Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»

01 ақпан 2015, Жексенбі
Сабақтың мақсаты:
1. Аты аңызға айналған қазақ елінің батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен шығармалары туралы түсінік беру.
2. «Жауынгер тұлғасы» атты шығарманы оқыта отырып, Ұлы Отан соғысы, қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, олардың жарқын тұлғалары жайлы ұғындыру.
3. Жас ұрпақты батырлыққа, қайсарлыққа, ұлтжандылыққа баулу, жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау (Блум таксономиясы), топтық жұмыс, формативті бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Момышұлының шығармалары, суреті, слайдтар, түрлі кестелер мен сызбалар, әдеби көрме.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
ә) Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смай - ликтерді таратамын. Сабақ басында және сабақ соңында өз көңіл күйлерін смайликтер ар - қылы көрсетеді.
Қызығушылықты ояту.
Топқа бөлу: «Әлия, Мәншүк, Бауыржан» есімдерімен топқа бөлінеді. Әр топ өз атауларын сызба түрінде жазып, қорғап шығады.

Ой қозғау.
Топтық тапсырмалар. Берілген тапсырмаларды топ мүшелері біріге отырып орындайды.
1 - топ. ҰОС туралы әңгімелейді.
2 - топ. Қазақстандықтар ҰОС - нда.
3 - топ. Майдангер қаламгерлер.
(Слайдтармен жұмыс)

Мағынаны тану.
Шығарма бөлімдері бойынша жұмыс.
1 - топ: Генералдың Момышұлымен сөйлесуін баяндау.
2 - топ: Мәскеу түбіндегі шайқасты сипаттау.
3 - топ: Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру ( Бауыржан, Мұқаметқұл, Серебряков)
(Сызбамен жұмыс)

Ой толғаныс.
Мәтінмен жұмыс. Топтарға шығарманы бөлімдер бойынша бөліп беру.
1 - топ: Әңгімеде кездесетін мақалдарды теріп жазу.
2 - топ: Ерлік, батырлық, қырағылық туралы мақал - мәтелдерді жазу.
3 - топ: Бұл қандай соғыс?- тақырыбында мәтін құрау.

Қорытынды.
Кім жылдам?
Берілген сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап берген топ жеңімпаз болады.
1. ҰОС қай жылдары болды?
2. Қазақстандық батырларды ата.
3. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған кімдер?
4. Майдангер жазушыларды ата.
5. Қандай батыр қалаларды білесіңдер?
6. Момышұлы соғыстан кейін қандай қызметтер атқарды?
7. Момышұлының келіні кім?
8. Панфилов кім?
9. Сыбағасын бердік, ет жемесе де, сорпа ішкендей болып, беті қайтты. Кімнің сөзі?
10. Момышұлының соғыс тақырыбына жазған тағы қандай шығармаларын білесің?

Рефлексия:
Бағалау: Бағалау парақшаларын толтыру. Әр топ сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға ұпай береді. Кім көп ұпай алса, сол оқушы үздік бағаға ие болады.

Үйге тапсырма:
• «Бейбіт өмірдегі батырлық» тақырыбында шығарма жазып келу.
• Үзіндіге жоспар құру.
• Б. Момышұлы туралы қосымша деректер іздеу.
24 152
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата - бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; көркем прозаға деген қызығушылыққа, халықтық салт - дәстүрін түсіне білуге тәрбиелеу;
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2 - сағат)
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2 - сағат)
Бауыржан Момышұлының тұлғасы, қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Оқушыларды алған жаңа материалдары бойынша жұмыстану дағдыларын қалыптастыру;
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурушева Ақкүміс Мұқташқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×