Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атажұрт (зияткерлік ойын)

29 наурыз 2014, Сенбі
«Атажұрт» зияткерлік ойыны

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті мен ежелгі дәуір әдебиеті турасында алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білім - білік дағдыларын арттыру, әрбір сұраққа ұтымды жауап беруге машықтандыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен іздене білуге, білімділікке, шапшаңдылыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: зияткерлік ойын
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд, бүктеме, қосымша әдебиеттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, класс тазалығына назар аудару.
Класты 3 топқа бөлу.
1. «Тойбастар» тобы
2. «Өтірік өлең» тобы
3. «Тұсаукесер» тобы

ІІ. Мұғалімнің сөзі
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 9 класс оқушыларының қатысуымен өткізілетін «Атажұрт» зияткерлік ойынына қош келіпсіздер!
Қазылар алқасының мүшесі мен ойынның кезеңдерін таныстыру.
І кезең – «Өткел»
ІІ кезең – «Белес»
ІІІ кезең – «Бекет»
ІV кезең – «Асу»
V кезең – «Жерұйық»

І кезең «Өткел»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай қосылады.

І топтың сұрақтары
1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. «Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып.
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?» - үзінді қай жырдан алынған?
3. Тіл тақырыбында 5 мақал - мәтел айту;
4. Айтылуы қиын, жаңылдыру үшін айтылатын не?
5. Бата жыр - шумақтарынан үзінді келтіру;

ІІ топтың сұрақтары
1. Ауыз әдебиетінің түрлері -
2. „Ата - анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім,
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер - ау бастан сәулетім“ - үзінді қай жырдан алынған?
3. Ақыл, оқу - білім тақырыбында 5 мақал - мәтел айту;
4. Қыздың ағайын - туыс, ел - жұрт, әке - шешемен қоштасып айтатын жыры -
5. Бата жыр - шумақтарынан үзінді келтіру;

ІІІ топтың сұрақтары
1. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен айырмашылығы қандай?
2. „Бар екен де, жоқ екен,
Аш екен де, тоқ екен...“- үзінді ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
3. Отан, туған жер тақырыбында 5 мақал - мәтел айту;
4. Көңіл күй жырларына не жатады?
5. Бата жыр - шумақтарынан үзінді келтіру;

ІІ кезең «Белес»

Әр топқа жеке - жеке суреттер көрсетіледі.
Ол не? Ол туралы не білесің?
Ол кім? Қандай шығармаларын білесің?
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


ІІІ кезең «Бекет»

Топ жанашырларына арнайы сұрақ қойылады.
Жауап берсе, 10 ұпай қосылады.

І топ жанашырларына:
Үш жұртты атаңыз.
ІІ топ жанашырларына:
Үш арсызды атаңыз.

ІІІ топ жанашырларына:
Үш мұратты атаңыз.

ІV кезең «Асу»

Әр топқа таңдау еркі беріледі.
Үш жыр бойынша 5 сұрақтан қойылады.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай тиесілі.
Шешуші кезең, өйткені ұпай саны аз 2 топ ойыннан шығарылады.


«Ер Тарғын» жыры
1. «Ер Тарғын» жырының аса бір құндылығы болып табылатын аты аңызға айналып кеткен, тарихта болған, халқымыздың дана ойшылы кім?
2. «Қадір білмес сен итке, Қараша болып не етемін»- кімнің сөзі?
3. Бес жасында - ақ «жас шыбықтан жай тартып», «жалғыз шиден оқ атып» машықтанған кім?
4. Қырық ханның үлкені, Ақжүністің әкесі кім?
5. Ет Тарғынның тұлпарының аты?

«Қыз Жібек» жыры
1. Төлеген Ақ Жайыққа қанша жорға ала кетеді?
2. «Айналайын, Жібегім,
Шыныдан аппақ сүйегің.
Осы емес пе еді Құдайдан
Қарағым сенің тілегің» - кімнің сөзі?
3. Қыз Жібектің келбетін жырда қалай суреттеледі?
4. «Қыз Жібек» кинофильмінің режиссеры кім?
5. Төлеген, Қыз Жібек бейнесін сомдаған кімдер?

«Біржан мен Сара» айтысы
1. Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы 1834 жылы дүниеге келген кім?
2. «Абайға тамам елің Найман жетпес
Зейіні түпсіз дария көзің жетпес...» кімнің сөзі?
3. «Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын» деген кімнің сөзі?
4. «Кестенің бізі сала алмас өрнектер» кімнің сөзіне тән?
5. «Бар екен жаннан артық сөйлер сөзің...» кімнің сөзі? Кім туралы?

V кезең «Жерұйық»

Қанатты сөздің авторын табу керек.

«Ауыз әдебиеті көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан» кімнің сөзі?
ІІІ. Қорытынды
Қорытынды сөз кезегі қазылар алқасының мүшесіне беріледі.
7 213
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Мұхиттар мен материктер географиясы бойынша оқушылардың деңгейін анықтау.
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Процент
Процент
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, "Георгиевка орта мектебі" ММ математика пәні мұғалімі Мукажанова Камила Шакенона
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы Қызылорда қаласы №7 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×