Жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.
Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияларда басты міндет – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Жаңа технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар керек: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу, оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру, оның ғылыми – әдістемелік, оқыту – әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі
- Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту
- Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту
- Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту
- Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту
- Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
- Оқу үрдісін оқушының сезінуі
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар: педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу, оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын қарастыру, оқу модулін құрастыру, оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру, оқушылардың жаңа материалдарды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау, оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.
Педагогикалық технологияны игеруге қойылатын жаңа міндеттерді меңгеру оқытудың ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу – тәрбие үрдісін ұтымды әрі үйлесімді жобалап, ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей байланысты.
Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің өзара байланысы негізінде оқу – танымдық іс – әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекетін белсендірудің шығармашыл әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект – субъект ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп «әрекет етуге», сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір – бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір – бірінің жауаптылығын сезінеді.
Жаңа технология қолдануда практикалық тұрғыда зерттеуші қажет ететін дидактика міндеттерінің бірінен саналады. Жаңа технологияны пайдалану мұғалім мен оқушының қарым – қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды қалайды. Педагогикалық үрдісте жаңа технологияны енгізіп, пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайды.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында, соның ішінде, білім беруде жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру, осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алады. Осыған орай, қазіргі мектептерде оқу – тәрбие үрдісіне енгізген жаңа педагогикалық технологиялар оқушыларды тиімді білім алу жолдарымен және тұлғаның жеке қалыптасуындағы іс – әрекеттеріне кең түрде қолданылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2003
2. «ХХ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2006

Жаңалықтар
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 8 - бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.