Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сынып көшбасшысы (интеллектуалды ойын)

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
"№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп" мемлекеттік мекемесінде
информатика пәні мұғалімі Джолдасова Багила Новчабаевна

«Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойыны
Слайд 2 Ойынның мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған бетшелер, қанатты сөздер: «Информатика болашаққа бастайды», «ХХІ ғасыр - компьютер ғасыры», «Компьютерді меңгеру өмір талабы», слайд.

Ойынның жүрісі:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, әділ - қазылар алқасы, оқушылар. «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.
Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз:
(Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру)

Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық: (әділ қазылар алқасын таныстыру)
Мұғалім: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып,

«Бәйге» турын бастаймыз.
Ойын шарты: Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер қате жауап берсе, сол ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады.
Слайд 4 І тур «Бәйге»
1. Ақпараттық процессорды жүзеге асыратын негізгі құрал. (компьютер)
2. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60 - 70 см)
3. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы. (сканер)
4. Компьютердің «миы» ең басты бөлігі. (процессор)
5. Принтердің неше түрі бар? (3)
( матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік )
6. Графикалық редактор. (Paint)
7. Мәтіндік редактор. (Word, WordPad)
8. Компакт - диск оқу құрылғысы. (CD=ROM)
9. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)
10. Компьютер ауруы. (вирус)
11. Windows деген не? (терезе, ОЖ)
12. F1 пернесінің қызметі. (анықтама, көмек беру пернесі)
13. Компьютердің құрылғысы неше бөліктен тұрады?. (2)
14. Пернетақта неше бөліктен тұрады? (4)
15. WordPad редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск - программы - стандарный - WordPad)

Мұғалім: «Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.»,- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл - өнер» деп аталады. Сендерге жұмбақталып жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

Слайд 5 ІІ тур «Тіл - өнер»
1. «Ас - адамның арқауы», ал компьютердің асы... (ток, ток, current)
2. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)
3. Компьютерге ақпарат егнізетін құрылғы /пернетақта, калвиратура, кей
4. Біз мектепке келген кезде алғашқы қолымызға не ұстаймыз? /қалам, ручка, peinl
5. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. (терезе, окно, windows)
6. Компьютерді миы /жүйелік блок, процессор, systemblok/,/
7. Дыбыс шығарғыш құрылғы /колонка, дыбыс, шығарғыш,
8. Сәлем ненің патшасы. (сөз, слово, word)
9. Кітап ненің бұлағы. (білім, знание, knowledge)
10. Тышқанның неше батырмасы бар? /үш, три, cri/
Мұғалім: 2 тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз.
Көрермен жиналған біл тамашаға,
Құр қалып, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 794
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пән мұғалімі: Домаева Гаухар
Ақпараттық калейдоскоп
Ақпараттық калейдоскоп
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Дуйсенбинова Жанна Орынғалиқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×