Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика пәні және ағылшын тілін кіріктіріп оқыту

20 сәуір 2021, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика пәні және ағылшын тілін кіріктіріп оқыту
Жамбыл Бақдулет
№56 жалпы білім беретін орта мектеп, Ақтөбе қаласы
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Осы орайда «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл!» деген аталы сөзді негізге алып, қазіргі таңда басты мәселеге айналған үш тілділікті де өз тәжірибемізде қолдану, бала болашағына жақсы жол салары сөзсіз.
Үштілділікті оқыту барысында мнемотехникалық әдісі балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Мнемотехникалық әдістің міндеті: шет тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы. Заман талабына сай мнемотехникада ақпараттық технологияны тәжірибеге енгізу негізінде «бейнекөрсетілім» әдісі, интерактивті – мультимедиялық әдістерді қолданудың пайдасы зор. Интерактивтік жаттығулар - балаларға жаттағуларды дұрыс жасауға және өзін - өзі тексеруге қажетті құрал.
Үштілді меңгерту барысында сөздік жұмыстың алар орнны ерекше.
Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, баланың жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай - ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға көмектеседі.
«Үш тілде білім беруді дамытудың 2015 - 2020 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламаны жүзеге асыру бойынша информатика және тілді кіріктіріп оқыту бойынша оқу - әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады.
Кіріктіре оқыту - оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір - бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Кіріктіре оқытуоқущылардың меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады.
Кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс - әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық өндірістік т. б. қызметтерде жан – жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Кіріктіре оқыту ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады. Оқушылардың іс - әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді.
Кіріктіре оқытудың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі кіріктіре оқыту бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі - түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың оқу - танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда кіріктіре оқыту мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Оқушыларды кіріктіре оқыту негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде түсіндірмелі - иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы пәнаралық мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және шығармашылық іс - әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.
Кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс - әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық өндірістік т. б. қызметтерде жан – жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Кіріктіре оқыту ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады. Оқушылардың іс - әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді.
Мектепте информатика пәнін оқытудың негізгі міндеті – ақпараттарды түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға өз үлестерін қосатын деңгейге жету үшін мектепте информатика пәнін түрлендіріп қызықты оқу тәсілдерін қолдану қажет.
Мен сіздерге информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру барысында ағылшын тілін кіріктіріп өткізуге дидактикалық материалдар үлгісін ұсынып отырмын. Осы мақсатта 5 сыныптарда кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру жолдарына тоқтала кетейін.
3 196
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.
Мұғалім қандай болуы керек? Бұл сұраққа мұғалім білімді, кәсіби шебер болу керек деп оңай жауап беруге болады. Мұғалімге тек кәсіби шеберлік пен білім жетпейді.
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Жақсыбай Ардақ Ермекқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп – бала бақшасы биология пәні мұғалімі
Тұлғаға бағытталған білім – білім беруді жаңартудың басты бағыты
Тұлғаға бағытталған білім – білім беруді жаңартудың басты бағыты
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектебінің директоры Жолдыбаева Куляш Рахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×