Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsoft Word мәтіндік редакторы

11 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторы: мәні, мәзір, құралдар тақтасы, режимдер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD - ты іске қосу, мәні, мәзір, құралдар тақтасы, режимдер туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Ойын, практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, практикум.
Сабақ бөлімдері
1. «Кім білімпаз?» үй тапсырмасын сұрау
2. «Сөз тапқанға»
3. «Кім жылдам, әрі тапқыр»
4. «Білгенге маржан» жаңа сабақты түсіндіру
5. Қорытынды. Үйге тапсырма
1бөлім «Кім білімпаз?» үй тапсырмасын сұрау
«Сөз тапқанға» - бұл бөлімде оқушыларға аралас сұрақтар қойылады Мұнда әр ойыншы бір - бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1 топқа сұрақтар:
1. Интернет не үшін керек?
2. MICROSOFT фирмасының президенті?
3. Компьютердің бағасы қанша?
4. Компьютер не үшін қажет?
5. Кітапханадан қандай кітап алдың?
6. Ноутбук сатып алғың келе ме?

2 топқа сұрақтар
1. Компьютер алдында қалай отыру керек?
2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
3. Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?
4. Вирусты қалай жояды?
5. Интернеттен не іздейсің?
6. Агентте кімге хат жазасың?

Кім жылдам әрі тапқыр бөлімі
Оқушылар компьютермен жұмыс істейді:
1. Күн мен уақытты қалай қоямыз?
2. Жұмыс үстелінің бетін қалай өзгертеміз?
3. Қыстырма бетті қалай қоямыз?
4. Жаңа қапшықты қалай құрамыз?
5. Жоғалған файлды қалай табамыз?
6. Файлды қалай архивтейміз?
7. Power Paint пен WordPad редакторының айырмашылығы
8. Операциялық жүйе дегеніміз не?

5 - Бөлім «Білгенге маржан»Жаңа сабақ
III. Жаңа сабақты түсіндіру
MS WORD – WINDOWS үшін кең тараған мәтіндік процессор және қосымша программасы. Ол мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез - келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы; басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып, осы ортада енгізуге болады. Жалпы Ворд редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал макетін көбейте отырып, тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған Мұнда құжаттармен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер жазылып, бірден орындалатын ішкі макпрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с.с. жетіп жатыр.
Microsoft Word-ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.
Пуск – Программы – Microsoft Word
MS WORD мәтіндік редакторы іске қосылғаннан кейін экранға құжаттың мәтінін бірден теруге болатын бос терезе ашылады.
Терілген мәтінді сақтау үшін ФАЙЛ - СОХРАНИТЬ КАК – ты орындайды.

Қорытынды
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: 7 - тарау MS WORD мәтіндік редакторы 62 - 67 бет
РЕФЕРАТ ЖАЗЫП КЕЛУ
9 855
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Microsoft Word - ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру
Microsoft Word - ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Microsort Word мәтіндік процессоры
Microsort Word мәтіндік процессоры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Назгүл Қыдырқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік процессоры. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды MS WORD
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×