болады.
Терезенің төрт түрі бар:

Терезе элементтері:
● Жүйелік меню белгішесі - басқарудың қарапайым командалары тізімін ашады.
● Тақырып жолы – терезенің ең жоғарғы шекарасының астында орналасады.
● Басқарушы батырмалар – терезені жаймалау, жималау, жабу батырмалары
● Шекаралар - терезелердің төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар
● Меню жолы – бүл берілген терезеде орындауға болатын командалар тізімі.
● Құрал саймандар тақтасы – бұл жиі қолданатын командаларға жылдам қатынасуға арналған белгішелер мен таңбалар бар қатар.
● Жұмыс аймағы – бұл объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы.
● Айналдыру жолақтары – сырғытпа арқылы жоғары немесе төмен және оңға немесе солға жылжыту арқылы жұмыс аймағы көру.
● Қалып күй жолы

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі:
● Жималау (свернуть) – батырманы шерту арқылы тапсымалар тақтасына уақытша жинау;
● Жаймалау (развернуть)- бұл батырма терезені экран өлшеміне дейін өзгертеді;
● Закрыть (жабу)- бұл батырма терезені толық жабу, яғни жұмысты аяқтау.

VІ. Жаңа сабақ түсінігін тексеру сұрақтары:
4. Сиқырлы терезе: сиқырлы терезеде үш ғұламаның пікірлері бар. Терезелер қола, күміс, алтыннан тұрады. Ал оларды оқу үшін сиқырлы терезелердегі тапсырмаларды орындаймыз.

Тезере тапсырмалары:
• Қола терезе сұрақтары:
1. терезе түрлерін ата
2. терезе элементтері

• Күміс терезе сұрақтары
1. Тапсырмалар тақтасы бұл........
2. Тышқанның көмегімен не істеуге болады?

• Алтын терезе сұрағы
1. Қателерді анықтау. (Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта):
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбу үшін джойстик қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндер тыңдап, калонкаға құжаттарымды сақтаймын.
Жауабы: 9 қате
2. Терезе, шекара, жұмыс алаңы, тақырып жолы, меню жолы, жималау, айналдыру жолағы.

VІІ. Оқушы білімін талдау, бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру: 3. 2 тақырып бойынша оқып келу.
4 498
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы, Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Жем қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
Терезелер
Терезелер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сатығалиева Роза
Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика оқытушысы Тилемисова Майра Жорлмұратқызы
Терезелер
Терезелер
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы, Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×