Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаусыз мүшелер

01 наурыз 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: А) Тұрлаусыз мүшелерден алған білімдерін пысықтау, тәжірибеде қолдану, жеке, топтық жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру.
Ә) Қабілетіне қарай оқи білуге, өзіндік пікірін айта білуге машықтандыру.
Б) Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, іскерлік, дағдыны қолдану сабағы
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, Жеке - топтық жұмыс, М О Т (Модульдік оқыту технологиясы)
«Эстафета», «Қатені тап», «Аквариум тәсілі» оқыта - үйрету ойындары
Сабақтың көрнекілігі: Модуль № 3 Тұрлаусыз мүшелер Н. Т. С: Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
Үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сыныпты үш топқа бөлу
2. Өткен сабақты пысықтау
Тұрлаусыз мүшелер
1. «Эстафета»оқыта үйрету ойыны
(Оқушылар алдарына берілген қағазға берілген тапсырманы 2 минут ішінде жазып шығады)

Тапсырмалар:
1. Толықтауыш
2. Анықтауыш
3. пысықтауыш

«Өз жартыңды тап»
(қағаздың жартысында берілген тапсырманы іздеп тауып, жұптасып жұмыс жасайды)
Тапсырмалар: 1 - топ

1. Мезгіл пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(жас уақытында Төле би мен Әйтеке би Қазыбекті сынамақ болады.)
2. Қандай жер жетім, ел жетім, сөз жетім?
(Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.)
3. Амал пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
( қуаныштан шаттана айқайлады.)

2 - топ
1. Қандай есікті қалай жаппау керек?
Қандай досты ренжітпеу керек?
(Қайтып кірер есігіңді қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа ауыр сөз айтпағайсың.)
2. Тура толықтауышы бар сөйлемді қайсы?
(Сен құрметте оны.)
3. Үйірлі пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(Сырым ат жалын тартып мінген жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.)

3 - топ
1. Ағайынның қадірі қашан білінеді?
(Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің)
2. Мақсат пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(Өзің үшін үйренсең, ашыларсың жылма - жыл)
3. Бір деген не, екі деген не?
(Бірлігі кеткен ел жаман,
Егесіп өткен ер жаман.)

«Қатені тап»
(көп нүктенің орнына жоқ сөзді тауып қойып, қай мүше екенін айту)
1 - топ
Анықтауышқа байланысты
..... адам сағыңды сындырмас.
...... адамды халық қадірлейді.

Сабыр түбі........ алтын.
........ ағаш үй болмас.
......... жігіт би болмас.

Атадан......... ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.

......... бас ұстазы ата - ана.

2 - топ
Пысықтауышқа байланысты

Үйдің жылы - суығын
......... білерсің.

........ тұрған әйелдің бір ісі артық.

......... басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Жаманға айтқан ақылың -
.......... атқан оқпен тең.

...... еңбек етсең -
Ернің асқа тиеді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 027
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру, сөйлем ішінен тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимханкызы Актоты
Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау
Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: өтілген материалдар жөнінде алған білімдерін пысықтауы, олардың грамматикалық белгілерін меңгеруі.
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасы Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Хажат Алма
Тұрлаусыз мүше
Тұрлаусыз мүше
Атырау облысы, Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умарова Айнур Камиевна
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрмағамбетова Роза Қылышбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×