Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қ. Бітібаеваның оқыту технологияларын пайдалана отырып, әдебиетті оқыту

30 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қ. Билялов атындағы гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шенгельбаева Гульнур Амангельдиновна

«Филология пәндері мұғалімдерінің» секциясы:
«Қазақ тілінде білім беретін мектептегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану»

Баяндама тақырыбы: Қ. Бітібаеваның оқыту технологияларын пайдалана отырып, әдебиетті оқыту

Оқушыларға білім беруде жаңа технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс - тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.
Қазіргі таңдағы қоғамдағы түбегейлі өзгерістер, егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Сондықтан білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Осыған орай мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті — оқушылардың жан - жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай отырып, әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту, яғни, өзіндік айтар ой - пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Ал, әр ұстаздың мақсаты білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы.

Қанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми - теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, "Абай жолы" эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан - жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, конструкциялау технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс - тәсілдері де осы оқулықта көп жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.
Қ. О. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологиялары - баланы ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін озық әдістер мен тәсілдер. Қазіргі таңда қолданыста жүрген «модель», «жоба», «бағалау парағы», «постер жасау», «миға шабуыл», «технологиялық карта» терминдері ұстаз еңбегінде, оның білім беру әдіс - тәсілдерінде бұрыннанда бар екендігін еңбектерінен көре аламыз.

Қ. Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты оқу құралында: «... әдебиет пәні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді.... Бұл пән жас қауымды мақсатты өмір сүруге үндейді, оны туған анасын сүюден Отанын сүюге, бүкіл адамзатты сүюге дейін жетелейді. Әдебиет пәнінің алдында тұрған осындай қасиетті мақсат ең алдымен сабақ процесінде, оның әр тақырыбында жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан әр сабақты, яғни әр сабаққа бөлінген 45 минутты тиімді етіп ұйымдастыра білу ісі мұғалімнен ерекше творчестволық жұмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді»,- дейді.

Толық нұсқасын жүктеу
19 695
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі - электрондық байланыс,
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Мукажанова Камила Шакеновна «Георгиевка орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылы
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру
Жаңа технологиясы меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×