Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инфобілгірлер

01 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара
«ИНФОБІЛГІРЛЕР»
5 сынып оқушыларына арналған ойын
Сабақтың тақырыбы: Инфобілгірлер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Әр топқа 5 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл - өнер” (Әр топқа жұмбақталып 2 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).
ІІІ. “Логикалық ойлау” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)
VI. “Көкпар”(сайыс түрі – айтыс. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды ).

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Инфобілгірлер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Инфобілгірлер» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай топ қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.
1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
5. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (вирус)
II топ.
1. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)
2. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )
3. Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және 1)
4. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)
5. Бас әріп режимін іске қосатын перне? (Caps Lock)
Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
3 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе

“Тіл - өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнын тұрған әлек. (монитор - монитор - monitor)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (тікенекгүл - кактус - cactus)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта - клавиатура - keyboard)
5. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тышқан - мышка - mouse)
6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш - линейка - a ruler)
7. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тышқан - мышь - mouse)
8. Жақтаулар арқылы шектеледі,
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеледі. (терезе - окно - windows)

Жүргізуші:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, - дей келе

“Логикалық ойлау” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Логикалық сұрақтар:
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
неше стакан қалды? - 3 стакан
3. Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары
5. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.
Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп,
ІІІ кезең бойынша топтардың ұпайын санаймыз.

Жүргізуші: Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
Жүргізуші:

V. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?

Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы
№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Дайындаған: информатика пәні мұғалімі: Сарсенбаев Е. Б.
Инфобілгірлер сайыс жоспарын жүктеу
Инфобілгірлер жүктеу
10 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үздік информатик
Үздік информатик
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Информатикадан сайыс
Информатикадан сайыс
Информатикадан сайыс 5-6 сыныптар
«Информатика дарабозы»  атты сыныптан тыс шара
«Информатика дарабозы» атты сыныптан тыс шара
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы №1 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Абаданова Алия Сабырбаевна
Сынып көшбасшысы (интеллектуалды ойын)
Сынып көшбасшысы (интеллектуалды ойын)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, "№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп" мемлекеттік мекемесінде информатика пәні мұғалімі Джолдасова Багила Новчабаевна
«Озық ойлы оқушы» сыныптан тыс жұмыс
«Озық ойлы оқушы» сыныптан тыс жұмыс
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×