Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі

20 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс - шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең - кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі.

№19 орта жалпы білім беретін мектеп
ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғалымжанқызы Жанат

Толық нұсқасын жүктеу
44 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үштілділік - рухани жаңғыру
Үштілділік - рухани жаңғыру
Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір - бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,- деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен.
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» Білекке сенген заманда Ешкімге есе бермедік. Білімге сенген заманда, Қапы қалып жүрмелік
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы, №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
We learn English
We learn English
to develop pupil’s interest in the subject of English, to widen pupils scope (country knowing) according to the intercommunication by subjects: Russian, Kazakh.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі: Батимова Гүлжайна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×